Гаухар Әлімбекованың бұрынғы құрбысы әншіні тағы сотқа берді — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Белгілі әнші Гаухар Әлімбекованың ісі мүлдем басқа арнаға бұрылуы мүмкін. Осыған дейін әншіге алдамдым деп сотқа беріп, әрі сотта жеңіп шыққан Бақыт Назарова аппеляция берілуі себепті бостандықта жүрген Гаухар Әлімбекованың үстінен тағы да сотқа арыз түсірді.
Бұл туралы 31 арна хабарлады, деп жазады Stan.kz.
Бақыттың Назарованың айтуынша, әнші әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратып, абыройын аяқ асты қылған. Соның кесірінен Назарова көшеге қалдым, деп шағымын жеткізді.
Дүйсенбі – Бақыт Назарованың жалғыз демалыс күні. Басқа күндері жан бағу үшін «барахолға» аталып кеткен ашық базарда сауда жасайды. Жасы алпысқа жақындаған әйелдің жұмыс істеуден басқа амалы жоқ. Ай сайын алқымнан алатын 330 мың теңге несием бар дейді, ол.
Алайда, бұрынғы құрбысы Гаухар Әлімбекова екеуінің арасындағы баспана дауынан кейін Бақыттың базарға шығып, нәпақасын табу да қиындап кетті.
«Мені танып қалған адамдар келіп, «саған осы не керек? Проблема іздеп жүрсін ба? деп ауыр сөздер айта бастады. Мен қорқа бастадым. Өзім несиемді төлей алмай қысылып, қарызданып жүргенде бұл оқиға менің жүрегіме әсер ете бастады. Мен адам көрсей дірілдейтін болдым»,- дейді Бақыт Назарова.
Ал Әлімбекованың жүрегі аса қатты дірілдемейтін сияқты. Ақ гипске оралған қолына қарамастан Ақбота Керімбекованың тойына барып, келінін қарсы алды. Тіпті, орындалған арман деген ән де жазып үлгеріпті.
Бақыттың жанына батқаны әншінің әлеуметтік желіде өзін жеңзеп, қаралауы. Осыдан кейін Назарова бүгін Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына арыз жазып, президенттің атына хат жолдапты.
«Себебі, Әлімбекова өзінің инстаграм парақшасында мені «Б әпке тойға барғанымды, ән салғанымды көре алмай, үстімнен арыз жатып жатыр екен» деген жазған ақпарат таратып отырды. Алғашында мен оған мән бермедім. Себебі, жеке арымның алдында таза болғандықтан, жарайды ештеңе етпейді деп отыра бергем»,- дейді жәбірленуші Назарова.
stan.kz