Павлодарда 337 млн теңгеге қытай тілін үйрететін балабақша ашылғалы жатыр

0

Павлодар қаласында қытай тілін үйрететін лингвистикалық балабақша ашылады. Жаңа ғимарат бұрынғы «Стикс» мектебінің орнында болады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі caravan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаланың Білім бөлімінің бастығы Амангелді Иманберлиновтың айтуынша, екі қабатты ғимаратты жалға беру туралы тендер  26 ақпанда өткізілген. Оны ЖШС «Заман Альянс» ұтып алған.

Жаңа ғимараттың ашылуына инвестор 337 млн теңге бөлуге дайын. Балабақша 2-ден 5 жасқа дейінгі шамамен 230 бала қабылдайды деп жоспарлап отыр. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемеде кәріс, қазақ, ағылшын тілдерін де оқытады.

Ол жерде музыка, балет пен актерлік шеберлік үйірмелері де болады және балаларға домбыра, қобыз үйретеді. Бұл Павлодар облысындағы ең алғашқы заманауи балабақша болады деп жоспарлап отыр.

Аталмыш мекемеде балаларды кешкі сағат 20-00-ге дейін қалдыруға болады. Ата-анасының қалауымен, балабақша тіпті демалыс күндері де балаларды қарап, оқытады.


Тегтер:қытай тілі