Шығыста қазақ мектептерінің саны артып келеді
Кеше Курчатов қаласында «Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында салынған 600 орындық мектеп ғимараты ашылды. Жаңа білім ордасының берілуімен, қалада үш ауысыммен оқу мәселесі шешімін тапты.
Курчатов қаласында жаңа мектеп салу үшін «Нұрлы Жол» бағдарламасының аясында 867 млн. теңге қаражат бөлінген болатын. Жаңа жылдың алғашқы күндерінде ғимараттың құрылысы толығымен аяқталып, білім ордасы өз есігін айқара ашты.
Жаңа мектепте оқу үрдісін ыңғайлы ету үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Сыныптар компьютерлік техникамен, интерактивті тақталармен, көрнекті әдістемелік құралдарымен жабдықталған. Сонымен қатар мектептің аумағы дене шынықтыру-спорт және әртүрлі жастағы оқушыларға арналған қимыл-қозғалыс ойындар алаңдары бар демалыс аймақтарына бөлінген.
Ең бастысы – жаңа білім ордасының қолданысқа берілуімен қалада үш ауысыммен оқу мәселесі біржола шешімін тауып отыр