18 жыл жасырынып жүрген: Қазақстан іздеуге жариялаған киллер Ресейде ұсталды — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Ресейлік құқық қорғаушылар адам өліміне күдікті азаматты ұстады. Ол 18 жыл бойы Интерпол желісі бойынша халықаралық іздеуде болған. Қылмыскер Қазақстанның сұрауы бойынша іздестірілген.
Бұл туралы Ресейдің Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ирина Волк мәлімдеді, деп хабарлайды «Лента.ру» басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Ирина Волктығ сөзінше, тұтқындалған азамат 2000 жылдардың басында жанына қарулы адамдарды жинап, оларды басқарып, ауыр қылмыстардың жоспарын жасаған.
Қазақстан билігі оны 2001 жылы кәсіпкерді өлтірді деп айыптап отыр. Оны іздестірумен Интерпол айналысқан.
Хабарланғандай, ол Қазақстанға берілді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz