Қарағандыда спорт секциясында 14 жастағы бала көз жұмды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Қарағандының іргесіндегі Дубовка ауылында «каратэ» секциясында 14 жастағы бала жарақат алып, қайтыс болды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«2019 жылы 8 наурызда Дубовка ауылының 14 жастағы тұрғыны жедел жәрдем көлігімен облыстық кардиология орталығына бара жатқан жолда көз жұмды», — делінген полиция таратқан хабарламада.

Тәртіп сақшылары «каратэ» секциясында 14 жастағы баланың дене жарақатын алғанын анықтаған.

«Болған оқиғаның толық мән-жайын және себеп-салдарын жан-жақты нақтылау мақсатында сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның қорытындысы бойынша бапкер мен жедел жәрдем қызметкерлерінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», — дейді облыстық полиция департаментінің қызметкерлері.

Сонымен қатар құзырлы орган мамандары басқа мәлімет ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайтынын атап өтті.



sputniknews.kz