Сократқа дейінгі философия. Сократ философиясы

0

———————————— ———————————— ———-
Сократқа дейінгі философия. Сократ философиясы
———————————— ———————————— ———-
Натурфилософия
———————————— ———————————— ———-
Сократқа дейінгі кезең натурфилософия деп аталды. Натурфилософия табиғатпен байланысты сұрақтарды зерттеді. Натурфилософия әлемдегі иерархияны құрастырумен айналысты. Аспан, жер, жұлдыздар қалай пайда болды деген мәселені зерттеді. Сократ та әлемді түсінгісі келді, бірақ ол басқаша мәнерде қарастырды. Ол құбылыстан құбылысқа өту арқылы емес, жалпыдан құбылысқа қарай беттеу арқылы ізденіс жүргізді. Мысалы: әдемі заттар көп, бірақ әдемілік ұғымын бір затпен ғана байланыстырып қоюға болмайды. Әдемі заттарға ортақ қасиет бар. Оларға тән жалпылықты идея, эйдос деп атауға болады. Эйдос, жалпы идея заттардың мазмұнын, мәнін көрсетеді. Жалпылық сезім арқылы емес, ақыл, ойлау арқылы табылатын болса, онда ол ой, ақыл сферасына жатады, міне осыдан идеализм бастау алған. Сократтың ашқан жаңалығы — жалпылық туралы пікір. Ондағы басты идея — (идея блага) жақсылық, ізгілік мүдде. Әр нәрсенің қажеттілігі осы идеямен анықталады. Сократ үшін этикалық мәселеден жоғарғы мәселе жоқ. Жақсы адамның мәні жақсылықты білгендігі және сол біліміне сәйкес іс-әрекет жасауында. Адамгершілік ақылмен байланыстырылады. Білім қайдан туады? Сократ осы сұраққа пікір таластан туады деп жауап береді: тәсіл, пікір алысу жаңа ой тудырады. ( тәсілдер: ирония, майевтика). Сократ диалектика тәсіліне көңіл бөледі.
———————————— ———————————— ———-

———————————— ———————————— ———-
Софистика дегеніміз — бастапқы теорияны сақтап қалу үшін логика ережелерін субъективті түрде пайдалануды мүмкін етіп қарайтын аргументтердің көп түрінің жиынтығы. Бастапқы деп алынатын теория ақиқат деп қаралады және сынауға, қайта қарауға тиым салынған болады. Софистика әдісі көздегенге жету үшін, соны дәлелдеу үшін семантикалық және логикалық ережелерді пайдаланады. Софизм — бұл еркін таңдалынған ой толғау. Оның негізінде софист адамға о бастан қолайлы альтернативалар жатады. Софист осы альтернативалардың көмегімен кез-келген пікірді дәлелдеп шыға алады. Мысалы: бір афиналық әйел баласын үйреткен: «Қоғамдық істерге араласпа. Шындықты айтсаң, адамдарға ұнамайсың, ал өтірік айтсаң, құдайға ұнамайсың.» Керісінше де дәлелдеп шығуға болады. Софистика адамның таным сферасында шексіз релятивизмді, салыстырмалылықты уағыздайды. Софистика біздің заманымыздан бұрын V-ІV ғасырларда дамыды. Өкілдері Протагор, Гипий, Антифонт. Протагор ақиқатты относительді деп қарастырды. «Адам барлық нәрсенің өлшемі» деген сөз Протагордан қалды. Софистиканың жақсы жағы сол: ол білім жүйесіндегі қайшылықтарды табуға жағдай жасайды. Ескі ілімнен бет-бұрыс жасау керек болған жағдайда софистиканың ролі қажет болды.
———————————— ———————————— ———-

———————————— ———————————— ———-
Милет мектебі — Грекиядағы ең көне материалистік философиялық мектеп. Милет қаласы сауданың, теңізде жүзудің, мәдениеттің ірі орталығы болды, ал бұл жағдайлар Фалес, Анаксимандр және Анаксимен секілді көрнекті милеттіктердің ой-өрісі мен ғылыми ынта-талабының жан-жақты өрістеуіне жағдай жасады. Олар математика, география, астраномия салаларында ғылыми жаңалықтар ашты.
———————————— ———————————— ———-

———————————— ———————————— ———-
Фалес (б.д.д. 624-547ж.ж.) — Милет қаласынан шыққан грек философы және саяси қайраткері. Аңыз бойынша ерте грек жеріндегі жеті данышпанның бірі. Мысыр және Вавилонда математика және астрономия ғылымдарымен танысады. Б.д.д. 585-584 ж.ж. күннің тұтылуын алдын — ала дәл болжаған деген мәлімет бар. Сондай-ақ пирамиданың көлеңкесінің ұзындығы бойынша пирамиданың биіктігін анықтайды.
———————————— ———————————— ———-
Фалес бір жылды 365 күнге, 365 күнді 12 айға бөліп, күнтізбенің (календарь) жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал.
———————————— ———————————— ———-
Ол заттардың алуандылығынан бірегей бастапқы негіз іздеп, оны материалды, нақты зат деп есептеді. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы — су деген пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді.
———————————— ———————————— ———-

———————————— ———————————— ———-
Анаксимандр (шамамен б.д.д. 610-546 ж.ж.) — ежелгі гректің материалист — философы, стихиялы диалектик, Фалестің бас шәкірті. Грекиядағы Табиғат туралы атты тұңғыш ғылыми шығарманың авторы, бірақ бұл шығарма бізге жеткен жоқ. Анаксимандр дүниенің негізі, бастамасы ретінде — архе (негіз) ұғымын енгізді, дүниенің негізі — апейрон (шексіз нәрсе) деп есептеген. Апейронның ыстық пен суықтың қарама-қарсылығы туады; олардың күресі космосты дүниеге әкеледі; ыстық-от ретінде көрініс тапса, суық аспан мен жерге айналады. Анаксимандр материаның сақталу және айналу заңын тұңғыш рет тұжырымдады. Анаксимандрдың космологиялық теориясы бойынша жазық цилиндр формасындағы Жер Ғаламның ортасында тұр. Жер төңірегінде аспанның үш сақинасы: күн, ай және аспан денелері — жұлдыздар айналып жүреді. Тарихта тұңғыш рет эволюция идеясын ұсынды: адам — балықтан пайда болған.
———————————— ———————————— ———-

———————————— ———————————— ———-
Анаксимен (шамамен б.д.д 588-525 ж.ж.) — ежелгі грек материалист — философы, стихиялы- диалектик, Анаксимандрдың шәкірті.Оның ілімінше, барлық нәрсенің бастамасы материадан — ауадан пайда болған, қайтадан ауаға айналады. Ауа шексіз, мәңгі, қозғалыстағы зат. Қоюланғаннан кейін — бұлтқа, суға, жер мен тастарға, сейіліп — отқа айналады. Мұнда санның сапаға ауысу идеясы көрініс тапқан. Ауа бәрін қамтиды: ол әрі жан, әрі ғаламның сансыз заттардың өмір сүретін ортасы. Анаксимен жұлдыздар — от, бірақ оның жылуын сезінбейміз, өйткені олар өте қашықта орналасқан, күн қатты жанып тұрған алып аспан денесі деп үйретті.
———————————— ———————————— ———-
Материализм мен диалектика идеаларын әрі қарай дамытқан Гераклит (шамамен б.д.д 544-483 ж.ж.)- ежелгі грек философ-материалисі, диалектик. Кіші Азиядағы Эфесте туған. Гераклиттің бізге тек үзінділері ғана жеткен Табиғат туралы шығармасы сол заманның өзінде атақты еңбектердің бірі болған. Гераклиттің пайымдауынша дүниенің негізі — от, ол әрдайым өзгеруде әрі қозғалыста. Барлық әлем, жекелеген заттар, тіпті адам жаны да оттан жаралған. Космос баршаға ортақ, оны ешқандай Құдайда, адамда, жасамаған, ол қашаннан болған, қазір де бар, бұдан былайда мәңгі жанып тұратын от, тұтанып және өлеусіреп сөніп бара жатқан оттың өлшемі Зат атаулының бәрі қажеттілікке орай оттан пайда болады, оны Гераклит логос деп атайды. Әлемдік процесс ұдайы қайталанып отырады; ұлы маусым біткен соң заттардың бәрі қайтадан отқа айналады. Табиғат тіршілігі-толассыз қозғалыс процесі, барлық нәрселер, олардың қасиет-күйлері өздерінің қарама-қарсы жағына ойысады: суық-ыстыққа, ыстық-суыққа айналады. Бәрі өзгере отырып жаңарады. Соған орай Гераклиттің атақты тұжырымдамасы қалыптасады: Бір өзенге екі қайтара түсе алмайсың. Гераклит дүниені танып-білуге болатындығына кәміл сенеді, сондықтан адам баласының ақыл-ой қабілетіне бөгет жоқ деп есептеді. Сонымен бірге ол ақиқатты танудың, оған жетудің қиындығын түсініп, табиғат жасырынуды ұнатады деді, данышпан болу үшін көзі ашық, көкірегі ояу болу-жеткіліксіз. табиғаттың сырын ұғу үшін адамның ұлы қасиеті болып табылатын ерекше ойлау қабілеті болуы керек.
———————————— ———————————— ———-

———————————— ———————————— ———-
Пифагоршылдар-б.д.д. 6-ғасырдың 2-жартысында пайда болған философиялық ағым. негізін қалаған көне грек философы, математик және астраном. Пифагордың философиялық теориясы біртұтас жүйе болып қалыптасты. Пифагоршылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды. Сан-негіз; сан-заттар үшін материя; сан-үйлесімді тіркестерге тән ерекшеліктермен қатынастардың көрінісін, арақатынасын зерттей отырып, кез-келген процестердің бастауында теориялық жағынан санмен өрнектелетін жекелеген пропорция, заңдылық бар деген қорытынды жасайды. Бірліктен ондыққа дейінгі сандық қатарды Пифагор дүниенің сандық алуан түрлілігінің түп негізі деп санаған.
———————————— ———————————— ———-
Сандардың қасиеттерін зерттей отырып, Пифагоршылдар жұп және тақ сандарды ашуымен бірге, тік бұрышты және үшбұрышты сандарды сипаттады. Ойдың қалану геометриясы-нүктеге, сызыққа, … жалғасы