Ешкімнің тоқалы емеспін: Динара Сәтжан елді мазалаған сұрақтың нүктесін қойды — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Танымал тележүргізуші әрі кәсіпкер Динара Сәтжан қалталы азаматтың тоқалы екенін жоққа шығарды. Айтуынша, сырт келбеті мен жағдайына қарап, көпшілік оны жоғары лауазымды азаматтың көңілдесі деп санайды. Алайда бүгінгі жетістігіме өз күшіммен жеттім, дейді ол. Бұл туралы Сәтжан Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында айтқан.

Динара Сәтжан

«Егер мен 50 келі артық салмақ қосып, сырт келбетім ешкімді қызықтырмағанда, маған мұндай сұрақтар қойылмас па еді, бәлкім. Бірақ әзірге мен арықпын, жаспын, спортпен шұғылданамын, соған қарағанда мұндай сауалдар маған үнемі қойылатын сияқты. Бұған етім әбден үйренген. Жұрт көңілдесі бар деп үнемі айтады. 

18 жасымда мансабымды ең алғаш бастаған уақытта, әсіресе 26 жасымда, тасым өрге домалаған кезде, бәрі «бір демеушісі бар» дейтін. Алайда, ешқашан қызметте біреумен көңіл жарастырған емеспін. Күйеуім тамаша адам болды, ажырасқаннан кейін де екеуміз арадағы сыйластықты сақтап қалдық. Мені ұнатқан, соңымнан жүрген адамдар болды. Әдемі ғашықтық хикаяларын да бастан кешірдім, бірақ Динара Сәтжанды демеген қалталы адам болған емес», — деді тележүргізуші.

Сөзіне қарағанда, оған пәтер мен көліктерді әкесі мен бұрынғы жұбайы сыйлаған.

«Көбісі ойлайтындай, мен тоқал емеспін. Біреудің тоқалы болуға тым тәуелсіз адаммын, өз-өзімді қамтамасыз ете аламын. Мен махаббатты, шынайы сезімді қалаймын», — деді Сәтжан.

Бұдан өзге, Динара жылына 200 мың долларға (шамамен 75 миллион теңге) жуық ақша табатынын жасырмай айтты. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

 

stan.kz