Ондайларға қыз беріп, қыз алмауды насихаттап жүрем
Ондайларға қыз беріп, қыз алмауды насихаттап жүрем
Бүгін бір əйел енем өлгенше мен хабар алып тұрдым деп мақтанды. Енесі өлген соң сол үйге көшіп барған екен. Мен таң қалып сонда сіз ғана хабар алып тұрдыңыз. Ол жалғыз өзі тұрды ма деп сұрадым.
— Жоқ, шалы екеуі тұрды. Екі жыл бұрын шал қайтыс болды.
— Басқа балалары бар ма?
— Ия төрт ағайынды жолдасым.
Өзім шаруаларым бітпей ашумен жүрген едім:
— Сізді білмеймін, жолдасыңыз да, туыстары да оңбаған адамдар екен. Балаларың бола тұра қартайғанда жалғыз қалудан Құдай сақтасын, — дедім. Бірдеңе десе тағы да сөз естіп қалармын деді ме, — ия, ия деп үнсіз қалды..
Жалпы ата-анасын жалғыз тастап кеткен «зиялы» адамдармен араласпауға тырысам. Ондайларға қыз беріп, қыз алмауды насихаттап жүрем.
Есет Калманов
Фейсбуктегі парақшасынан
Көрілген: 22 Пікірлер: 0