Реферат: Қазақ әдебиеті | Андас Стамбекұлы
Андас Стамбекұлы (шамамен 1804 — 07 — 1924 — 27) — би, батыр. Қарасай батырдың ұрпағы.[1] Саурық батырдың туған ағасы. 18-19 ғ-да Жоңғар, Қоқан хандарының шапқыншылықтарына ұшырап, олармен ұзақ шайқасқан шапырашты тайпасы біраз күйзеліп, кейбіреуі ата қонысынан көшіп кетуге мәжбүр болған. Бабалары қол бастап, ел басқарған А. ата жолын қуып, ат жалын тартып мінгеннен өзінің күш-қайратын шашыраған елді ұйыстыруға жұмсады. Ағайындарын ата қонысына қайтару мақсатымен төменгі Талас бойына дейін барып қайтқан. Өзінің бауырлары Сұраншы, Саурық батырлармен бірге елін сырт жаулардан қорғап, халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. А. ел ішінде «Қара қылды қақ жарған” әділдігімен танымал, аға би атанды. Оның бұл қасиетін Сүйінбай ақын «Андастың әділдігі жұртқа болар, үш жүздің бас тәуібі Құртқа болар” деп жырлайды.
Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!