Курстық жұмыс: | Деректер мәліметтер базасы
Мазмұны
КІРІСПЕ
І Есептің қойылымы
ІІ Есептің алгоритмі
2.1.Мәліметтер базасының кестесін құру
2.2.Кестенің қасиетін беру
ІІІ.Теориялық бөлім.
3.1 Мәліметтер базасын ұйымдастыру
3.2 BDE Administrator
3.3 Paradox форматының кестелері
3.4 Компоненттер парағы
ІV. Программаның баяндалуы.
4.1 Шақыру және жүктеу
4.2 Қажетті техникалық жабдықтар
4.3 Кіріс мәліметтер
4.4 Шығыс мәліметтер
V. Бақылау мысалдарын баяндау
Қорытынды
I. Есептің қойылымы.
Программаға арналған негізгі шарттар және орындау жолдар
Бұл курстық жұмыстың мақсаты- деректер базасын құру және онымен
жұмыс істеу.Олардың қарым-қатынасын құрып,оларға қойылған талаптарды жүзеге асыру. Қатынастар құру барысында “Реляциялық алгебра”- операциясын қолдандық. Қатынастарда келесі шарттар орындалуы тиіс:
1) Атрибуттарға есім берілуі керек және олардың құрылымы біртекті болуы тиіс.
2) Жолдың реттілігі маңызды емес.
3) Атрибуттардың реттілігі маңызды емес.
4) Қайталанатын жолдары болмауы тиіс.
Сонымен қатар біз SQL-тілін қолдануымыз керек. Бір маңызды қасиет SQL-тілі тек “Реляциялық алгебра” оперциясында ғана істейді. Осы жұмысты іске асыру алдында, қатынас құру схемасын сызып ақиқатқа жақын жолын таңдадық. Оның ең тиімді жолы екі кестені қолдану болып табылады.
Тауар туралы автоматтандырылған анықтаманы жасау – еліміздегі фирмалардағы қоймада мыңдаған тауар базасын кішкентай ғана компьютерлік бағдарламаға сыйғызу десе де болады. Фирманың операторы осыншама күрделі ақпарттарды осындай автоматтандырылған программалық қамтама арқылы реттеп отыр.Жасалынған жоба тауарлар қандай да бір ретпен берілген тізімінен тұрады. Жобадағы берілген деректерді пайдаланып тауар жөнінде толық мағлұматтарды алуға болады.
Қоймадағы тауарды автоматтандырудағы біздің мақсатымыз — өте аз уақыт ішінде тауар жайлы толық, нақты мәліметтерді алу.Сонымен қатар мәліметтер қорын пайдаланып, Delphi ортасында жұмыс жасай білу керек.
II.Есептің алгоритмі
2.1 Мәліметтер базасының кестесін құру
Деректер базасын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта тұрады. Кестелер файлдарда сақталып , бөлек құжаттарға немесе электрондық кестелерге ұқсас. Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Бірақ, құжаттарға қарағанда, деректер базасының кестелері көпқолданбалы қатынау режимін қолдайды, яғни бірнеше қолданбалармен бірмезгілде қолданылуына болады. Бір кесте үшін ( деректер, кілттер, индекстер т.б құрайтын ) бірнеше файлдар жасалады. Осылардың ішінде негізгісі болып кестенің атымен аталатын деректер файлы болып есептеледі. Кестені таңдағанда, әсіресе оның негізгі файлы таңдалады. Мыс: dBase кестесі үшін кеңейтіндісі DBF болатын файл, ал Paradox кестесі үшін DB кеңейтіндісі болып табылады. Деректер базасының әрбір кестесі жолдан және бағаннан тұрады, бір типті объектілердің ақпараттық жүйелер деректерін сақтауға негізделген.
Өріс мүмкін болатын типтің деректерін қамтиды. Кестенің негізін оның өрісінің сипаты құрайды. Әрбір кестенің кем дегенде бір өрісі болуы тиіс. Кестенің құрылымдық түсінігі өте кең және оның құрамына:
• өріс сипаты
• кілт
• индекс
• өрістің мәтініне шек қою
• кестелер арсындағы біртұтастықты сақтау
• парлольдер
кіреді. Кестені құрғанда кестенің аты және құрылымы беріледі. Кестенің атын өзгерткенде кесте және оның файлдары жаңа атқа ие болады. Бұл үшін деректер базасының кестелерімен жұмыс істейтін арнайы программалар қолданылады. Мыс: Database немесе Data Pump. Дискіден кестені жойғанда, оның барлық файлдары да жойылады.
Ал енді мәліметтер базасымен жұмыс жасамас бұрын, біз оның каталогын құрып алайық. Ол каталог бізде D:BOLATKHAN. Деректер базасын құру DatabaseDesktop (DBD) утилит көмегімен іске асырылады. DBD утилит көмегімен кестені құруға және оның құрылымын өзгертуге, оның біріншілік кілттерін және индекстерін, жазбалар құру және өзгертулер жасауға болады.
Жаңа кестені құру келесі команда бойынша іске асады: ПускПрограммыBorland Delphi7Database Desktop. DBD кірген мезетте жұмыс істейтін каталогты таңдап алу керек. Ол үшін DBD менюінде FileWorking Directory және көрсетілген терезеден D:BOLATKHAN каталогына сілтеме жасаймыз. Менің жағдайымда Raspisanie кестесін құру үшін FileNewTable. DBD Create Table терезесін шығарады, оның форматын таңдап алу керек.
ОК-ді басып, біз осы форматты аламыз. Экранда келесідей сурет шығады:
Сурет1. Кестенің құрылымын құру суреті
Құрылып жатқан кестенің әрбір өрісіне бір жазба сәйкес келеді. Field Name бағанына өріс атын, Type – символ, өрісте сақталынатын мәліметтердің типін анықтайды. Size бағанына – сан қойылады, өрістің ұзындығын анықтайды, Key–«*» символы, егер бұл өріс бойынша біріншілік кілт қою керек болса.
2.2 Кестенің қасиетін беру
Validity Checks – бұл қасиет кестенің мәндерінің дұрыстығын тексереді. Бұл бөлімнің оң жақ терезесі 2 – кестеде көрсетілген және өрістік типіне қарай өзгеріп отыруы мүмкін:
2 – кесте Validity Checks қасиеттері.
Required Field
Бұл индекаторда әрбір жазбада керекті жолдар белгілену керек.
Minimum Мәннің минимумы. Бұл қасиет сандық өріске берілу тиімді.
Maximum Мәннің максимумы. Бұл қасиет сандық өріске берілу тиімді.
Default Бұл қасиетті сандық және логикалық өрістерге, ал кейбір жағдайда символдыққа қолдану тиімді.
Picture Енгізілетін мәннің түрін корсетуге болады. Мысалы, телефон номерінің шаблоны (## — ## — ##).
Assist Бұл батырма Picture түрін құруға көмектесетін диалогтық терезені шақырады.
Table Lookup – бұл бөлім берлген кестенің өрісін басқа көрсетіліп отырған кестенің өрісімен байланысын көрсетеді. Table Lookup – ті таңдағаннан кейін Define – анықтау батырмасы шығады. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Бұл терезеде драйверлер мен псевдонимдерді қолдана аламыз.
Secondary Index – бұл бөлім ары қарай жұмыс барысына керекті екінші индекс құруға мүмкіндік береді.
Жаңа индекс құру үшін Define – анықтау батырмасын басу керек. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Оның cол жақ терезесінде Fields қатынау өрістерінің тізімі көрсетілген, ал оң жақ терезесінде Indexed fields екінші индекс болатын өрістер көрсетіледі.
Index Options радиобатырма панелі келесідей қасиеттерді құруға мүмкіндік береді:
Unique Бұл опция екінші индекс болатын өрісті болдырмайды, егер кестеде бір – біріне ұқсас өрістер болса.
Descending Бұл опция кестені кему бойынша реттейді.
Case Sensitive Бұл опция енгізілген символдардың регистріне назар аударады.
Maintained Егер бұл опция тұрса, онда кестеде өзгерістерден кейін индекс ауысып тұрады
Индексі таңдалғаннан кейін, оның индексін беретін терезе ашылады.
Referential Integrity – бұл бөлім әртүрлі кестелердің арасында бүтін сілтеме байланыстарды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Егер екі кестенің арасында сілтеме байланыс көрсетілсе, оның біреуі – бас, ал басқасы – қосымша кестелер, онда қосымша кестеде бас кестеден алатын мәннің өрісі көрсетіледі. Сонымен қатар, бас кестедегі кілттік өрістің өзгерістеріне қосымша кестенің өзгеруін қамтамасыз ететін операция көрсетуге болады. Бұндай бүтін сілтеме деңгейі барлық кестелерге тән емес, бірақ Paradox 7 – де барлығы қарастырылған.
Update rule – радиобатырмалар тобы егер бас кестеде кілттік өрісті өшіргенде қосымша кестеде болатын өзгерістерді анықтайды. Егер Prohibit – ті таңдасақ, онда Database Desktop бұндай операцияны болдыртпайды. Егерде Cascade опциясы тұрса, онда кілттік өрісі бар бас кестеде өзгеріс болса, онда қосымша кестеде де өзгеріс блады. Ал егер сіз бас кестеден кілт өрісі бар жазбаны өшірсеңіз, онда қосымша кестеде сол кілттік өрісі бар жазба автоматты түрде өшеді.
Strict Referential индекаторын орнатқанда Paradox – тың алғашқы версияларына (соның ішінде Paradox for DOS) кестелердің ашылуын және бұзылуына жолбермейді.
Барлық операциялар біткеннен кейін құрылған сілтеме атын беру керек.
Password Security бөлімі Paradox – та құрылған кестелерге және оның әр өріс жазбасына пароль қоюға мүмкіндік береді. Бұл үшін Define батырмасын басу керек, сонда диалогтық терезе шығады. Диалогтық терезеде басты парольді (Master password терезесі) қоюға және сол парольді мақұлдауға (Verify master password) мүмкіндік аламыз. Егер Auxiliary Password (қосымша парольдар) батырмасын бассақ қосымша парольдарды тағайындауға және өрістерге қатынаудың ережесін көрсетуге болады.
Current Password (ағымдағы пароль) терезесінде сіз парольді көрсетесіз (ол сіз кірген парольге ұқсас болуға тиісті емес), бұл пароль арқылы сіз қатынау ережесін құрасыз. Table Rights (кестеге қатынау құқығы) радиобатырмалар тобында кестеге жалпы қатынау құқығын анықтауға болады.
All Барлық операциялар қабылданады, кестені өшіру, құрылымын өзгерту, парольдерді өзгерту және өшіру.
Insert & Delete Кестедегі жазбаларға барлық операциялар қолданылады (редактірлеу, қою, өшіру), бірақ кестенің құрамын өзгертуге және жоюға тиім салынады.
Data Entry Мәліметтерді редактерлеуге және жазбаларды қоюға болады, бірақ оларды өшіруге және кестенің құрылымын өзгертуге, өшіруге тиім салынады.
Update Кестені көруге және кілті жоқ өрістерді өзгертуге береді.
Read Only Тек кестені көруге болады.
Table Language – бұл бөлім BDE Administrator арқылы кестенің тілін көрсетуге (егер көрсетілмесе) немесе анықтауға (Modify батырмасы) мүмкіндік береді.
Dependent Tables – бұл бөлім Referential Integrity сілтемелі деңгейіндегі кестелерді көруге мүмкіндік береді.
Барлық керекті құрылымдық мәліметтер кестеге енгізілгеннен кейін Save As батырмасын басу керек, сол кезде Windows – тағы стандартты сақтау терезе шығады. Кәдімгі терезеден айырмашылығы Alias тізмнің болуында. Бұл ……