Команда жылдам голдан кейін, жағдайды өзгерту үшін дұрыс шешім қабылдай білді
«Астана» Премьер-Лиганың алғашқы турында «Ақтөбені» қабылдап 4:1 есебімен тас-талқан етті. Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Роман Григорчук журналистердің сұрақтарына жауап беріп, ойын туралы өз пікірімен бөлісті:
— Команда екінші таймда босаң ойнағандай көрінді. Бұлай ойнауға ойын есебі мүмкіндік бергеннен кейін солай болды ма?
— Мен олай айтпаған болар едім. Біз ойынның кейбір сәттерінде өз жоспарымызға сай ойын көрсете алмадық. Дегенмен, босаңсу болды дей алмаймын.
— Юрий Перцух неліктен алаңда аз ғана ойын өткізіп жүр?
— Біздің құрамда ойынға шығуға мүмкіндігі бар 20 футболшы бар. Оның 11-і негізгі құрамда алаңға шығады. Бұл сұрақты қосалқы құрамда қалған 9 ойыншыға қатысты да айтуға болады. Бұл командадағы жағдайларға байланысты қабылдаған бапкерлер құрамының шешімі.
— Жылдам гол командаға қосымша күш берді дей аласыз ба?
— Жоқ, керісінше ол біздің көңіл-күйімізді түсіргендей болды. Біздің футболшылар жылдам гол соғуға тырысты. Команда жылдам голға қарамастан, тез ес жиып, жағдайды өзгерту үшін дұрыс шешім қабылдай білді.
— Юрий Логвиненко алаңда бірнеше позицияда ойнай алатын бесаспап ойыншы. Оны «Астана» құрамында алдағы уақытта орталық жартылай қорғаушының міндетін атқаратын ойыншы ретінде көреміз бе?
— Ол шынымен де нағыз бесаспап ойыншы. Мен сіздің пікіріңізбен толықтай келісемін. Ол біздің тактикалық жүйе бойынша 3-5 позицияда еркін ойнай алады. Ол қазіргі уақытта орталық жартылай қорғаушының міндетін атқаруда. Бірақ ол маусым барысында алаңның басқа бөлігінде ойнауы мүмкін екендігін жоққа шығара алмаймын.
Дереккөз: prosports.kz/kz