Курстық жұмыс: Ұлттық валюта | Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы

0

Мазмұны

Кіріспе
I АҚША РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІГІНІҢ ТУЫНДАУЫ
1.1 Ақша реформасының экономикалық мәні мен сипаты
1.2 Қазақстан Республикасында 1993 жылғы ақша реформасын жүргізудің алғышарттары
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
2.1 Теңгені енгізуімізге байланысты 1993 жылғы ақша реформасының жүргізілу барысы
2.2 Қазақстан Республикасындағы ақша реформасының экономика үшін маңызы мен жаңа теңгені айналымға шығарудың қажеттігі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

КIРIСПЕ
Қазіргі қоғамдық қатынастары дамыған заманда әрбір елдің ақша бірліктері, өзінің ақша айналысы ерекшеліктері, дүниежүзілік ақша бірліктері пайда болды. Бүгінде қандай да ел болмасын сыртқы экономикалық байланыстарға және ішкі шаруашылық қатынастарға барып отырады. Ал осы жағдайларда әр елдің арасында сауда жүргізілгенде ақша қатынастарының реттелуін, олардың нақты құнын анықтау маңызды талаптар екені белгілі. Осыған байланысты елдің ақша айналысын тиімді ұйымдастыру формасы белгілі бір ұлттық заңдылықтармен және тарихи қалыптасқан тәртіптер негізінде іске асырылу жүйесін ақша жүйесі деп атайды.
Ақша реформасы деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгерістер енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді. Сонымен ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша реформасының негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы ұлттық ақша жүйесінің толық қанды қызмет етуі ұлттық ақша бірлігін теңгені 1993 жылы 15 қарашада айналысқа енгізгеннен бастап қызмет ете бастады. Осынау Қазақстан Республикасының егемендігін алғаннан кейінгі тұнғыш жүргізген ақша реформасы негізінде елдің ұлттық банк жүйесі мен несие жүйесі қалыптаса бастады. Сонымен қатар Ұлттық банк елдегі қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың түрлерін белгілеп отырады және елдегі ақша эмиссиясын монополиялы түрде жүзеге асырады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын «Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi 1993 жылғы ақша реформасының жүргізілуінің негізгі себебі Қазақстан Республикасының толық егемендігін қамтамасыз ету, ұлттық қаржы жүйесін қалыптастыру, экономикалық тәуелсіздігін қалыптастыру және барлық шаруашылқ басқаруды өз қолына алу болып табылатын.
Бұл жұмысты орындаудағы негізгі мақсатым мен міндеттеріме: ақша реформасын ақша жүйесін қайта құрылымдаудың негізі ретінде оның экономикалық мәнін ашу, 1993 жылғы ақша реформасын жүргізудің алғышарттары мен жүргізілу барысын талдау және жүргізілген ақша реформасының бүгінгі таңдағы өзінің жалғасын табуын, экономикаға қосқан үлесін, ақша реформасын жүргізу аясында экономикада және қаржы саласында жеткен жетістіктер мен жүргізіліп жатқан қаржы-несиелік саясаттарға тоқталу болып табылады. Сонымен қатар биылғы қарашаның 15 жұлдызында айналымға жаңа теңгелердің шығу барысын атап кетуді көзделді.
I АҚША РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІГІНІҢ ТУЫНДАУЫ
1.1 Ақша реформасының экономикалық мәні мен сипаты
Ақша реформасы деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгерістер енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді.
Ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады. Алғашқы ақша жүйесі XVI-XVII ғасырларда капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элекенттері одан да бұрын айналыста жүре бастаған, капиталистік өндірістің және тауар ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.
Ақшаның өмiр сүруiндегi объективтiк қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделедi. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр – бiрiнен бөлiнбейдi. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Ақша — жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi.
Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша айналысының объективтiк негiзiнде де тауар өндiрiсi жатады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегiмен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелiк және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады. Қайта құру кезеiне дейiн “ақша айналымы” мен “ақша айналасы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма – қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол қолма – қол және қолма – қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.
Ақша айналысы шаруашылықтағы тауарларды өткiзуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Ал осы ақша қозғалысын заңдылықтармен реттеу шаралары ақша жүйесін қалыптастырады.
Ақша белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма-қол ақша тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе, қолма- қолсыз ақшалар – бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi. Ақша айналысы мен ақша айналымы арасында шек жойылды. Тауар айналысы процесiндегi қолма – қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысының объективтi негiзi – тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгерiп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды.
Ақша айналысың реттеудiң маңызды элементi – қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келедi. Бұл мәселе бiздiң елiмiзде кәсiпорындар арасындағы есеп айырысулардан қолма-қол ақшамен есеп айырысуын шектеу, есеп айырысуда қолма-қолсыз түрлерін чектердi, вексельдерді және төлем тапсырмаларын ендiру және дамыту болып табылады.
Сөйтiп айналысқа қажеттi ақша мөлшерi өндiрiстiң даму жағдайларына әсер ететiн көптеген факторларға: айналыстағы тауар мөлшерiне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейiне және т.б. байланысты өзгередi. Айналысқа қажеттi ақша мөлшерi ақша айналысының жылдамдығына керi пропорционалды өзгередi. Ал ақша айналысына әсер ететiн факторлар мыналар:
1. Несиенiң даму деңгейi, егер тауардың көп бөлiгi несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
2. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
3. Ақша айналысы санының өсуi.
Ақша жүйесінде айналысқа ақша екi түрде шығарылады немесе эмиссияланады: қолма-қол ақша және банктiк айналымдағы ақша түрi, яғни банктегi шоттарға жазылған сома. Екi деңгейлi банк жүйесiнде ақшаның бiрiншi түрiн, яғни қолма-қол ақшаны монополиялы құқықпен Орталық банк эмиссиялайды да, қолма-қол емес ақша белгiлерiн коммрциялық банктер жүйесi шығарады.
Ақша жүйесін реттеудегі ақша айналысының негiзгi сандық көрсеткiштерiнiң бiрiне ақша массасы мен ақша базасы жатады.
Ақша айналымының екi жағының бiрлiгi, олардың бiр түрiнiң екiншiсiне ауысуы жалпы ақша жиыны құрамын анықтауды қажет етедi. Себебi ақша жиыны ақша айналымының сандық көрсеткiшi. Белгiлi бiр мерзiм аралығында сандық өзгерiстердi талдау үшiн, сол сияқты ақша жиынының көлемiн және оның өсу қарқынын реттейтiн iс-шаралар жүргiзу үшiн әр түрлi көрсеткiштер (ақша агрегаттары) қолданылады.
Өнеркәсiбi өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшiн негiзгi ақша агрегаттарының төмендегi жиынтығын пайдаланады:
М1 – айналыстағы қолма-қол ақша ( банкноттар, тиындар ) және банктiк ағымдағы шоттардағы қаражат ( депозиттер ) жатады;
М2 – оған М1 агрегаты және мерзiмдi 4 жылға дейiнгi коммерциялық банктердегi мерзiмдi және жинақ салымдары кiредi;
М3 – бұған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелерiндегi жинақ салымдары кiредi;
L – оған М3 агрегаты және iрi коммерциялық банктердiң депозиттiк сертификаттары қосылады.
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгередi.
Ақша жиыны ақша жүйесінде бiрнеше жолмен өсуi мүмкiн:
1. Банкноттар мен тиындарды эмиссиялау есебiнен;
2. Орталық банктен коммерциялық банктердiң несие алуымен;
3. Мемлекеттiк бюджеттiң кемшiлiгiн жабу үшiн Орталық банктiң үкiметке несие беруiмен;
4. Орталық банктiң асыл металдарды, шетел валютасын және мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алуымен;
Ақша айналысының екi облысының бiрлiгi, яғни ақшаның қолма-қолсыз формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған керiсiнше болуы ақша массасының өзiне қандай компоненттердi қамтитынын анықтауды талап етедi.
Ақша массасының көбеюi бiрнеше каналдар бойынша жүредi:
• Банкноттар мен монеталар эмиссиясы есебiнен;
• Орталық банктен коммерциялық банктердiң несие алу жолдарымен;
• Орталық банктiң ел үкiметiне мемлекеттiк бюджет тапшылығын жабу үшiн несие беру арқылы;
• Орталық банктiң бағалы металдарды, шетел валюталарын және мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алу жолымен;
• Коммерциялық банктердiң салымдарын жұмылдыру негiзiнде чектер эмиссиясын шығару немесе займдар беру жолымен.
Осыдан барып ақша массасының көлемi Ұлттық банк жүгiзетiн ақша – несие саясатымен тығыз байланысты, мұндағы ең басты мақсат ақша массасының өсуiн сақтау екенiн көремiз. Мақсатты белгiлеуде Орталық банк келесi көрсеткiштердi ескертедi:
• Нақты бейнелеудегi ЖҰӨ-нiң болжанатын өсiмi;
• Жоспарлы кезеңдегi ақша айналысының есептелетiн жылдамдығы;
• Жоспарланған кезеңдегi инфляцияның максималды рұқсат етiлген денгейi;
Ақша массасы өсуiнiң бақылау көрсеткiштерi елдiң экономикалық потенциялының болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану дәрежесiн ескере отырып есептеледi. Бұл көрсеткiштiң тәжiрибе үшiн де маңызы зор.
Ақша массасының құрамы сол елдiң несие-ақша жүйесiмен анықталады.
Ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.
Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Әрбiр мемлекеттiң өзiнiң ұлттық ақша жүйесi бар. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз теңгенің қолданысқа енуімен басталады.
…..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!