Мақсаты: Халық педагогикасын оқу-тәрбие барысында қолдану. Ата-аналарға тапсырма беру арқылы балаларға қазақтың салт-дәстүрлерін үйрету. Ата-ана мен балабақша тәрбиесін байланыстыру. Ұлттық тәрбиені балабақшада одан әрі дамыту. Сайыстың өткізу шарты 6 кезеңнен тұрады. Сайысқа 4 топ балалары қатысады. І топ; «Қыран» топ басшысы Ғ. Арман ІІ топ: «Дарын» топ басшысы М. Дана — Б. Аружан — Салтанат — Амин — Диас -Ильяс — Әлішер — Сабина — Қуандық Шерхан Дина — Сабрина ІІ топ: «Тұлпар» топ басшысы С. Аружан IV. Топ: «Сұңқар» Топ басшысы Т. Нуржамал — Қ. Бағдат — Нұртай — А. Мадина — Ырысжан — Ербатыр — Анель — Самира — Данияр — Біржан — Мейірімхан І кезең: Топ басшысы тобымен, ал балалар өздерін таныстырады. (не өлеңмен, не қара сөзбен таныстыру) ІІ кезең: Балалардың сөйлеу есте сақтау қабілеттерін, шығармашылықтарын тексеру барысында жеті атасын білу, тыйымсөздерді жатқа айту, баталар айту. ІІІ кезең: Ұлттық ойындар. Тапсырма бойынша берілген ұлттық ойынды тобымен көрсету. (асық ату, күрес, қыз қуу, арқан тарту т.б.) IV –кезең: Сұрақ-жауап. «Ия — Жоқ» Ұлттық мерекеге байланысты. V- кезең: Үй тапсырмасы. «Ас адамның арқауы» Әр топтың аналары ұлттық тағамдар дайындап әкеледі. Оны дайындау әдісін айтып түсіндіреді. VI. «Өнер кезеңі» Әр топ бірге, болмаса жеке дара өз өнерлерін көрсетеді. ән, би, мәнерлеп оқу өлең т.б. өнерлерін көрсету керек. Сайыс соңында әділ қазылар алқасы қорытындысын жасап марапаттайды. Жүлделер, сый-сияпаттар табыс етіледі.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!