Жас маман – ертеңгі білікті ұстаз слайд балабақшаға

0

Жас маман – ертеңгі білікті ұстаз

 

Жас маман – ертеңгі білікті ұстаз

 

1. Жылдық жоспар 2. 3-5 жылға арналған перспективті жоспар 3. Күнтізбелік жоспар 4. Сабақ кестесі 5. Күн тәртібі 6. Айлық циклограмма 7. Апталық циклограмма 8. Технологиялық карта Жылдық жопардың мынадай бөлімдері болады: — МДБҰ ақпараттық анықтама. — Өткен оқу жылының соңғы нәтижесіне талдау жасау. — Кезекті оқу жылына балабақша әрекетін жоспарлау:     — денсаулық пен салауатты өмір салтын қамтамасыз ету;     — мектепке оқуға даярлықты қамтамасыз етуге жағдай жасау;     — оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және кадрлық жағынан қамтамасыз ету;     — МДБҰ жұмысының отбасымен, мектеппен, қоғаммен қарым-қатынасы;     — материалдық-техникалық базасын нығайту.Топтарды жасы бойынша жинақтау.
Материалдық-техникалық базаның жағдайы туралы мәліметтер.
Лицензияның болуы.
Оқыту тілі.
Негізінде әрекет жүзеге асырылатын нормативтік-құқықтық құжаттар.
Ұжым басшылыққа алатын білім беру бағдарламалары.
Сапалық және сандық құрам бойынша қорытындылар, педагогтердің біліктілік деңгейінің динамикасы.

Тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайына талдау жасау.
Білім беру салалары бойынша балалар дамуының біліктілігін бағалау (денсаулық, таным, шығармашылық, қарым-қатынас, әлеумет). Балалардың танымдық, әлеуметтік-адамгершілік, көркемдік-эстетикалық, дене дамуының деңгейіне талдау жасалады. Жалпы қорытындылар жасалып, бағдарламаларды орындау деңгейін арттыру резерві анықталады.
Ересектер, мектепалды даярлық топтарындағы балалардың мектепке оқуға дайындық деңгейіне талдау жасау (мектепке баратын балалардың дамуын диагностикалау нәтижелері); 1-3 сыныптарда оқитын балабақша түлектерінің сабақ үлгерімі. Одан кейін жалпы қорытынды жасалып, осы бөлім бойынша жұмыс өнімділігін арттыру резервтері көрсетіледі.
Педагогтер біліктілігін арттыру мен аттестациялау нәтижелеріне талдау жасау. Жалпы қорытындылар, анықталатын тенденциялар тұжырымдалып, кадрлармен жұмыс істеу резервтері анықталады.
Ата-аналармен қарым-қатынас жүйесіне талдау жасау (ата-аналар сауалнамасы нәтижесі бойынша); МДБҰ мен мектептің бірлескен жұмысы жоспарының орындалуы; басқа да ұйымдармен қарым-қатынас нәтижелері.

 

 

 

 

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!