А Асылбеков Қыс балабақшадағы ашық сабақтар

0

Күні:
Пәні:Көркем әдебиет
Тақырыбы: А.Асылбеков «Қыс»
Мақсаты:      1. Балалардың қыс мезгілі жайында ұғымдарын кеңейту,  А.Асылбековтың «Қыс» өлеңін оқып беру,түсіндіру,мәнерлеп жатқа оқыту.
2.Отбасында туған жерге деген сүйіспеншілігі  сезімін ,ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қыс мезгілі туралы суреттер
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
 Меңгерілетін сөздер: Қалтырайды,тістеген,шебер болған,үскірік т.б.
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
Аппақ көше,бар дала
Аппақ ой мен қыраттар
Ақ шатырлы қар қала,
Ақ жамылып тұр бақтар
-Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)
-Қыс мезгілі несімен қызықты?
-Адамдар қалай киінген?
-Қыста біз не істейміз?
-Бүгін сонымен қай мезгіл туралы өтеді екенбіз? (Қыс)
V Жаңа сабақ 
Ойын: «Қар жинау»
Шарты:Балаларға жасанды қарды шашып жіберіп,белгілі бір белгіден соң тез арада жинату.Шапшаңдығы мен ептілігін дамыту.
Сергіту сәті:Боран соғар оң жақтан
                     Боран соғар сол жақтан
                     Қар лақтырып ойнасақ,
                     Су өтер қолғаптан 
А.Асылбековтың «Қыс» өлеңін мәнерлеп оқып беру

VI Бекіту
-Қыста табиғат қандай өзгеріске ұшырайды?
-Балалар, «Аяз бетті шымшиды», «құлақшыңды кимесең,құлағыңды  тістеген» дегенді қалай түсінесің? Аяздың қолы бар ма?

VII Қорыту
-Оқылған өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылған?
-Қыс қандай болады екен?
-Қыста қандай мерекелер болады?
-Қыс туралы қандай жұмбақ білесің?

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!