Қыс туралы өлең балабақшадағы ашық сабақтар
Күні: Пәні:Көркем әдебиет
Тақырыбы: Қыс туралы өлең
Мақсаты: 1. Балаларды қыс қызығын тамашалауға,табиғат көрінісін сипаттап,балалардың көңілдендіретін қыстың қызықтарын айту.
2.балалардың шығармашылық ойлау қабілетін , сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін дамыту.
3. Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу
Көрнекілігі: Қыс мезгілі туралы суреттер
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Меңгерілетін сөздер: ұлпа,мамық,үлпілдек,жұмсақ,қолды қарып,жылтылдап шағылысып,ақ күміс,ақ мата
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыстың басқа мезгілдерден айырмашылығы неде?
-Қыстап қалған құстарға қйтып көмектесеміз?
-Бүгін қыс туралы өлең жаттаймыз.
V Жаңа сабақ
Атамның алып күрегін
Ауланың қарын күредім
Әжеме мен құдықтан
Су әкеліп беремін,
Еденді де жуамын,
Шаң- тозаңды қуамын
Өлеңнің мазмұнын ашатын сұрақ-жауап алу:
-Атаға қалай көмектеседі?
-Әжеге не әкеп береміз?
-Үйді қалай жинау керек?
Сурет бойынша жұмыс:
-Қыста қандай мерекелер болады?
-Қандай ойындар ойнаймыз?
Сергіту сәті:Боран соғар оң жақтан
Боран соғар сол жақтан
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтер қолғаптан
VI Бекіту
Жұмбақ шешу
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады ( Қар)
Көсеуді бесеуге тықтым (Қолғап)
VII Қорыту
-Қандай тақырыппен таныстық?
-Қыста қардан не жасауға болады?
VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!