Мен және менің отбасым балабақшадағы ашық сабақтар
Күні:
Пәні: Айналаны қоршаған орта.Экология
Тақырыбы: Мен және менің отбасым
Мақсаты: 1Отбасы және оның мүшелері туралы әңгімелеу.
2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын дамыту.
3.Мейірімділікке,шынайылыққа,адалдыққа,үлкенге құрмет,кішіге ізет жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме,
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балалармен амандасып,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Балалар бүгін біз мен және менің отбасым деген тақырыпта әңгімелесеміз.
V Жаңа сабақ
Отбасы құрудың маңызы яғни болашақ әке мен ананың дені сау,сауатты,мейірімді болуы керектігін әңгімелеймін.Сонда отбасындағы баланың
Да дені сау қабілетті болатынын айтады.Балалар ата-анасын,үлкендерді тыңдап,кішкентайларға қамқорлық жасау керек.
Ата Апа
Ата-үлкен кәріміз Мейірімді апалар,
Қуат берер дәріміз Балалар кеп бата алар…
Әулиедей аялап Қалтасына кәмпит сап
Ардақтаймыз бәріміз Немереге апарар
Мен
Атам не айтса көнетін,
Апам көңіл бөлетін
Мен-осы уйдің кенжесі
Бәрі жақсы көретін
Отбасында үй жұмыстарына көмектесіп,тазалық ережелерін сақтау әрбір отбасы мүшесінің міндеті.Күн тәртібі ережелерін орындаудың маңызы туралы әңгімелеу.
Сергіту сәті: Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп алайық
Себетке оны салайық
VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
1.Суретте берілген отбасы мүшелерін ата.
2.Суретке қарап кім немен айналысып жатқанын айтып бер.
3.Ата,апамен қалай дұрыс амандасуға болады
4.Әкең мен анаң саған риза болу үшін не істеу керек.
VII Бекіту
Мақал-мәтел:Үлкенге құрмет
Кішіге ізет
VIII Бағалау
Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!