Еңбек ер атандырады балабақшадағы ашық сабақтар

0

Күні:
Пәні:   Айналаны  қоршаған орта.Экология
Тақырыбы: Еңбек ер атандырады
Мақсаты:      1Үлкендердің еңбектері туралы,жеңістің,жемістің бәрі еңбектің арқасында келетінін түсіндіру.
2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын дамыту.
3.Мейірімділікке,еңбекқорлыққа,адалдыққа  тәрбиелеу.
Көрнекілігі:      Мазмұнды суреттер,мамандықтың суретін көрсету.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме,
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
                        Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
  -Балалар бүгін  біз «Еңбек ер атандырады» деген тақырыпта әңгімелесеміз. 
V Жаңа сабақ
          Сабақты С.Мәуленовтың «Елдің бәрі жұмыста»-деген өлеңінен бастау
     Қарап тұрсаң,не керек
     Елдің бәрі жұмыста.
    Гүл сорады көбелек,
    Дән тасиды құмырсқа
-Балалар суретте не бейнеленген?
-Адамдар немен айналысып жүр?
-Олар машинаның немесе көліктің қай түрімен жүұмыс жасап жүр?
-Не жинап жүр?
                             Балалар ауылдағы және қаладағы адамдардың еңбектері бейнеленген,Ауылдағы фермаларда малдарды,құстарды бағады оның етін  қаладағы базарларға саудаға,жүнін фабоикаларына апарады,Міне адамның қызу еңбегі.  Малдарға егіншілер шөп,бидай егеді.Ал тракторшы осы шөпті,жемді тасиды.

-Суреттегі тігіп отырған апай қандай мамандық иесі деп ойлайсың?
-Баланы тексеріп отырған тәтеші?
-Арнайы форма киген  ағалар?
Сергіту сәті:    Ұзын құлақ сұр қоян
                          Естіп қалып сыбдырды
                          Ойлы-қырлы жерлермен
                           Ытқып-ытқып секірді
                           Қарап еді артына 
                           Қиығын сап көзінің
                           Келе жатқан томпаңдап
                           Көжегі екен өзінің
VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
-Тігінші немен айналысады?
-Егінші не істейді?
-Тракторшы немен айналысады?
-Дәрігер қандай жұмыс істейді?
VII Бекіту
Мақал-мәтел: «Еңбек ер атандырады»
                         «Еңбек етсең ерінбей
                           Тояды қарның тіленбей»
                         «Іздегеннің алдынан
                            Іздемей-ақ табылар»
VIII Бағалау
            Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.

 

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!