Тірі және өлі табиғат балабақшадағы ашық сабақтар

0

Күні:
Пәні:Айналаны  қоршаған орта.Экология
Тақырыбы:Тірі және өлі табиғат 
Мақсаты:      1.Тірі табиғат және оның ерекшеліктері  туралы,түсініктерін қалыптастыру.
2.Ой-өрісін,сана-сезімін,дүниетанымын дамыту.
3.Мейірімділікке,шынайылыққа,адалдыққа,табиғатты аялауға   тәрбиелеу.
Көрнекілігі:      Мазмұнды суреттер
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:
  I Ұйымдастыру кезеңі
                        Балалармен амандасып,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
  -Балалар далаға қарайықшы терезеден не көріп тұрмыз?
-Ағаш,аспан,жер,үй т.б.
-Дұрыс балалар ағаш,жер,аспан,үйлердің тасы осылардың бәрі табиғатқа жатады.Яғни бүгін сол табиғат туралы әңгімелесеміз.
V Жаңа сабақ
  Балалар табиғаттың өзі екіге бөлінеді тірі және өлі болып.
Тірі табиғатқа: өсетін,көбейетін,тыныс алатын,қоректенетін нәрселерді  жатқызамыз.
-Қане кім айтады тірі табиғатқа нені жатқызуға болады екен?
-Адам,өсімдік(жеміс-жидек,ағаш,гүл т.б.),жан-жануар,құстар.
Өлі табиғатқа:өспейтін,көбеймейтін,қоректенбейтін, тыныс алмайтын заттарды         жатқызамыз.Сонда өлі табиғатқа қандай заттар жатады деп ойлайсыңдар?
-Тас,тау,су,топырақ
1.Орманда от жағуға болмайды.
2.Суға түкіруге болмайды.
3.Көк шөпті жұлуға болмайды көктей соласың
4.Өзен жағасына демалуға барсаң қоқысты тастамай,жинап кету керек.
Сергіту сәті:
Табиғатты сүйеміз
Қанат жаям жалма –жан
Иіліп келіп қол созам
Аяғымның ұшына
Әліппе дәптермен жұмыс:С.Мәмбетов «Бәйшешек»
VI Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
-Өсімдікті  өсіру  үшін оған не қажет?
-Су,ауа,жылу керек.
-Адам сымбатты,денсаулығы мықты болу үшін не керек?
-Дәрумені көп тамақ,таза ауа,жылу қажет.
VII Бекіту
Сюжетті сурет көрсету арқылы сабақты бекіту
1.Гүлге су құйып жатқан қыздың суреті.
2.Ағашты сындырып жатқан бұзақы баланың суреті.
3.Ауланы тазалап жатқан балалар суреті.
Балалар жағымды ,жағымсыз істерді өздері талдайды.
VIII Бағалау  Сабаққа жақсы,белсенді қатысқан баланы мадақтау.

 

 

 

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!