Орман көркі ағаштар балабақшадағы ашық сабақтар
Күні: Пәні:Айналаны қоршаған орта.Экология
Тақырыбы:Орман көркі ағаштар
Мақсаты: 1. Орман ондағы ағаштар туралы әңгімелеу.
2.Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін , сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін дамыту.
3. Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып ,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
V Жаңа сабақ
Балаларға орман мен және онда мекендейтін жанауарлармен,құстармен, өсімдіктер түрлерімен таныстыру.
Ағаштардың түрлері:аққайың,шырша,емен,жөке,үйеңкі,терек,қарағай т.б.
Ағаштың құрылысы:діңі,бұтақтары,жапырақтары.Ағаштың түрлеріне қарай жапырақтары да алуан түрлі болады.
Орман мен егін даласының ерекшеліктерін салыстырады.Қай жерде жазық көп (далада),қай жерде аз (орманда).
-Қай жер салқын?
-Орман.
-Неге?
-Себебі көлеңке.
Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа
Келе жатты жұмысқа
Алды допты қолына
Қойды допты орнына
Оңға қарады,солға қарады
Үлкен тау деп ойлады
VI Бекіту
-Орманда қандай ережелерді сақтау керек?
Емен
Егістікті көлемді,
Қоршай ектік еменді,
Ескек желден егінді
Қорғап тұрар ол енді.
VII Қорыту
-Балалар қандай тақырып өттік?
-Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыту.
VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!