Алтын күз балабақшадағы ашық сабақтар
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы
Жаңажол НЖББМ
Ермеккалиева Данагул Жумабаевна
Тәрбиеші
Тақырыбы : Алтын күз
Сахнаға мерекелік ертеңгіліктің жүргізушілері шығады.
1. Жүргізуші . Күз қандай керемет мезгіл ! Қазан толып , еңбегінің жемісін көріп , адамзаттың нағыз той тойлар шағы емес пе ?
2. Жүргізуші. Иә , пішен шабылып ,астық орылып , мал жайлаудан ,түскеннен соң ,шаруанының реттелгеніне қуанған халқымыз күзде сабан той жасап жаипаушы ма еді ?
1 .Жүргізуші : — Дұрыс айтасың !Сол ізгі дәстүр біздің шағын орталықтада жалғасын тауып жатыр.
2.Жүргізуші : — Олай болса жұртты тойға шақырайық !
— Армысыздар , ағайын , қош келдіңіздер!
Күн суытып , ызғарланып ,
Аңызақта қаңбақ жүр .
Сабан тойды бастаңдар да ,
Алтын күзді таң қалдыр!
1 . Жүргізуші :Тыныш ,тыныш балалар ! мен бір дыбыс естіп тұрмын .Біреу асығып келе жатқан сияқты.
/Есік ашылып , орманшы атай кіреді/
Орманшы атай : Мен ормандағы жеміс жидектерді ағаштарды күзетемін. Балалар сендерге орманнан көптеген жұмбақтар , ойындар әкелдім. Ал, қане бәрің тыңдандар да шешуін бірге ойланыңдар.
Жұмбақтар шешу
Алтын ,сары , қызыл, көк,
Алуан ,алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
Ән : « Біз өмірдің гүліміз »Хор
Орманшы атай : Балалар , сендер әнді жақсы айтады екенсіңдер келіңдер «Түрлі түсті жапырақтар »ойының ойнайық.
Ойын «Түрлі түсті жапырақтар»
1 .Жүргізуші :
Орманшы атай, сіз кереметсіз ! Жақсы ойын ойлап тауыпсыз . Айтыңызшы , күз ханшайымы қайда?
Орманшы атай : Ойынға беріліп кетіппін ғой , қалайша ұмыттым . Қазір келіп қалар
2.Жүргізуш : Жарайды , олай болса күз ханшайымы келгеншетақпақ айтайық.
Тақпақтар
Би : Құспан Назира
1 . Жүргізуші :Балалар, тынышталыңдарестисіңдерме , біреу есікті қағып тұр.
2.Жүргізуші : Міне , Алтын күз ханшайымы қонаққа келді.
Күз ханшайымы : Сәлеметсіңдер ме , балалар ! Мен күз ханшайымымын сендермен кездескеніме қуаныштымын.
1 . Жүргізуші: Сәлеметсіз бе , Күз ханшайымы! Төрлетіңіз!
Күз ханшайымы : Міне күткендеріңе өте қуаныштымын
2.Жүргізуші : Күз ханшайымы біздің бүлдіршіндеріміздің сізге арнап көрсететін өнерлері бар соны тамашалайық.
Күз ханшайымы : балалар сендердің өнерлеріңді тамашаламай тұрып,мен сендерге тапсырмалар алып келіп едім тапсырмамды орындайсыңдар ма?
Тапсырмалар
1 . Жүргізуші:
Біз кішкентай балдырған
Сескенбейміз жаңбырдан
Төбемізде қол шатыр
Алдымызда жол жатыр
Би: ортаңғы топ қыздары.
Орманшы атай : Күзханшайымы, қыздар биді билейді екен . Ал енді ұлдар би білмей ме , деп қалдым .
Күз ханшайымы : Жоқ , атай ұлдардың биін мен талай көргенмін .Олар нағыз шабандоздар .Қане ұлдар ,бидің сәнін келтірейік.
Ата- аналармен ойын : «Құстың ұясы»
2.Жүргізуш і: Күзгі сән үлгісі / қыздар/
Орманшы атай : Балалар ,сендерге алғысымды білдіремін . Бәріміз бірге көңілді ойындар ойнадық , ән айтық , би билегендерің ұнады. Біздің орманға қайтатын уақытымыз келді.
Күз ханшайымы : Сендерге әкелген сыйлығымыз бар. Себетке салынған жемістер таратылды
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!