Атай шалқан отырғызды балабақшадағы ашық сабақтар

0

Технологиялық карта  «Ертөстік» ІІ кіші тобы 
Білім  беру саласы:  «Қатынас» , «Таным»
Кіші  саласы:  тіл дамыту, орыс тілі, құрастыру
Тақырыбы:  «Атай  шалқан отырғызды»  орыс халық ертегісі
Мақсаты:  а) білімділігі:  шалқан туралы түсінік беру, орыстың  атай шалқан отырғызды  
                  ертегісін айтып беру, қызығушылығын ояту.
                  ә) дамытушылығы:  қос тілде айтқызу арқылы тілдік шеберлігін  дамыту
                  б) тәрбиелігі: қайырымдылыққа,  мейірімділікке, бірлікке,  татулыққа тәрбиелеу
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрсету, құрастыру, мадақтау
Сабақтың көрнекілігі:   құрастырма суреттер, суреттер, сергіту сәті,  ойын
Сабақтың  түрі:  аралас  сабақ 
Билингвалдық  компанент:  ата – дедушка, әже – бабушка, немере – внучка, ит – собака, мысық – кошка, тышқан – мыш.

Іс – әрекет  түрі     Тәрбиешінің  іс – әрекеті     Баланың  іс – әрекеті 

Мотивациялық — қозғаушы
        
    Амандасу шеңбері
    Балалар шеңбер құрады, келген апайлармен амандасады. 
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал канекей  бәріміз
Сәлем  дейік  үлкенге 
Сәлеметсіздер ме, апайлар 
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз 
Бар адамды құрметтеп  
Бас  иеміз  біз.

Ұйымдастырушылық — ізденушілік    Балаларға смайликтер беріледі. Балалардың көңіл – күйлері сұралады.
—    Балалар  далада не жауды?
—    Қардың түс  қандай?
—    Дұрыс  айтасыңдар балалар, бүгін бізде тіл дамыту ұйымдасқан іс – әрекеті. Қане тақтадан ненің суретін көріп тұрсыңдар?
—    Балалар шалқанның түсі қандай?
—    Пішіні қандай?
—    Жапырақтың түсі  қандай?
—    Жапырақтың пішіні қандай?
—    Өте жақсы балалар, шалқан домалақ, түсі қызыл, жапырағы жасыл және оны біз тағамға пайдаланамыз, шалқан көкөніске жатады. Балалар бүгінгі біздің өтетініміз «Атай шалқан отырғызды» орыстың халық ертегісін сендерге айтып беремін. 
Ертегіні баяндау. Ертеде бір ата мен әже  өмір сүріпті. Ата  шалқан отырғызады оған күнде су құйып күтіп баптайды. Бір күні шалқанды қазып алайын деп бақшаға келеді. Шалқанды ары тартып, бері тартып шығара алмайды….(жалғасады).  
Балалар, ертегіде кімдер бар?
Балалар енді біз осы ертегі  кейіпкерлерін қос тілде айтайық.
Қос тілде айту:  ата – дедушка, әже – бабушка, немере – внучка, ит – собака, мысық – кошка, тышқан – мыш. 
Сергіту сәті. «Апама бардым»

Балаларды отырғызу, балалар осы ертегідегі мысық, ит, тышқан туралы тақпақтарды кім маған айтып берді екен?
Өте жақсы балалар, сендермен ойын ойнағым келіп отыр ойнаймыз ба?
Ойын: «Суретіне қарап құра»
Мақсатым: ертегіні бекіту
Шарты: балалар парта бетіндегі суреттерді алып ертегіні құрастырады.
Балалар енді ертегідегі  жануарларға сипаттама берейік    Балалар смайликтер арқылы бүгінгі көңіл – күйлерін көрсетеді.
—    Қар 
—    Қардың түсі ақ.
—    Балалардың  жауабы.
—    Балалар  мұқият тыңдап отырады
—    Балалардың жауабы
Балалар,  тәрбиешімен бірге қос тілде айтады.

Балалар , қимылдармен сергіту сәтін жасайды.

—    Балалар білетін тақпақтарын айтады.
—    Ия 
—    Балалар, суреттерден  ертегіні құрастырады

—    Балалар итті, мысықты, ьтышқанды сипаттайды
Рефлексивті – түзету    Балалар, сендер ертегіні жақсы құрадыңдар.
Балалар бүгін қай  ертегімен таныстыңдар?
—    Ертегіде шалқанды кім отырғызды
—    көмектесті?
—    Не келгенде  шалқан жерден шықты?
Өте жақсы балалар, сендер бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар сендерді мынандай жұлдызшалармен  бағалаймын.    

—    Балалардың жауабы

—    Ата 

—    Әже, немере, ит, мысық, тышқан

—    тышқан
Күтілетін  нәтиже:
Білуі:  «Атай  шалқан  отырғызды  ертегісін» , қос тілде айтауды
Болуы:  татулықтың, бірліктің, қызығушылықтың
Жасай алуы: ойын шарттарын,  қимыл  іс — әрекетін

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!