Ойыншықтар қайдан келген балабақшадағы ашық сабақтар
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Ойыншықтар қайдан келген?»
Білім беру саласы: (Тіл дамыту)
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Ойыншықтар қайдан келген?»
Ұ.О.І.Ә-нің мақсаты: Балаларға ойыншықтар туралы мәлімет беру
Ұ.О.І.Ә-нің міндеттері: а) Балаларға ойыншықтар туралы мәлімет бере
отырып,ойыншықтардың неден,қандай заттардан жасалатыны қайдан келетіні жайында ұғым беру
ә) Балалардың ойлау қабілеттерін,зейінін,тілін,сөздік қорын дамыту
б) Балаларды ұқыптылыққа,кішіпейілділікке,достыққа тәрбиелеу.
Ұ.О.І.Ә түрі: Саяхат
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,баяндау,психологиялық ойын жаттығу
Ұ.О.І.Ә-нің барысы:
Ұйымдастыру
Балаларды даярлау
2 Шаттық шеңбері
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Қайырлы күн,қайырлы күн!
Сәтті болсын бүгінгі күн!
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі
—
-Қыста немен ойнаймыз?
-Шанамен,шаңғымен,конькимен
-Өте дұрыс! Ал енді балалар қазір күн суық сондықтан үйде,топқа
келгенде нелермен ойнайсыңдар?
-Ойыншықтармен ойнаймыз.
-Ал,балалар өзіміздің сүйікті ойыншығымызды атайықшы.
-Ойыншықтарды ұқыпты,таза ұстау керек.Ал енді балалар,осы ойыншықтар
бізге қайдан келетінін білеміз бе? Бүгін біздер «Ойыншықтар дүкеніне»
саяхатқа шығамыз.
-Дүкен алыс.Саяхатқа шығу үшін немен,қандай көлік түрімен барамыз?
-Автобуспен барамыз.
-Дұрыс,ал автобусқа міну үшін бізге билет қажет.Ендеше,менің
алдымдағы билеттерді алып,
әркім өз орынын табуы керек.( Ойыншықтар суреті бойынша)
-Балалар,саяхатымыз көңілді болуы үшін ән салып,жолды қысқартайық.
«Ойыншықтар» әні хор
«Ғажайып сәт»
Жолда жатқан сиқырлы сандық.
-Ой,балалар,қараңдаршы, жолда сандық жатыр екен. Бұл жай сандық емес,
сиқырлы сандық екен. Суф-суф,суф,ақ сандығым ашылшы!
-Мәссаған,балалар,сандықтың ішінде сендердің сүйікті заттарың жатыр екен.
Мен сендерге жұмбақ жасырамын,сендер дұрыс тапсаңдар,
сандық ішінен сол зат пайда болады.
1.Үрлесең жеп-жеңіл
Ұшырсаң, көк теңбіл
Елпілдеп кетеді
Бұлтқа да жетеді?
Балалар: -Шар
Тәрбиеші:-Өте дұрыс. Сандықтан шарды алып,сыйлаймын.
2.Қалқиған ұзын құлағы
Елеңдеп қорқып тұрады
Б:-Қоян
3.Ыссы пешті сүйеді
Аңдап басып жүреді
Б:-Бұл-мысық
Т:-Өте жақсы балалар,енді сиқырлы сандықты өзімізбен бірге алып жүреміз
Жол жүрмес бұрын бойымызды бір сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді
-Міне,балалар біздер дүкенге де келіп жеткен сияқтымыз.
Балалар дүкеншімен сәлемдеседі
Дүкенші: -Сәлеметсіңдер ме,балалар! Сендер сондай сүйкімді балалар
екенсіңдер.Дүкенге не үшін келдіңдер?
Б:-Ойыншықтар алу үшін келдік
Тәрбиеші:-Балалар,мен сендерге қазір ойыншықтар туралы мәлімет
айтып берейін.Естеріңе сақтап алыңдар:Мына керемет ойыншықтардың
барлығы сендер үшін жасалған.Олар үлкендердің еңбегі арқылы жасалып
дүкенге келген.Бұл ойыншықтардың мынадай түрлері бар: Пластмассалы,
резиналы,матадан,ағаштан,темірден жасалады екен.
«Менің ойыншықтарым» аудио-видео тамашалау.
Дүкенші:-Ал енді балалар,сендер маған өздеріңнің сүйікті ойыншықтарың
туралы айта қойыңдаршы! Олар туралы тақпақ,жұмбақ,санамақ айта білсеңдер,мен сендерге өздерің қалаған ойыншықтарыңды тегін беруге уәде беремін.
Айназ: -Менің сүйікті ойыншығым-қуыршақ.
Сөйлемейсің қуыршақ
Тілің жоқ па қуыршақ
Жуынбайсың сен неге
Кірің жоқ па қуыршақ
Аяғың бар сен неге
Жүре алмайсың қуыршақ
Данияр:- Менің сүйікті ойыншығым-машина.
Үлкенмін ғой міне мен
Ойыншықтарды жинаймын
Машинаға мінер ем
Кабинаға сыймаймын
Кәусар: -Менің сүйікті ойыншығым-доп.
Добым,добым домалақ
Қайда кеттің домалап
Секіртейін келе ғой
Қолыма кеп қона ғой
Нұрдәулет:-Менің сүйікті ойыншығым-қонжық
Ойыншығым қонжығым
Анасын да білмейді
Қорбаңдаған аюды
Түсінде де көрмейді
Наз: Менің сүйікті ойыншығым-көжек
Ойыншығым көжегім
Қорықпайды қашпайды
Тәтті сәбіз ұсынсам
Ұстай алмай тастайды
Ақерке: -Іші толы бөлменің
Ойыншығым көп менің
Босқа тізіп қоймаймын
Достарыммен ойнаймын
Кенжеғали: Менің сүйікті ойыншығым-құрастырғыш
Ойыншығым құрастырғыш
Көрсетеді көмегін
Кімге көлік,кімге үй
Құрастырам керегін
Інжу:-Бақшаға жақсы аға
Көп-көп ойыншық әкелді
1 балық,1аю,1 бүркіт
Шатасып қалма бірақта
Бақшаға жақсы аға
Қанша ойыншық әкелді?
Кенжеғали:
Суға салсаң батпайды
Түскен жерде жатпайды?
-Доп
Айназ:-Аузы бар күлмейді
Айнымайды бөпемнен
Тек сөйлеуді білмейді
-Қуыршақ
Д:-Жарайсыңдар балалар,енді сендерге тапсырма берейін
Дидактикалық ойын «Кім жылдам?» Балалар ойыншық суреттерінің бір бөлігін тауып,орналастырады.
Д:-өте жақсы балалар,сендерге риза болдым.Енді мына ойыншықтарды сыйлаймын.Бұларды таза,ұқыпты ұстай біліңдер!
Тәрбиеші:-Рахмет сізге.балалар,білеміз бе елімізде өзі әнші,продюссер, «бал-бала»компаниясының директоры Қыдырәлі ағаларың
Ұлттық нақыштағы,халық ертегілерінің кейіпкерлерінің нақышына ойыншықтар жасауда.Бүгінде бұл ойыншықтар әлем бойынша сатылуда.Жақында «Қарақат» қуыршағы 20000 теңгеге бағаланып,сатылымға шықты.
Енді балалар,автобусқа отырып,қайтайық. Үйімізге қайтайық Саяхаттан қайту
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!