Біздің аю балабақшадағы ашық сабақтар

0

Ұйымдастырылған  оқу   іс-әрекетінің   технологиялық  картасы
Күні: 24.12.15ж
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Біздің аю
Мақсаты: Ермексаздан аю жасау, домалату, есу тәсілдерін бекіту. Билингвалды компонент: аю-медведь-bear
Сөздік жұмысы: мекендейді.
Технологиялық қамтамассыз ету: суреттер, ойыншық аю, сиқырлы қорапша.

Іс-әрекет
кезеңдері    
Тәрбиешінің басқару әрекеті    
Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық    Балалардың әрекетке кірісуіне түрткі болу:
-Балалар мен балабақшаға келе жатсам біреу мына әдемі қорапты біздің есіктің алдына тастап кетіпт үстінде хаты бар.
(Хатты оқиды)
-Бұл сандықта ерекше бір жануар бар. Қорапты ашу үшін жұмбақ шеу керек.
Жұмбақ: Қорбаң-қорбаң еткен, құлпынай терген. Ол не?
Билингвалды компонент
аю-медведь-bear
-Балалар, қарайық, дұрыс па екен. Сандықтан қонжықты алып шығады.
— Балалар, қонжығымыз жабырқау, оны жотары жоқ екен. Сендерде көп достарың бар, ал ол жалғыз. 
—    Біз қонжыққа қалай көмектесеміз?
—    Дұрыс айтасыңдар, қонжыққа достар жасап берейік. Ол үшін алдымен қонжық туралы біліп алайық.
—    Аюлар жабайы жануарлар. Олар орманда мекендейді. Олар балық, жидектерді азық етеді. Аюлар өте балды жақсы көреді. 
—    Ал, балалар кім айтады, аюлар қандай түсті болады?
—    Ал ақ аюлар қайда мекендейді?
—    Дұрыс, енді аюдың дене мүшелерін атайықшы. Оның нелері бар?
—    Дұрыс ендеше біз қонжыққа достар жасайық.
Саусақ жаттығуы
Мынау-менің әкем,
Мынау-менің анам,
Мынау-менің әпкем,
Мынау-менің ағам,
Ал мынау-мен.
-Аю қандай түсті болады?
-дұрыс біз ақ және қоңыр аю жасайық.
Мен алдымен көрсетемін, сендер қарап аласыңдар. Педагог мүсіндеу ретін көрсетеді.
1.    Ермексаздан үзіп бір бөлігін аламыз. Ол басы болады. Ермексазды екі алақанымызбен, домалату арқалы басын жасаймыз.
2.    Екінші бөлігінен денесін жасаймыз. Ол үшін ермексазды алып домалатамыз, есеміз. Бізде шұжық сияқты сопақша пайда болады.
3.    Үшінші бөлігінен қолдары мен аяқтарын жасаймыз. Аюда неше аяқ болады? Ал қолдары? Сонда біз неше сопақша істейміз?
4.    Қолдары мен аяқтарын денесіне қосып сылау керек. Енді денесін қоя тұрамыз.
5.    Келесі істейтініміз құлақтары. Екі құлағын жасаймыз. Домалатамыз да жалпақтаймыз. Басына жапсырамыз.
6.    Көздерін ақ ермексаздан, ішін қарадан жасаймыз.
7.    Тұмсығы сары, ұшы қоңыр болады.
8.    Құйрығын жасаймыз.
9.    Басын денесіне қосамыз. Сылаймыз.
Ал енді мен көрсеткендей барлығымыз жасап көрейік. Есімізге түсірейікші. 
Аюлар қандай түсті болады?
— Ендеше біріміз ақ, біріміз қоңыр түсті ермексазды алайық. Жұмысты бастайық.
Тәрбиеші бақылайды, жеке жұмыс жасайды.     

Аю 
Сурет саламыз, ермексаздан жасайық.

 

Қоңыр түсті, ақ түсті.
Антарктидада.

Басы, құлақтары, көздері, аузы мұрны, денесі, қолдары мен аяқтары, құйрығы бар.

Массаж жасайды.

Балалар қарайды.4
Ақ
Қоңыр

 

Балалар аю мүсіндейді.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік    Бекіту. 
«Құлпынай»
Балалар, біздің қонжық көңілденді, енді оның көп достары бар. сендерге рахмет айтуда. Біз оған оның сүйікті құлпынайларын берейік.    
Балалар құлпынайды аюдың себетіне салады.

Күтілетін нәтиже
Нені білу керек: жабайы жануарлар туралы білу.
Нені игереді: аюлардың түрлерін, олардың мекенін.
Нені білді: қонжыққа достар мүсіндеуді.

Технологиялық картаны
 толтырған тәрбиеші:  Оспанова Г.А.

 

 

 

Ұйымдастырылған  оқу   іс-әрекетінің   технологиялық  картасы
Күні: 24.12.15ж
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Қыс» А.Құнанбаев. «М», «Н»дыбыстары.
Мақсаты: Абай Құнанбаевтың өлеңімен танысу, тілдік қорын байыту.
Билингвалды компонент: қыс-зима-winter
Сөздік жұмысы: үскірік аяз, соқыр, мылқау.
Технологиялық қамтамассыз ету: суреттер, жұмыс дәптерлері, қарындаштар, А.Құнанбаевтың портреті, көрнекілік материал, шырша, ойыншықтар.

Іс-әрекет
кезеңдері    
Тәрбиешінің басқару әрекеті    
Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық    Балалардың әрекетке кірісуіне түрткі болу:
-Балалар мен бүгін Аязды көрдім. Ол : «Қыс мезгілі келгеніне балалр қуанды ма?»-деп сұрады.
Мен: «Әрине қуанды»- дедім. 
Д/ойын: «Жақсы-жаман»
-Балалар, қыс неге жаман мезгіл?
— Ал неліктен жақсы деп ойлайсыңдар?
— Сонымен қыс жақсы ма?
-Бәрекелді. Бүгін біз сендермен Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен танысамыз. 
Абай Құнанбаев Қазақ халқының бір туар ақыны, жазушысы. Ол көптеген өлеңдер, қара сөздер жазып кеткен. Төрт жыл мезгіліне де арнап өлең жазған екен.
Тәрбиеші мольберттегі плакатқа көрсетеді де өлеңді айтады.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
 Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Қалай ойлайсыңдар бұл өлеңде не жайлы айтылған?
Аязды Абай атамыз қарияға теңеген. 

Д/ойын: «Менің көңіл-күйім» ойын шартын балалар біледі. Педагог кез келген «СМАЙЛ» көрсетеді. Балалар сол көңілмен өлеңді қайталайды.
(куана, жабырқау, сыбырлап)
Сергіту сәті
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш,
Биік болып өсеміз,
Өскенде айға жетеміз.
Балалар, біз сендермен жаңа дыбыстар өтеміз. Ол «м», «н» дыбыстары.
«М» дыбысы дауысты ма? (әндетуге келе ме?)
Ал «Н» дыбысы?
Дұрыс айтасыңдар, екеуі де дауыссыз. 

Артикуляциялық жаттығу. Қолайнамен.
«М», «М» екі ернімізді қосып айтамыз.

Ал енді «Н» дыбысын айтайық. Ерін сәл ашық, тіліміз үстіңгі тістерге тиеді.
 
Фонематикалық жаттығу. 
На-на-на-шана
Ме-ме-ме-кеме

Ал енді орнымызға отырайық. Дәптермен жұмыс жасайық
Қолдарын қарындашпен уқалайды.
Дәптердегі  Аяз атаны суретін аяқтау керек. Жеке жұмыс жүргізіледі.
     Тыңдайды

Жаман өйткені суық, біз тонамыз, ауырамыз т.с.с
Жақсы, өйткені шанамен сырғанаймыз, ойнаймыз, коньке тебеміз, шырша болады т.с.с

Аяз туралы.

 

Әртүрлі көңілмен айтады.

Қимылмен орындайды

Ұйымдастырушылық-ізденушілік    Бекіту. 
Керемет, енді есімізге түсірейік. Қазыр қандай жыл мезгілі?
Жуырда қандай мереке келе жатыр?
-дұры айтасыңдар. Оқу іс-әрекетімізді қорытындылау үшін мына шыршаны сәндейік. «Құлпынай»
Балалар, біздің қонжық көңілденді, енді оның көп достары бар. сендерге рахмет айтуда. Біз оған оның сүйікті құлпынайларын берейік.    Ойыншықтарды іледі.

Күтілетін нәтиже
Нені білу керек: Жыл мезгілдері жайлы
Нені игереді: Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңімен танысты
Нені білді: Дауыссыз «М», «Н» дыбыстарының дұрыс айтылуын білді.

Технологиялық картаны
 толтырған тәрбиеші:  Оспанова Г.А.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!