Кітап оқуға баулу слайд,презентация — Аралас
Кітап оқуға баулу слайд,презентация
Мәтіндегі әрбір кейіпкеге сиппатама беріңіз.
Қазіргі қоғамда кітаптың маңыздысы қандай?
Жасөспірімдерді кітап оқуға баулу не үшін керек?
Сол мәселені шешу үшін қандай өзгерістерді қабылдау керек?
Сіз көп кітап оқисыз ба?
Биылғы жылы да Астанадан келген немерелерім Қазыбек пен Арайлым жазғы демалысын Таразда өткізді.
Қалыпты жағдайда демалыс кезінде олар телевизор көреді, компьютерде ойнайды, ролик тебеді, суға шомылады. Байқаймын, өкінішке орай, балаларым кітап оқымайды. Ескертіп айтып, кітап та ұсынып көрдім. Нәтиже болмады.
Дегенімен, биылғы жаз ерекше өтті. Тамыз айында Көкшетауда өткен Республикалық ҮІ Ұлттық Оқу конференциясына барып қайттым. Оқу конференциясына қатысушыларына Қазақстан Оқу Ассоциациясы «Шығыстың ұлылары» сериясы бойынша шыққан «Абылай хан» кітабын сыйға тартты. Құнды сыйлықты немерелерім қызыға қарады. Қазыбек кітапты қолына алып мұқабасындағы атқа мініп тұрған Абылайханның суретіне қарап «О, Абылайхан» деп айқайлап жіберді «Кәне», деп Арайлым да оған қосылды.
Мектеп кітапханасында мақалада жазылған критерийлерге сай “Мөде қаған”атты кітап бар болып шықты. Отбасылық оқу клубы мүшелері үш баламнан және өзімнен басқа олардың анасы Әсемгүл болып оқуға кірістік. Оқырман ретінде Әлішер кіші болғанмен алғыр, сабақ үлгерімі жоғары, ақпаратты тез қабылдайды.
Клуб мүшелерін жинап алып бүгіннен бастап осы кітапты бәріміз бірге оқитынымызды жарияладым.
Ақбота өзінің фамилиясын грантқа түскендер арасынан тауып алғанда, қуанышында шек болған жоқ. Әрине, үш жылдан бері түсе алмай, биыл ғана өзі армандаған оқуына қол жеткізіп отыр.
Көзді ашып жұмғанша бірінші семестр де аяқталып, сессия басталды. Кредиттік жүйе бойынша білім алып жатқан студенттер барлық сабақтан емтихан тапсырады. Ақбота тоғыз сабақтан емтихан тапсыратын болды. Көптеген достары сабақ аяқталысымен машиналарына мініп, кетіп қалатын. Ал, Ақбота болса күнде сабақтан кейін қалып, кешке дейін кітапханада отырып дайындалатын. «Білім – кітапта, кітапты көп оқу керек» деп өзіне ұран етіп алған Ақбота, сессиясын өте жақсы жауып, ауылына кетті. Ақботаның курстастарының көбі сессияларын тапсыра алмай, жазғы семестрге қалды.
Ақбота көп кітап оқитын, соңғы ақпараттардан хабардар болып жүретін білімді азаматша болып өсті. Университетті үздік аяқтап, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына жұмысқа заңгер болып жұмысқа орналасты. Жалақысы да жоғары, қызметі де жақсы жұмысты тапқанына Ақбота өте риза еді. Жұмысқа орналасуға келген төрт адамның ішінен Ақбота білімімен озып, бірден Ақбота өзінің білімінің, мақсатына жете білетін қайраттылығының арқасында ол күнді де жақындата түсетініне сенімді еді…