«Ғажайып бақ» ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балабақшадағы мерекелік іс-шаралар
«Ғажайып бақ» ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Мақсаты: Жыл бойы өткен білімдерін пысықтау. Балалардың байланыстырып сөйлеу әрекетін дамыту, қойылған сұраққа дұрыс жауап беру әрекетін дамыту. Сандар, геометриялық пішіндер туралы білімдерін тыянақтау. Балаларды достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: ҚМҰҚ, тіл дамыту, дене шынықтыру, сурет, қоршаған орта
Көрнекіліктер: аялдамалар, ғажайып бақ бейнесі.
Тобы: «Ақбота» ортаңғы
І Ұйымдастыру бөлімі.
Балалар қараңыздаршы біздерге көптеген қонақтар келген екен. Ендеше барлығымыз жылы жүзбен шеңберге тұрып қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Бақшамызға барғанда
Көп танысты көреміз
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз! Сәлеметсіздерме қонақтар!
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем
-Көктемде қандай өзгерістер болады?
-Қар ериді, құстар ұшып келеді, күн жылыйды, шөп өседі.
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
-Көктем мезгілінде 3 ай бар. Наурыз, Сәуір,мамыр
Дұрыс айтасыңдар балалар ендеше осындай көңіл күймен барлығымыз «Ғажайып баққа барайық» . ғажайып баққа сиқырлы таяқшаның көмегімен барамыз
-Біз ғажай баққа баруымыз үшін кедергілерден өтуіміз керек
Балалар сіздер санай білесіздер ме? иә
1кедергі: «Сандарды тура және кері санау»
Д/о «Затты сан мен сәйкесте»
Жарайсыңдар балалар біз алдымыздан кезіккен 1 кедергіден өттік.
Қане жолымызды әрі қарай жалғайық.
-Балалар міне ғажайып баққада жетіп қалдық. Бірақ көктем мезгілі болғандықтан су тасып кетіпті жолдың арғы бетіне өту үшін бізге көпір жасап алу керек
Ойын: «Көпір құрау» (Пішіндерді орналастырып көпір құрайды)
Балалар алдымыздан 2 кедергіге кездестік
Сіздер пішіндерді білесіздер ме?
Тақтадан қандай пішіндерді көріп тұрмыз?
(Дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, сопақша, тіктөрт бұрыш)
Өте дұрыс балалар
Д/о « Қай пішінге ұқсайды»
Міне ғажайып баққада жеттік. Бақтың иісі қандай ғажап. Қане мұрнымызбен терең демалып демімізді шығарайық. Біздің табиғат қысқы ұйқыдан оянды.
Балалар назарын өсіп тұрған бәйшешекке аудару. Көктемде ең алғаш қандай гүлдер шығады?
-Бәйшешек, қызғалдақ
Қараңыздаршы, олар қандай нәзік және әдемі! Олар неге қуанады?
-Олар күнге, жылуға, көктемге қуанады
-Ал алдымызда нелер өсіп тұр? Олар бірдей ме?
Қатты жел соғып ағашымыздың жапырақтары жерге түсіп қалған екен? қане ағашымызға көмектесейік.
Балалар біз ұзақ жол жүріп шаршадық бір сергіп алайық
Сергіту сәті: тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп кішкене ағаштар
Су құйғанда өседі
Ал, енді екінші ағашқа қараңыздаршы сиқырлы ағашқа ұқсайды?
-Неге? Өйткені көкіністер мен жемістер өсіп тұр.
Балалар көкөністер талда өседі ма?
-Жоқ. Ендеше біз талдағы жемістер мен көкіністерді мына себеттерге бөліп салайық.
Жарайсындар балалар біраз уақыт болды біздің балабақшаға оралатында кез келді. Енді біз соңғы тапсырмамызды орындайық
Не көріп тұрмыз?
-Сурет.
-Енді осы суретті сиқырлап бүгінгі «Ғажайып бағымыздың суретін салайық» ол үшін бізге ғажайып түстер мен қағаздар керек
Триз әдісі арқылы сурет салу. Ол үшін біз мына ақ қағаздарды умаждап тиісті түсті суға батырып саламыз.
Жұмысымызды бастамас бұрын саусақ жаттығуын орындап жіберейік.
Саусақ жаттығуы
Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіптіде
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен 10саусақ
Қала салсақ жол салсақ.
Жарайсыңдар балалар! Өте керемет!
-Балалар біз бүгін қайда бардық?
-Ғажайып баққа
-Ғажайып баққа ненің көмегімен бардық? Сиқырлы таяқшаның
-Ғажайып бақта нелер бар екен?
-Ағаштар, гүлдер
-Балалар сабақ сіздерге ұнады ма?
-Мағанда сіздердің қатысқандарын өте қатты ұнады. Ендеше қонақтармен қоштасып, тобымызға оралайық.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!