Қазақ халқының қалыптасуы туралы слайд,презентация — Тарих
Қазақ халқының қалыптасуы туралы слайд,презентация
Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы
зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Кейбір
деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде
қолданылған «қазақлық» «қашақ» деген атаудан шықты
дейді. Немесе «қазақ» атауы Жәнібек пен Керей бастап
Жетісуға көшіп кеткендерді «өзбек-қазақ» , кейін «қазақ»
түрінде пайдаланылған деп санайды. «Қазақ» термині
1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың
ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба
ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі.
Мұнда «қазақ» деген сөз басы бос кезбе деген мағына
береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша «қазақ»
терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі
бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп
уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери