Ене атанды: Баян Алагөзова үйлену тойына таңдаған көйлегімен оқырмандарын тамсандырды — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

9 наурыз күні Алматы қаласында Royal Tulip Almaty қонақүйінде Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек пен күйеу баласы Әлішердің үйлену тойы өтті. Желі қолданушыларын тойдан бөлек, оған барған қауымның әдемі киімдері, әсіресе продюсердің қызыл көйлегі қызықтырды, деп жазады Stan.kz 

Ене атанды: Баян Алагөзова үйлену тойына таңдаған көйлегімен оқырмандарын тамсандырды

Баян Алагөзова тойға қазақстандық дизайнер Назым Қарпықованың қолынан шыққан қызыл көйлекті киіп барды. Сондай-ақ, Айару Бақытбектің де әпкесінің тойына таңдаған көйлегі Қарпықованың Atelier Arunaz деген брэндіне тиесілі. 

Алагөзованың оқырмандары оның сұлулығына, көйлектің әдемілігіне тамсанды. «Әдемі ана, әдемі қыз, бақытты ана, бақытты қыз. Жарайсыңдар, қыздар! Шексіз бақыт тілеймін», «Әдеттегідей өте әдемі», «Қандай әдемі отбасы», «Сіздің сұлулығыңыды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Керемет әйел» деп жылы лебіздерін білдірді. 

Баян Алагөзова өткен жылдың аяғында көпшіліктің назарына «Bayan x Arunaz» деген дизайнерлік брендінің коллекциясын ұсынған. Ол Atelier Arunaz брендінің негізін қалаған Назым Қарпықовамен тығыз жұмыс істейді. Өзінің қол астындағы топтарын, КешYou тобын Қарпықованың киімдерімен киіндірген. 

 

stan.kz