Қазақ халқының қалыптасуы слайд,презентация — Тарих

0

Қазақ халқының қалыптасуы слайд,презентация

 

 

Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы 
зерттеушілердің қызу айтыстарына айналды. Кейбір 
деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде 
қолданылған «қазақлық» «қашақ» деген атаудан шықты 
дейді. Немесе «қазақ» атауы Жәнібек пен Керей бастап 
Жетісуға көшіп кеткендерді «өзбек-қазақ» , кейін «қазақ» 
түрінде пайдаланылған деп санайды. «Қазақ» термині 
1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың 
ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба 
ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. 
Мұнда «қазақ» деген сөз басы бос кезбе деген мағына 
береді. Бұл семантикалық ұғым бойынша «қазақ» 
терминіне әлеуметтік мағына беріледі, яғни еншісі 
бөлек, үлкен ұлдардың ата шаңырақтан бөлініп 
уақытша ру, тайпалардан кетіп, күнкөріс үшін әскери 
жорықтарға қатысуын санаған.
Кейде бұл термин ертедегі екі тайпалық (каспий және сақ) одақтардың атынан шыққан деп жорамалдайды. Ал кейбір тарихшылар «хас» нағыз және «сақ» деген сөзден құралған деп болжам жасайды. Қазақстан тарихының 2 томында «…қазақ атауы 9-10 ғғ. Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында әлеуметтік, ал 11-12 ғғ. этникалық-әлеуметтік топтарға қолданылған. Және осы ғасырларда қыпшақ тайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының да маңызды кезеңі болды» деп жазылған. Яғни бұл процесс түрлі кезеңде де тоқтамай, әмбебап мағынада қолданылып келген. Нәтижесінде қыпшақ тайпасы өзегі болған 14 ғ. басында құрылған Ақ Орда халқының құрамы қазақтар болған. 15 ғ. 2 ж. қазақ халқы құрылып болғаннан кейін, халықтың этногенез процесінің күрделі ерекшелігінің бірі болып табылатын «қазақ» атауы, этникалық маңызға ие болды.
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жерінде халық
болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс
ыдырап, одан кейін қола дәуірі (б.з.д.2-1 мың 
жылдықтар) мен темір дәуірі (б.д.д. 7-4ғғ.) кезеңдерінен
басталады. Олар негізінен Қазақстанның жерін
мекендеген (байырғы) тайпалардан құралған. Орта 
Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін 
зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, 
біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Бегазы-Дәндібай 
мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген 
тайпалардың (сақ, сармат) иран тілдес болғандығы 
айтылады. Қазақ халқының бастауына сақтар, 
үйсіндер, қаңлылар да кіреді.

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!