Курстық жұмыс: Экономика | ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ МАҢЫЗЫ
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
1.1 Халықаралық сауданың экономикалық мәні мен маңызы 6
1.2 Халықаралық сауданың қазіргі кездегі құрылымы
мен саясаты 13
2. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ МАҢЫЗЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы халықаралық сауданың
рөлі мен орны 18
2.2 Қазақстан Республикасындағы халықаралық сауданың
құрылымы 22
КОРЫТЫНДЫ 28
КОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI 31
1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА
1.1 Халықаралық сауданың экономикалық мәні мен маңызы.
Халықаралық экономикалық қатынастардын дәстурлі және ең кен дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзі елдерінің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды. Американ ғалымы Сакстын пікірінше «қандай да бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алмайды». (1 С.27)
Халықаралық сауда — еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілері арасында пайда болатын байланыстардын нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми техникалық прогрестін ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардын қарым- қатынасын күшейтеді. 20 ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен дамып келеді.
Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті:
1. халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдандырудын дамуы;
2. экономикада жана салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жанартуға игі әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;
3. дүниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;
4. тарифтер сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;
5. Көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып кеден бажының төмендеп еркін экономикалық аймақтардын құрылуы;
6. Сауда экономикалық интеграция процестері дамып жалпыға бірдей рыноктардың қалыптасуы;
7. Сыртқы рынокка бейімделген экономикасы бар жаңа индустриялды елдердің пайда болуы; (1 С.28)
Халықаралық сауда- дүние жузі елдері арасындағы төлемді жиынтық тауар айналымы.
Халықаралық сауда — халықаралық тауар ақша қатынастарының сферасы, ол әр түрлі елдердің сатушылары мен матып алушылары арасында жүреді. Халықаралық сауда әлемнің барлық елдерінің сыртқы саудасының жиынтығы болып табылады. (2. С.80)
Халықаралық сауданың мәнін ашу үшін оның формаларын қарастыру қажет. Халықаралық сауданың формалары:
1 Аукциондар және аукциондық сауда;
2 Биржалық сауда;
3 Халықаралық көрмелер мен жәрменкелер;
4 Машиналар мен құрал- жабдықтар арендасы;
5 Қарама- қарсы сауда;
6 Шекаралық сауда;
Аукциондық сауда — нарықтық сауданың түрі, мұнда сатушы барынша пайда табу мақсатында аукционға қатысқан бірнеше немесе көптеген сатып алушылардың төлем қабілетінің негізінде өзінің ең жоғарғы денгейіне дейін көтеріледі. (1. С. 42)
Аукциондық сауда айналым шығындарын қысқарта отырып, әлемдік бағаларға жақын бағалармен сатуды қамтамасыз ете алады. Сонымен бірге тауарлардың өте көп мөлшерін сату және көптеген бәсекелес сатып алушыларды қатыстыру арқылы сатушы мен сатып алушыға қолайлы жағдай жасайды.
Тауар өндірісінің дамуы халықаралық айырбасқа көптеген тауар массаларын қатыстырады, осының нәтижесінде шикізаттын жекелеген түрлері бойынша турақты нарықтар стихиялы түрде пайда бола бастады.
Сауда процесінің жетілдірілуі бұл нарықтарды халықаралық биржаларға айналдырды, ең алғашқылары 17 ғасырда Еуропада пайда болды.
Өндіріс пен нарықтың монополизациялануына байланысты еркін бәсеке кезінде шырқау шегіне жеткен биржалар өз мәнін жоғалта бастады. Биржалардың гүлденуі кезінде оларда тауарлардың 200 түрі айналыста жүрді, ал қазіргі кезде 60 турі ғана айналыста жүр. Биржаларда астық, қант, кофе, какао сияқты ауылшаруашылық тауарларының саудасы жүргізіледі, сонымен бірге оларда шикізат саудасының 20%- ке жуығы іске асырылады. Биржалық емес саудадағы бағалар биржалық бағаларға сәйкес түрде бейнеленеді.
Сонымен, биржалық сауда — биржалардың қатысуымен тауарлар мен бағалы қағаздардың сатылуы. (1. С. 44)
Негізінен биржалар коммерциялық делдалдар болып табылады, олар келісімдерге қатыспайды, бірақ олардың бекітілуіне ықпал етеді.
Биржалардың бірнеше турі бар:
1 тауар биржасы;
2 қор биржасы;
3 еңбек биржасы;
4 валюта биржасы.
Тауар биржасы- сапасы жағынан стандартқа толықтай сай келетін белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдаскан нарықты қамтамасыз ететін сауда.
Мұнда сатуға келісілген тауарлар биржаға әкелінбейді. Бұл тауарлардың бар екенін олардың саны мен сапасын көрсететін құжаттар куәләндырылады.
Қор биржасы- таза іскерлік принципінде жұмыс істейді.
Валюта биржасы- бұл валюта нарығы.
Еңбек биржасы- жұмыс күшін жалдау кезінде кәсіпкер мен қызметкерлер арасындағы делдалдықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.
Халықаралық көрмелер мен жәрменкелер — тауар үлгілерін көрсету нарығы, бұл жерде іскерлік келіссөздер жүргізіліп, контрактыларға қол қойылады. (1. С. 45)
Жәрменке- бір орында, белгілі бір мерзімде оқтын- оқтын отіп тұратын нарықтың түрі.
Машиналар мен жабдықтардың арендасы
Аренда — бұл жалгерлік шаруашылықты жүргізудің формасы. Мұнда жалға беруші мен жалгер арасында шарт негізінде жалгерге жерді, табиғат қорларын, кәсіпорындарды, олардың бөлімшелерін уақытша пайдалануға, сондай-ақ дербес шаруашылықты жүргізуге қажетті басқа да мүліктерді белгілі мерзімге тиісті ақысын төлетіп, иеленуге және пайдалануға береді.
Жалгерлікке халық шаруашылығының барлық саласында рухсат беріледі және мүлік жөніңде меншіктің барлық формалары мен түрлерінде қолданылады.
Жалға берушілер- меншік иелері атынан мүлікті жалға беруге өкілетті орындар мен ұйымдар болуы мумкін.
Жалгер — заңды құқықтық мекемелер және кәсіпорындар, шетелдік мемлекеттер, халықаралық ұйымдардың қатысуымен құрылған ұйымдар мен бірлестіктер және т.б.
Халықаралық саудада аренданың үш түрі қолданылады:
1 лизинг- ұзақ мерзімдік аренда (1 жылдан көп мерзімге дейін)
2 Хайринг- орта мерзімдік аренда (бірнеше айдан 1 жылға дейінгі мерзімге)
3 рейтинг- қысқа мерзімдік аренда (бірнеше күннен бірнеше айға дейінгі мерзімге)
Қарама -қарсы сауда- экспортталған тауардың жартылай немесе толық құнына экспортердің импортерден тауар сатып алатындығы туралы қарсы міндеттемесі. (12. С. 283)
Қарама -қарсы сауданың бірнеше түрлері бар:
1 Бартерлік келісімдер
2 Қарама- қарсы сатып алу келісімдері
3 Клирингтік келісімдер
4 Лицензиялық келісімдер
5 Компенсациялық келісімдер
Шекаралық сауда — сауда, төлем және жыл сайынғы карар туралы келісімнің негізінде көрші мемлекеттердің шекаралас аудандарының сауда ұйымдары мен фирмалары жүзеге асыратын халықаралық тауар алмасу турі.
Дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың күрделі жүйесінде халықаралық сауда ерекше орын алады.
Осы уақытқа дейін тауарларды шетке шығару халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формасы болып есептелген еді, ал қазіргі кезде шетелдік инвестициялау халықаралық экономикалық қатынастардын жетекші формасы болып саналады.
Осыған қарамастан халықаралық сауда өзінің масштабы мен функциялары бойынша халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы комплексінде манызды орынга ие болып отыр, яғни баскаша айтқанда, есептеулер бойынша халықаралық сауда халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы көлемінің 80% үлесін алып отыр.
Халықаралық сауда — әртүрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы байланыс формасы болып табылады, яғни ол халықаралық еңбек бөлінісі негізінде қалыптасады және елдердің өзара тәуелділігін көрсетеді. (3. С. 86)
Ғылыми-техникалық революцияның, өнеркәсіптік өндіріс специализациясы мен корпорациясы әсерінен елдер экономикасында болып жатқан құрылымдық өзгерістер ұлттық экономикалардың өзара әсерлесуін күшейтеді. (2. С. 36)
Ұлттық экономикадағы ұлттық нарықтардың жиынтығы дүниежүзілік нарықты құрайды.
Дүниежүзілік нарық әлемдегі тауар — ақшаа қатынастарының даму процесі кезінде қалыптаса бастады.
Жалпы алғанда дүниежүзілік нарық күрделі түсінік болып табылады.
Бұл түсінікті терең зерттеу үшін оны екі аспектіде қарастыру керек.
— біріншіден, дүниежүзілік нарық абстрактылық түсінік болып табылады, яғни ол кеңістік аспектіде карастырылады.
— Екіншіден, дүниежүзілік нарық заттық аспектіде карастырылады.
Сыртқы сауда дегеніміз- белгілі бір елдің баска елдермен сауда жасауы. Сыртқы сауда операцияларының 4 негізгі турі бар:
1 Экспорттық операциялар — шетке шығару арқылы шетелдік контингентке тауарды сату;
2 Импорттық операциялар — шеттен әкелу арқылы шетелдік контингенттен тауарды сатып алу;
3 Реэкспорттық операциялар — бұрын импортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шетке шығару арқылы сату.
4 Реимпорттық операциялар — бұрын экспортталған және қайта өңдеуден өтпеген тауарларды шеттен әкелу арқылы сатып алу. (2. С. 38)
Сыртқы сауданың дамуын анықтайтын факторлар:
1 Тенгенің тұрақтылығы
2 Инфляцияның денгейінің томендеуі
3 Өндірістін құлдырауының тежелуі, макроэкономикалық ахуалдың барынша тұрақтануы
4 Экспорт өнімдерінің тұрақты түрде ұлғаюы.
Сыртқы саудада негізгі операцияларды бірнеше субьекттер қамтамасыз етеді. Олар: брокер, дилер. маклер, коммивояжер, комиссионер, бонус, консорциум және т.б. Осыларға түсініктеме беретін болсақ:
Брокер — сауда делдалы, ол сату-сатып алу келісімдеріне белгілі бір жақ ретінде қатыспайды, тек ғана қызығушы екі жақ — сатушы және сатып алушы арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. (1. С. 48)
Брокер бір реттік тапсырма негізінде және өз клиенттерінің инструкциялары шегінде әрекет жасайды.
Брокердің негізгі артықшылығы — келіссөз жүргізу барысында брокер өз клиентінің атын жасыруына яғни конфеденциалдылықты сақтауына болады. Сондықтан кейбір клиент брокерді делдал өтіп алу себебі — олар өз операцияларының кең таралмауын, яғни жасырын болуын қамтамасыз етеді.
Брокер делдалдыкпен қатар баска қосымша қызметтерді де көрсетеді, мысалы, нарықты зерттеу жарнама жоніңдегі акпараттар несие беру. Брокер қызметін жеке адамдар, фирмалар мен ұйымдар жүргізеді.
Дилер- өз атынан және өз есебінен тауарларды кайта сатумен айналысатын жеке тұлға немесе фирма. (1. С. 49)
Дилердің пайдасы тауарларды саткан және сатып алған багалардың айырмасынан турады. Тауарларды өткізу жүйесінде дилар өз қызметінде сонгы тутынушыларға жақын болады.
Коммивояжер — бұл сауда окілеттілігін жүзеге асыратын сауда касіпорныңын қызметкері.
Коммивояжер касіпорынмен жедел немесе жедел емес еңбек квлісімдері негізінде әрекет етеді. Коммивояжердің функциясы — белгілі бір аймакта касіпорын тауарларының өткізілуін қамтамасыз ету. Коммивояжер өнімге деген тапсырысты жинап, сатып алушылыр шенберін курады, бұл кезде ол келісім жасауга өкілетті емес. Ол қызметі үшін коммивояжер не тұрақты еңбекақы алады, немесе орындалған тапсырыстар сомасынан алынған процент мөлшерінде сыйақы алады.
Комиссинер — сауда келісіміндегі делдал; белгілі мөлшердегі сыйлық үшін, комитент пайдасы үшін соның есебінен, бірақ та өз атынан делдалдық жасайтын адам. (1. С. 50)
Тауар нарығында тауарды сату кезінде комиссионер оның меншік иесі бола алмайды.
Бонус — бұл көрсетілген комиссиялық қызметтер үшін төленетін комиссиялық сыйақы. Бонус мөлшері сатылған ( айырбасталған немесе сатып
алынған ) тауарлардың құнына қатысты процентпен — анықталады және мыналарға қатысты өзгеріп отыруы мумкін;
• Тауарлардың күйіне қатысты;
• Оған деген сұранысқа;
• Сату каналдарына ( дүкен немесе тікелей сату арқылы);
• Комиссиялық келісімдерге деген сұраныс пен ұсыныстын арақатынасына;
• Комиссионерлер арасындағы бәсеке денгейіне.
Бонустың нақтыы мөлшері мен есептеу жолдары комиссиялық келісімдерде анықталады.
Консорциум — бірнеше банк немесе өнеркәсіп касіпорындарының арасындағы бірлесіп заемдарды, акцияларды, облигацияларды орналастыру, кең ауқымдағы қаржылық немесе коммерциялық операцияларды жүргізу, ірі өнеркәсіп құрылысын жүзеге асыру, өнім өндіруді ұлғайту мақсатындағы уақытша келісім. (1. С. 50)
19 ғасырдың аяғында — 20 ғасырдың басында қосымша пайда табу мақсатында заемдар мен бағалы кагаздарды тиімді түрде орналастыруды жүзеге асыратын бірнеше банктердің банкирлер үйінің және қаржыландыру когамдарының бірлестігі турінде әрекет етті. Қазіргі танда халықаралық консорциумдар оте кен түрде дамуда, оларды ірі шаруашылық жобаларды жүзеге асыру мақсатында касіпорындар курған.
Консорциум ұйымы қатысушылар арасындағы келіссөз арқылы ашылады.
Консорциумға кіретін қатысушылар өзінің зандылық және шаруашылық еркіндігін сақтайды, бірақ консорциум мақсатына қатысты қызмет бөлігінде олар бірлесе отырып сайланған жетекшіге бағынады.
Консорциум лидері басқа мүшелердің оған берген өкілеттілігі шегінде әрекет етеді. Халықаралық саудада консорциум тапсырыстарды алуда бірлескен курес жүргізу үшін және оларды бірлесе отырып орындау үшін курылады.
Консорциум тапсырыс беруші адам алдында бірлескен жауапкершілікте болады.
Консорциумга қатысушы көп жағдайда өзінің тапсырыстағы 10% үлесі шегінде мүліктік жауапкершілікте болады, ал қалған сома басқа қатысушылардың тапсырыстағы үлесі бойынша өзара пропорционалды түрде бөлінеді.
Сауда үйі- күрделі құбылыс болып табылады. Сондықтан оның мәнін ашу үшін ең алдымен оның ерекшеліктері мен негізгі мақсатына тоқталып өту керек: 1. Ірі сауда үйінің типі, оның негізгі ерекшеліктеріне мыналар жатады:
• Тауар өндірісі сферасына белсенді түрде енуі;
• Өндіріс кооперациясын ұйымдастыру;
• Несие — қаржы операцияларына қатысуы.
Дүние жузінде қызмет ететін сауда уйлерінің негізгі мақсаттарына жататындар:
• Делдалдык операцияларды концентрациялау есебінен сыртқы экономикалық қызметтІ белсенді түрде жүргізу;
• Дүниежүзілік тауар нарықтарының өзгермелі конъюктурасына жедел түрде жауап кайтару;
• Өндірісті ұйымдастыру және бәсекелестік кабілеті бар тауарларды өткізу;
• Ұсақ және орташа фирмаларды біріктіру және олардың өткізу қызметін қаржыландыру;
• Айналым шығындарын, маркетингтік зерттеу және жарнама куның төмендету.
Сауда үйлері акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік фирмаларында құрылады. ( 10. С. 69)
Сауда үйлері және басқа шаруашылық субьектілері арасындағы байланысатын негізгі формаларына мыналар жатады: агенттік келісімдер; ынтымақтастық жөніңдегі келісімдер; сату — сатып алу контрактілері; консигнациялық келісімдер және т.б.
Сауда үйлері өз қызметін белгілі бір тауар тобы шенберінде шектемейді, олар тиімділігі және өзара есеп айырсуы бойынша өзара байланысқан келісімдердің толық кешенін жүзеге асырады.
2. Брокерлік фирма, ол өз есебінен немесе белгілі бір тауарлардың саудасымен айналысатын өндіруші, тұтынушы немесе басқа тұлғалар есебінен нақтылы тауарлар бойынша келісімдер жүргізумен айналысады.
Көптеген сауда үйлері сонымен бірге саудагерлерден тапсырма алады және фьючерстік биржада өздері келісімдер жүргізеді. (10. С. 70)
Бас жабдықтаушы — өнеркәсіптік, инфрақұрылымдық және басқа да обьектілерді салу кезінде технологиялық құрал — жабдықтардың толық комплексін құрылыс ауданыңа жеткізіп беретін фирма тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша, ең басты жеткізуші келісім бойынша жеке машиналарды жеткізіп беру үшін басқа кәсіпорындарды немесе фирмаларды жұмсайды. Ондай жеткізушілерді субжабдықтаушылар деп атайды.
Субжабдықтаушылардың тапсырмаларды орындаған — орындамағанына қарамастан, тапсырыс беруші алдында бас жабдықтаушы жауап береді.
Халықаралық сауда әр ел экономикасы үшін маңызды бір элемент деп айтуымызға болады. Өйткені халықаралық сауданы дамыту үшін ең бірінші ауыл шаруашылығын, өндірісті, және т.б. дамыту қажет. Ал оларды дамыта отырып халықаралық аренаға шыға алады. Халықаралық сауданың дамуы сонымен қатар елдер арасындағы достық қатынастарды күшейтуге және ….