О дыбысы мен әрпі слайд балабақшаға
О дыбысы мен әрпі
Сауат ашу.
Сабақтың тақырыбы: О дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: О әрпімен балаларды таныстыру. Құрамында О
дыбысы бар сөздерді талдау. О дыбысы бар
сөздерге сөз, сөйлем ойлау.
Дамытушылығы: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ-жауап, жұмбақ.
Көрнекілік: Мазмұнды сурет, қима әріптер, сызба-кесте.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру сәті.
ІІ. Өткенді қайталау.
Ойын : «Сөз ойла,тез ойла»
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Тақырыпты хабарлау.
— Балалар,бүгін біз «Әріптер бағына» саяхатқа шығамыз.
— «Әріптер бағына» қандай көлікпен барсақ екен?
— Ал,балалар,ол баққа мен «Білім» көлігімен барғым келіп отыр. Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсыңдар ма?
-Онда қарап отырмайық.
— Ал,балалар,ойнайық,
Ойнайық та ойлайық,
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық.
1. «Оюда»бармын
«Допта»бармын.
«Түнде»жоқпын
Мен сонда қандай дыбыспын? (О)
«О»дыбысын үш рет хормен қайталап айтқызу.
2. «О» дыбыс туралы түсінік беру О дыбысы дауысты дыбыс .Қызыл түспен белгілейміз.
3. Балалар алдымыздан қасқыр шықты.Ол біздің қайда баратынымызды сұрайды. Қасқырдың тапсырмасы суретке қарап сөйлем құрастыру.
осы сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Балалар, алдымыздан мысық шықты,мысықтың тапсырмасы буындарды оқу.
4.Сергіту сәті.
Оң қолымда-бес саусақ.
Сол қолымда-бес саусақ.
Алақанды ашамыз.
Бесті беске қосамыз.
Кел, санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы?
6. Алдымыздан түлкі кездесті.Түлкінің тапсырмасы дәптермен жұмыс
— Ауада жазу. — қол жаттықтыру, — дәптерге жазу
Оо, Оо,О о.Оо,Оо,Оо.
7. Қорытындылау.
Ойын :Алдар көсе сыныпқа келеді.Қоржынында бір тапсырмасы бар.Ол сабақты қаншалықты меңгергендерін білу үшін «О»әрпінен келетін сөздер айтқызу,сөйлем құрастыру.
-Енді балалар,Алдар көсе өз ауылына аттанды.Ол сендерге сабаққа жақсы қатысқандарың үшін қуанышты хабарлама таратады.
Отан туралы тақпақ айту.
Отан деген – атамекен
Отан деген – туған жер.
Отан — ана,Отан – пана.
Қазақстан — туған ел.
8. Үйге «Отан» тақырыбында сурет салу.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!