Қазақ хандары туралы слайд,презентация
Қазақ хандары туралы слайд,презентация
Олар Абулхаир хандығында сұлтандар болатын. Уақытымен олар Абулхаир ханмен ұрысып қалды да Мағулистан ханығына барды, ал Мағулистан екі сұлтанға жер берді.
Дәл сол жерде Қазақ хандығы құрылды. Ең алғашқы хан Керей болды өйткені Керей Жәнібектен үлкен болды.
Керей хан (туған жылы белгісіз, XV ғасырдың 70-жылдарының басында қайтыс болған) — Қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі. Керей хан — Орыс хан немересі Болат ханның ұлы.
XV ғасырдың 50-жылдарға дейінгі тарихи мәліметтерінде Керей хан туралы деректер жоқ. «Тарихи Рашиди» еңбегіндегі деректерге сай, XV ғасырдың 50-жылдарының аяғында Керей хан Жәнібек ханмен бірге Өзбек хандығы тайпаларының бір бөлігін басқарып, Моғолстанға қоныс аударған.
Моғолдардың ханы Есенбұға (1432-1464) Шу өзенінің бойынан жер бөліп берген. Сонымен бірге, Есенбұға Әбілқайыр хан билеп отырған «Көшпенді өзбектер мемлекеті» тұрғындарының біраз бөлігінің Керей мен Жәнібектің қол астына өтуіне қарсы болмады.
Жәнібек Әбусағит (туған жылы мен өлген жылы белгісіз) — Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі. XV ғасырда өмір сүрген. XV ғасырдың 50-жылдарына дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ.
1456 жылы Дешті-Қыпшақта шайбанид Әбілқайыр билікті қолына алған соң, көшпенді халықтың Жәнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасты, олардың билігінің күшеюі 1468 жылы Моғолстанға әскери жорық жасамақ болып, бірақ жол үстінде кенеттен қайтыс болған Әбілқайырға олар тарапынан қауіп төнуі мүмкін деген ой салды.