Емхана балабақша ойындары
Емхана
Мақсаты:Балалардың дәрігер еңбегіне бақылау жасау арқылы олардың іс-әрекетін рөлдерге бөліп ойнауға үйрету.Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігін сезіне білуге дағдыландыру, ойын арқылы баланың білім деңгейін жандандыра отырып , сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Жауапкершілікке, адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, жеке жұмыс , қорытындылау.
Көрнекілік: Әрбір дәрігерге арналған арнайы бөлме, дәрі-дәрмектер , ақ халат, бас киімдер, дәрігерге қажетті құрал жабдықтар.
Алдын ала жұмыс: Балабақша дәрігері Анар апайдың еңбегімен таныстыру.
Қажетті құралдар: дәрі –дәрмектер, кітапшалар, халаттар, бас киімдер,құрал-жабдықтар.
Іс-әрекет
кезеңі. Тәрбиешінің іс әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Балалар келген қонақтармен амандасайық.
Балалар есімізге түсірейікші қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
-Жарайсыңдар, жақында біз қандай мамандық иесімен таныстық?
-Балаларымыздың дәрігері Анар апайымыздың еңбегімен таныстық.
-Бәрекелді,дәрігер апай бізге не туралы айтты?
-Жарайсыңдар ,біз дені сау жақсы азамат болып өсуіміз үшін әрдайым үлкендердің айтқанын тыңдап жүру,дәруменді тағамдар жеу,спортпен шұғылдану керек екенін түсіндік, таза жүріп, тамаққа отыратын кезде қолымызды жууымыз керек.
-Дәрігер болып ойнағыларың келеді ме?
-Дәрігер мамандығы ұнайды ма сендерге?
-Балалар ендеше бүгін өздерің көріп тұрғандай мен тобымызды «Емхана» рөліне сәйкес дайындадым. «Терапевт», « Бала дәрігері», « Қабылдау бөлмесі», «Егу бөлмесі», «Дәріхана», «Жанұя». Ойынмызды бастамас бұрын мен сендермен санамақ арқылы дәрігерлерді таңдап аламын.
Әрбір дәрігердің өзіне жүктелген міндеті бар.
Қабылдау бөлмесіндегі дәрігер келген науқасты жылы қабылдап,карточкасын тауып беріп,келген дәрігердің бөлмесін көрсетіп,еміне шипа болуына тілектес білдіреді.
Терапевт дәрігері-келген науқасты жақсы қарсы алып, қай жері ауырғанын сұрап, науқасқа көмек көрсетуі керек.
Бала дәрігері –кішкентай балаға көмек көрсетіп,ішетін дәрісін, алатын емін тағайындау.
Егу бөлмесі –дәрігер тағайындаған еміне сәйкес әкелген дәріні егіп, ем болуына тілек білдіру.
Дәріхана бөлімі -халыққа қызмет етіп дәрілер босатады.
Балалар амандасады.
Дәрігер, асхана, құрылысшы, дүкенші,шаштараз.
-Дәрігер.
-Дәрігер құралдарымен таныстырды.
-Таза ауамен жүру керектігін ескертті.
-Дәрумені мол тамақтарды көп жеуіміз керек.
-Спортпен шұғылдану керек.
-Ауырып қалсақ дәрігерге көрінуіміз керек.
Балалар өз рөлдеріңді түсіндіңдер ме?
Ендеше орындарыңа жайғаса қойыңдар.
(әр балаға өз орнын көрсетеді)
1-ші үлкен кісі кіреді.
Қабылдау бөлмесі: Сәлеметсіз бе, Қош келдіңіз!
— Көп жаса балам.
— Қай жеріңіз ауырып келдіңіз ата?
— Басым ауырады.
— Қәзір карточкаңызды тауып берейін,аты жөніңізді айтыңыз.Көшеңіздің нөмері,үй телефонын айтыңыз жазып қояйын.
— Міне, карточкаңыз қәзір тіркеп алайын.Сіз терапевт дәрігеріне барасыз.Есік сыртында бір саны белгіленген бөлмеде терапевт дәрігері отырады,бара беруіңізге болады.Сау болыңыз!
Терапевт: Сәлеметсіз бе?
-Өркенің өссін балам.
-Қай жеріңіз аурып мазалайды?
— Дәрігер балам 2-3 күн болды басым ауыра береді.
-Қәне, қан қысымыңызды өлшейін.Ата сіздің қан қысымыңыз көтеріліп тұр екен,қәзір егу бөлмесіне жіберейін,сол жерде сіздің қан қысымыңызды түсіретін дәрі егеді,сосын басыңыз ауырғаны қояды.Ата сізге анализге қағаз жазып беремін ,сізге әрі қарай ем тағайындаймын. Дәріханадан мына дәріні ала барыңыз жарайды ма ата?! Уайымдамаңыз бәрі жақсы болады. Ертең таңертең кан тапсырыңыз.
Зере атаға анализге, қанға қағаз жазып берші.( мейірбике қағаз жазып береді)
Дәріхана:
-Сәлеметсіз бе ата! Қандай көмегім қажет?
-Амансың ба балам! Мына дәрілерді жазып беріп еді.
-Иә ата мына дәрілер бар ,қәзір берейін.2000 теңге болады.
-Рахмет балам.
-Ем болсын ата!
Егу бөлмесі:
-Сәлеметсіз бе ата!
-Өркенің өссін балам.Мына дәрілерді дәрігер балам жазып беріп еді.
-Қағазыңды беріңіз ,тіркеп алайын.Бұрын осы уколды салдырып көрдіңіз бе?
-Иә балам, уайымдама алдырып жүрмін.
-Ата онда келіңіз орындыққа жайғасыңыз.(укол салады ).Ем болсын.Екі мезгіл келіп алып тұрасыз.
-Жарайды балам.
-Уақытылы келіп , ем қабылдап тұрамын. Үлкен азамат бол балам!
-Сау болыңыз!
Қабылдау бөлмесі:
-Сәлеметсіз бе апай!
-Сәлеметсіз бе!
-Қай жеріңіз ауырып келдіңіз?
-Мына кішкентайыма екпе припевкасына алып келген едім.
-Карточкаңызды тауып берейін, аты-жөні,қай көшеде тұрасыздар ? Айы ,күні, жылы.
-Ахметова Шахназ. С.Мұханов №5 үй.05.01.2010.
-Міне, карточкаңыз, №2 бала дәрігеріне барасыз.
-Сау болыңыз!
Бала дәрігері:
-Сәлеметсіз бе!
-Амансыз ба! Мына баламның бір жолғы екпе припивкасына алып келдім.
Дәрігер: Келе ғой балақай ,көріп жіберейін. Атың кім?
-Шахназ.
(градусник қояды).
-Аузыңды аша ғой. (Тексеріп көреді.)
Кеудеңдегі тоқымаңды котер ,бір тексерейін,артқа қарай ғой,тағы бір тексеріп жіберейін.
Дәрігер: Балақай қыс мезгілінде жылы киініп жүруіміз керек ,суық су ішуге болмайды,анаңның айтқанын тыңда, тұмау тиіп қалмасын.
Бала: Жарайды, анамның айтқанын орындаймын.
Дәрігер: Апа қәзір егу бөлмесіне барып бір жолғы екпе припивкасын алыңыздар, 3күнге дейін шомылмаймыз, кешке қызуы көтерілсе осы іште жақын жерде дәріхана бар сол жерден парацетамол дәрісін алып алыңыз, қызуы көтерілсе беріңіз. Жарайма ?
Анасы: жарайыды сау болыңыз.
Дәрігер: сау болыңыз, ем болсын!
Егу бөлмесі :- Сәлеметсіз бе.
-Сәлеметсіз бе ,бір жолғы екпе пипивкасына келдік.
Қәне келеғой балақай , карточкаңызды беріңіз тіркеп алайын.Апа 3 күнге дейін суға түсірмейміз, кешке қызуы көтерілсе парацетамолдан бір түйір ішкізіңіз. Жарайма?
-Жарайды.
-Сау болыңыз!
-Рахмет сізге.
-Ем болсын!
Дәріхана:
-Сәлеметсіз бе! Қандай көмегім қажет?
-Сәлеметзіз бе? Сізде парацетамол дәрісі барма.
-Мінеки дәріңіз, 50 теңге тұрады.
Ем болсын , ауырмаңыз!
-Рахмет пейіліңізге, сау болыңыз!
Қабылдау бөлмесі: (Телефонмен сөйлеседі.)
-Сәлеметсіз бе?Алло емхана, қабылдау бөлмесі.
-Сәлеметсіз бе? Баламның қызуы түспей қатты ауырып тұр.
-Аты жөні?
-Туған жылы, айы, күні?
-Қай көшеде тұрасыздар?
-Айтуған Әлмансұр.
-03.01.2010жыл.
-Біржан сал №110
-Қазір мен дәрігерін үйіңізге жіберемін.(бала дәрігеріне карточкасын шығарып береді)
Бала дәрігері:
-Сәлеметсіз бе?
-Сәлеметсіз бе? Сізге Біржан сал №110 үйден шақырту түсіп тұр.
-Жарайды қәзір шығамыз.
-Машина дайынтұр.
-Қәне жиналайық.
Машинамен шақыртуға барады.
-Ассалаумалейкүм.
-Ассалаумалейкүм ,сіздерді көшені таба алмас деп сыртта күтіп тұр едім.
-Анасы: амансызба баламның қызуы көтеріліп,ауырып тұр.
-Келе ғой балақай көріп жіберейін,градусникті қояды.Апа балаңыздың ангенасыкөтеріліп тұр,қызуы сондықтан шығар.
Анасы: Кеше балам далаға жеңіл киініп шығып кетіпті.
Дәрігер: Балақай қыс мезгілінде жылы киініп жүру керек,суық су ішпейміз,анаңның айтқанын тыңдауымыз керек жарайма.
Бала: жарайды анамның айтқанын орындаймын.
-Апа дәрілер жазып берейін,медбике қәзір дәрі егеді, күніне екі рет емін алып тұрыңыз.Аузын шаюды ұмытпаңыз. Дәрілер арасына жазып қойдым.
-Жарайды уақытылы салып тұрамыз.
-Балақай тез жазылып кетуіңе тілектеспін. Сау болыңыздар .Уақытылы ем алып болғасын бір көрініп кетіңдер емханаға.
-Жарайды сау болыныз!
-Папасы: мен сендерді шығарып салайын есік алдына дейін. Сау болыңыз.
Балалар ойын сендерге ұнады ма? Маған бүгін бәріңнің ойындарың,іс-әрекеттерің ұнады,жарайсыңдар,әсіресе Раяна Меруерт,Дамир,Ринат. Бүгін сендердің іс-әрекеттеріңді бақылау үшін,күнделікті денсаулығымызды текскріп тұратын дәрігер апайымыз Анар апайымыз келіп отыр.Анар апайға сөз берейік. Анар апай мені балаарымның ойыны сізге ұнады ма?
-Балалар ойындағы іс-әрекеттерің өте ұнады,мен ризалығымды білдіріп сендерге бүгін мынандай дәрумендер ала келдім, сендерге көп күш береді.
-Рамет Анар апай.
Балалар ендеше Анар апайымызға, барлық дәрігерлердің еңбегіне табыс тілеп,білетін тақпақтарымызды айтайықшы.
Раяна: Нәр алып жылы сөзіңнен,
Жақсарып келем жалындай.
Шипалы сөзің, еміңмен,
Көктемгі жасыл жайлаудай.
Меруерт:Адалдық ақ жол сеніммен
Алғысын көптің ала бер.
Ақжарқын адал көңілмен
Сырқаттың жайын таба бер.
Күш – қуат алып өмірден,
Қартайма, лаулап жана бер.
Осымен ойынымызды аяқтап, күннің екінші жартысында тағы да ойнайтын боламыз.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: аурухана туралы балалар білетін түсініктерін еске
түсіреді;
Түсінеді: дәрігерлердің түрлі салаға бөлініп, қызмет ететіндіктерін
түсінеді;
Қолданады: рөлдерге бөлініп ойнау арқылы дәрігер еңбегін
бағалап, үйренеді,олардың қиын жұмыстарына құрметпен қарайды.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!