Тоқ ішектің оң жақ бөлігінің қатерлі ісігі слайд,презентация
Тоқ ішектің оң жақ бөлігінің қатерлі ісігі слайд,презентация
Бұл қатерлі ісікте іш қату бірінші орынға шығады,көбінесе диета мен медикаментозды емге басылмайды,іште ауырлық сезімі және іш кебумен жалғасады. Іш өту тоқ ішектің бұл бөлімінің ісігіне тән емес,болған күнде де ол қосымша колиттің белгісі. Ішек айқын тарылғанда ішек өтімсіздігі болады,науқастар нәжіс пен газдың үнемі жүрмейтініне,қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Бірақ ішек өтімсіздігі аурудың ерте кезеңдерінде байқалмайды. Және тоқ ішектің бұл бөлімінің қатерлі ісігіне тән –қан аралас нәжіс.Ол жиі қатты нәжістің тарылған ішек бөлігі арқылы өткенде жарақаты нәтижесінде пайда болады. Тік ішекті саусақпен зерттеу жамбас қуысына метастаздарын анықтауға көмектеседі. Ректоромоноскопияда ісікті анықтап,әсіресе сигма тәрізді ішектегі және цитологиялық,гистологиялық зерттеуге материал алуға мүмкіндік береді.
Рентгенологиялық зерттеуде ісіктің локализациясын,көлемін,ішектің тарылу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Колоноскопияда ісікті анықтап ғана қоймай ,биопсиға материал алып,диагнозды морфологиялық верификациялауға болады. КТ кезінде метастаздарын анықтайды.