Қазақстан қонақ үйі слайд,презентация — Тарих
Қазақстан қонақ үйі слайд,презентация
Қазақстанның ең сұлу қалаларының біреуі – Алматы. Әсем табиғатпен астасқан қазіргі заман қаласы Сізді бей-жай қалдырмайды .
Егер Сіз жанға жайлылық пен таңдаулылықты, қолайлылық пен үй жайлылығын ұнататын болсаңыз, онда Сізге ең қолайлы қонақ үй «Қазақстан» болып саналады. Ширек ғасырдан астам уақыт бойы “Қазақстан” қонақ үйі қонақтарды үздіксіз қабылдап, алматылықтар мен қала қонақтарының лайықты қошеметіне бөленіп келеді. Қонақ үй қошеметіне бөленіп, қызметтерді лайықты бағалай білетін қонақтарға есіктер әрқашан да ашық. Қаламыздың көрікті жеріне орналасуы мен мінсіз қызмет көрсетуі арқасында, Сіз еліміз бен әсем қаламыздың іскерлік және мәдени орталығына тура түскеніңізді тап басып біле аласыз. «Қазақстан» қонақ үйі Сіздің қарамағыңызға, түрлі іс-шараларды өткізу үшін қолайлы салтанат-мәжіліс залы мен кез келген іскерлік орталық тапсырмаларын шешу үшін құрал-жабдықтарды бере алады. Қонақ үй қаланың әкімшілік және мәдени орталығында орналасқандықтан, қаламызда болған күндеріңізді барынша жайлы және қолайлы етуге себепші болады.
Қонақ үй кешенінде, Сіз мүлтіксіз қызмет көрсету, барынша жайлылық пен жылы шырайға тап боласыз.
Қонақ үй тарихы
«Қазақстан» қонақ үйі өте ерте уақыттан бастап Алматы қаласының символына айналған еді. Керемет архитектуралық үлгісі, қайталанбас сұлулығы мен сызықтарының тұжырымдылығы, жалпы түрі – осының бәрі жинақтала келе, қаланың сыртқы көрінісі мен еліміздің дамуына көп ықпал етті. Қазіргі уақытта, қонақ үйдің суретін қаламыз бен еліміздің көптеген жарнамалық материалдарынан, ақша қағазынан, қатырма ашық хаттардан, картиналар мен миллиондаған азаматтардың жеке фотографияларынан кездестіруге болады. Өз клиенттеріне қызмет көрсету сапасы, жайлылық пен үйдің жылылық аясын қамтамасыз етуге ұмтылысы 2002 жылы «Еуропа Аркасы» наградасымен, ал 2003 жылы сапаға ұмтылу үшін берілетін Платина жұлдызымен марапатталған болатын. 2006 жылғы 17 ақпанда өткен ашық аукционнан соң, «Қазақстан» қонақ үйі мемлекеттік меншіктен жеке меншікке өтті. Онсыз да жоғары деңгейде болған клиенттерге қызмет көрсету деңгейі, өзінің жаңа қарқынмен дамуы үшін қосымша күшке ие болып, бұрынғыдан да жоғары деңгейге көтерілді.