Тұмауды үйде қалай емдеуге болады?
Қыс мезгілінде жиі кездесетін ауру – бұл тұмау. Жер шарында тұмаумен ауырмаған адам жоқ шығар. Тұмау жұқтырмаудың әрі одан тез емделудің жолы бар ма? Ендеше, халық еміне жүгініп көрейік:
Тұмауратқан адам тәулігіне 2 литр сұйықтық ішкені дұрыс. Ол ағзадан вирустың тез шығып кетуіне көмектеседі. Сондай-ақ, тұмау індеті басталған кезде қолды күніне 5-6 рет сабындап жуған дұрыс. Бұл тұмау жұғуды 2 есеге төмендетеді.
Тұмаудың тағы бір емі – бал қосылған сүт. Ауырған кезде сүті бар шайға бал қосып, және сүтке сарымай қосып ыстықтай ішіңіз. 1 стақан ыстық сүтке 1 шай қасық бал, ұсақталған немесе үккіштен өткізілген сарымсақтың бір бөлігін араластырыңыз. Дәмді болмаса да бұл тәсіл тұмауды бірден жояды.
Тұмауға қарсы үй өсімдіктерін пайдалануға да болады. Мысалы, алоэ жапырағының сөліне бірнеше тамшы өсімдік майын қосып, мұрынға тамызған жөн. Егер алоэ табылмаса, оның орнына сәбіз шырынын пайдалануға болады.
Оған бірнеше тамшы сарымсақ сөлін қосуды ұмытпаңыз. Мұрныңыз бітіп қалса, пияздың суы да жақсы көмектеседі. Ол үшін таза мақтаны пияздың суына шылап, бірнеше минут мұрын қуысына салып қойыңыз.
Күніне 4-5 рет қайталау қажет.Тазартылған 50 грамдай өсімдік майына сарымсақ (2-3 бөлігін) пен орташа көлемдегі пияздың төрттен бірін майдалап турап, араластырып, қоспаны бір түнге қалдырыңыз. Ертесі оны сүзіп, сөлін мұрын қуысына тамызыңыз.
Дереккөзі: