Төрт боксшымыз Хельсинкидегі халықаралық турнирдің келесі кезеңіне өтті

0

Финляндияның Хельсинки қаласында бокстан халықаралық Gee-Bee турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирді жастар арасындағы әлем чемпионатының вице-чемпионы Дамир Тойбай (+91 келі) ерте аяқтап, елге қайтты. Одан бөлек, Бағдат Уайдаев (60 келі) пен Мирасали Сәрсеновтің (64 келі) де жолы болмады.

52 келі. 1/4 финал. Азат Махметов (Қазақстан)  — Уилл Коули (Англия) — 4:1
60 келі. 1/4 финал. Бағдат Уайдаев (Қазақстан)  — Арслан Хатаев (Финляндия) — 0:5
64 келі. Алғашқы раунд Мирасали Сәрсенов (Қазақстан) – Бек Камчыбеков (Қырғызстан) 0:5.
69 келі. 1/4 финал. Талғат Шайкен (Қазақстан) — Викторьен Монни (Франция) — 5:0
75 келі. 1/4 финал. Нұрбек Оралбай (Қазақстан) — Антон Хельстрем (Швеция) — 5:0
91 келі. 1/4 финал. Айбек Оралбай (Қазақстан) — Владимир Узунян (Ресей) — 4:1
+91 келі. ¼ финал. Дамир Тойбай (Қазақстан) – Джастис Хани (Австралия) 2:3

Айта кетейік, Ержан Жомарт (49 келі), Жанболат Қыдырбаев (56 келі) және Тимур Ержанов (81 келі) әлі шаршы алаңға шықпаған.



Дереккөз: prosports.kz/kz