Танымал бизнес тренер еркекті ер ететін қандай әйел екенін айтып берд — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Наурыздың 7-сі күні халықаралық деңгейдегі танымал бизнес-тренер, жас кәсіпкер Аманжол Рысмендиев «Еркекті ер ететін қандай әйел?» атты мастер-классын өткізді.  8-наурыз мерекесіне байланысты мастер-класс тегін ұйымдастырылды. Мастер-класста не айтылды? Бақытты отбасының құпиясы неде? Әйел мен күйеу арақатынасын жақсартудың жолы қайсы? Осы сынды сұрақтарға мастер-класска қатысқан Stan.kz ақпаратық агенттігінің тілшісі жауап береді. 

Мастер-класс еркек пен әйелдің Ин мен Ян секілді минус пен плюстен тұратын, бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын екі жаратылыс екенін түсіндіруден басталды.  Бұл жерде ер-плюс, әйел-минус. Плюс өзінің плюс екенін минустың қасында білетіні сияқты, еркек те өзінің ер екенін әйелдің қасында ғана сезінеді.

Ерлерде дене күші мен логикалық ойлау жүйесі жақсы дамыса, әйелдерде эмоция мен табиғи өмірлік міндет басым. Демек, екеуі бірін-бірі толықтырып отыруы керек. Яғни әйелдер қауымының басты міндеті  өз азаматына эмоция, энергия беру. 

«Әйелінен көңілі қалған еркектің, өмірден көңілі қалады» дегендей өз жұбайыңыздың көңілінен шығу үшін төмендегі қарапайым амалдарды орындасаңыз жетіп жатыр.

Еріңізді құдайдай құрметтеу;

Ешқашан есеп сұрамау;

Сөз таластырмау, еріңіздікі әрқашан дұрыс;

100% қызымет істеу;

Өзге жұрттың күйеуімен ешқашан салыстырмау. Шабыт беру;

«Сіз» деп сөйлеу.

«Әлемдегі ең құрметтейтін адамым-күйеуім» деп айтуды насихаттайтыни бұл мастер-класс отбасындағы еркек пен әйелдің өзіне ғана тән міндеттерін санамалап айтумен жалғасты. Бастысы өз міндеттерін шатастырып алмай, гармонияда ұстаса отбасыда тұрақтылық, береке-бірлік болады. 

Мастер-класстың екінші бөлімініде алға қойған арман-мақсаттың орындалуы үшін нақты қандай қадамдар жасау керектігі жайлы, энергия мен сәйкестік және амал-әрекет заңдылықтары туралы сөз болды. Мастер-классқа келген қыз-келіншектер де өз жанына керектіні тапөандай, бір мәселесінің  түйінін шешкендей әсерде қайтты.

«Бүгінгі мастер-класска көңілім толды. Керемет әсер алдым. Көз қарасымыз бен ойымыз өзгерді. Арман-мақсаттарымды орындауда бүгінгі қатысқан мастер-класс көп көмегін берері сөзсіз»,-дейді Ботакөз Дәулетқызы, мұғалім.



«Бүгінгі семинардан жанұядан болатын көп ұрыс жанжалда өзімнің кінәм бар екенін түсіндім. (көзіне жас алып) Өзімді өзгертіп, өз ойымды өзгертіп бақытты отбасы болуға тырысамын. Күйеуіме көңілім толмай «олай істе-бұлай істе» деп айта беретінмін. Ал қазір ол әрекетім дұрыс еместігін ұғынып отырмын. Алдымен мен өз күйеуімнің дәрежесіне сай болып алайын, сосын бірге жоғарыға көтерілеміз. Бұндай семинарларға бірінші рет қатысып тұрмын. Аманжол мырзаға алғысым шексіз. Ендгі тілегім осындай семинар-тренингтер тоқтасама екен»,-деп көз жасына ерік берген жеке кәсіпкер Садуева Гулнара.


 

 

 

 

 

stan.kz