Алматылық қария АҚШ-та балқып-шалқып өмір сүріп жатқан қызын сотқа берді

0

Ол 78 жасында өз балаларына қажет болмай қалғанына қатты күйініп отыр

АСТАНА, 9 наурыз — Sputnik. Алматыда 78 жастағы зейнеткер туған қызын сотқа берді.  

Қыз 20 жылдан бері бір рет те әкесінің қал-жағдайын сұрап хабарласпаған. Сондықтан ол одан алимент өндіруге шешім қабылдапты. Зейнеткердің айтуынша, қазір қызы отбасымен бірге АҚШ-та тұрады және табысы жақсы, ал өзі аз ғана зейнетақымен күнелтіп отыр, деп хабарлады Еуразия бірінші арнасы.

«30 жыл бойы бағып-қақтым, өзі бөлек тұрып жатса да киім-кешегіне дейін алып беретінмін», — дейді қария.

Қадыр Нөкин 78 жасында өз балаларына қажет болмай қалғанын тіпті елестете де алмайды. Бұрын зейнеткер қоғамдық ұйым – ҚазССР қысқы спорт түрлерінің президенті қызметін атқарған.

Отбасы ештеңеден таршылық көрмеген. 90-жылдардың басында қызы мен күйеу баласы балаларын ертіп Америкаға кетіп қалыпты. Кіші қызы да хабар алуды сиреткен,  ал ұлының өзі қаржылай көмекке мұқтаж көрінеді.  

«Олардың өзге елге кетейін деп жүргенін білген жоқпын. Ұшып кеткенін кездейсоқ біліп қалдым. Қызыммен сол жаққа барғаннан кейін бір-ақ сөйлестім», — дейді Қадыр Нөкин.

Зейнеткер үлкен қызы басында жиі хабарласып, суреттерін жіберіп тұрған. Кейін байланысқа шығуды тоқтатады. Жиендерін көрмегеніне де көп болыпты.     

«Ол сот басталған кезде ғана қоңырау шалды. Маған айтпағаны жоқ, ештеңе демедім. Басыңда түкке тұрғысыз проблема пайда болып еді, қоңырау шалдың, ал Алматыға ондаған рет келіп-кетіп жүріп бір рет те жағдайымды сұрамап едің дедім», — дейді зейнеткер.      

Оның айтуынша, қызы мен күйеу баласы АҚШ-та зәулім үйде тұрады, табыстары жақсы. Ал өзі тар пәтерде зейнетақыға күн көріп отыр. Зейнетақым азық-түлікке, дәрі-дәрмекке жетпейді дейді.

Ақсақал сотқа талап арыз түсірді. Қызынан, жиендері мен күйеу баласынан ай сайын 400 доллар алимент өндіргісі келеді.   



sputniknews.kz