Курстық жұмыс: Қаржы | Валюта нарығы және валюталық реттеу

0

Мазмұны

КІРІСПЕ
І ТАРАУ. Валюта нарығы және валюталық реттеу туралы жалпы түсінік
1.1. Валюта нарығы және валюталық операциялар.
1.2. Валюталық нарығын реттеудің мағынасы мен қажеттілігі.
1.3. Валюта нарығын бақылаудың негізгі бағыттары.

ІІ ТАРАУ. КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ
2.1. Негізгі ұғымдар мен жалпы ережелер.
2.2. Резиденттердің кредит алуымен және резидент еместердің
резиденттердің экспорт-импорт мәмілерін кредиттеуімен байланысты
операцияларын тіркеу
2.3. Резидент еместердің Қазақстан Республикасына тікелей және
порфельдік инвестицияларын тіркеу.

ІІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ВАЛЮТА
НАРЫҒЫН РЕТТЕУ
3.1. Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүзеге
асыратын резиденттер мен резидент еместердің құқықтары мен
міндеттері.
3.2. Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу
ережесі.

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
І ТАРАУ. Валюта нарығы және валюталық реттеу туралы жалпы түсінік

1.1. Валюта нарығы
Валюта дегеніміз – мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісі мен айырбастауға жататын тиындар) түріндегі қолма-қол және аударым нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ, шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірлігіндегі қаражат.
Валюта арқылы сыртқы тауарлар мен қызметтерді пайдалануға, туризм және мемлекетгің жеке ақша қозғалысын және т.б. көптеген қызметтерді жасауға болады.
Валюталық нарық дегеніміз – ұлттық валютаны шетелдік валютаға алып сатқан кезде, ұсыныс пен сұраныс нәтижесінде қалыптасқан белгілі-бір ресми орын.
Халықаралық есеп айрысу спецификасының маңызы мынада: валюталық баға төлем құралы ретінде көбінесе шетелдік валютаны қолданады, өйткені әлі халықаралық бүкіл мемлекетгерде алуға тиісті белгілі-бір валюта жоқ, сондықтан да сыртқы саудада, несиеде, инвестицияда мемлекет аралық есеп айрысу үшін бір валютаны екінші валютаға сату керек. Валюталық курстың бағамы оны сатып алу қабілеті арқылы белгіленеді.
Валюталық бағам дегеніміз – бір ақша бірлігінің екінші ақша бірлігі- мен алғандағы бағасы. Ол нарықты экономика жағдайында сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде анықталады және экономиканың жағдайын көрсетеді. Валюталық бағам халықаралық сауда және капитал қозғалысында өте үлкен роль атқарады. Валюталық бағамның өзгерісін байқасақ, ол сол валютаның құнсызданғанын немесе құнының жоғарлағанын көрсетеді.
Валюталық нарықты айтқанда онда көбінесе нақты және номиналды валюталық бағам деген сөздер кездеседі. Екі елдің тауарларының қатынасы негізінде (сол елдің валютасы негізінен алынған) нақты валюталық бағамды анықтауға болады. Мемлекеттің валюталық нарығында көрсетілген валюталық бағамды – номиналды бағам деп атайды.
Валюталық бағамның үш түрі бар:
 белгіленген;
 өзгермелі;
 аралас;
Белгіленген валюталық бағам деп – берілген мерзім ішінде өзгермей қалынған бағам; сол бағамның өзгермеуіне мемлекет өзі кепілдік береді. Белгіленген жүйенің мысалы ретінде Бреттон-Вудск жүйесі қалыптасқан.
Өзгермелі валюталық бағам кезінде ол сол валютаға байланысты бағамның сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасуы.
Аралас валюталық бағамның мысалы ретінде көптеген дамыған елдерді айтуға болады; оларда өзгермелі бағам да және кейбір жерлерінде белгіленген валюталық бағам да бар.
Валюталық операциялар дегеніміз – ол меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, яғни, валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту болып табылады. Валюталық операциялар ағымдагы операциялар жане капитал қозгалысына байланысты операциялар болып бөлінеді.
Ағымдагы операцияларға жататындар:
 тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
 180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және алу;
 салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша девиденттерді, сыйақыларды жөне өзге кірістерді аудару және алу;
 гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік сомманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа соммаларды аудару;
 капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатқызылмайтын барлық өзге де валюталық операциялар.

Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар мыналар:
 инвестицияларды жүзеге асыру;
 интелектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айрысуды жүргізуге арналған аударымдар;
 жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтарды төлеуге аударымдар;
 тауарлар, жұмыстар және қызметгер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспор-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
 180 күннен асатын мерзімге кредиттер беру және алу3;

1.2. Валюталық нарығын реттеудің мағынасы мен қажеттілігі

Мемлекеттің әлем экономикасына кіруі валюталық қатынастар жүйесінің дамуына әкеледі және олар мемлекет нарығының қалыптасуына әсер етеді. Мемлекеттік реттеу елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейтуге, экономиканың тез көтерілуіне жәрдемдеседі. Мемлекетіміздің әлемнің сауда-саттық бірлестігіне кіруіне жағдайна бейімделген.
Валюталық бақылау мынандай бағыттарда жүзеге асырылады:
 экспорттық-импорттық валюта бақылауы;
 қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуді бақылау;
 капитал қозғалысына байланысты операцияларды бақылау;
 валюта нарығындағы субектілерге инспекция жүргізу.
Валюталық реттеу дегеніміз – уәкілетті мемлекеітік органдардың (валюталық реттеу органдарының) елдің төлем балансын нығайту, ұлттық валютаның тұрақтылығың, ішкі валюта рыногын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операциялар жүргізу тәртібін белгілеу және оның сақталуын бақылау жөніндегі қызметі.
Валюталық нарықты құруға, мемлекеттік монаполиядан валюталық құндылыққа өту кезенінде Қазақстанда қайшылық пен үдеріс ілесе жүрді. Кейбір мекемелерге дәлелсіз жеңілдіктер берілді, әсіресе реформалаудың бастапқы кезеңіңде. Валюталық саясаттың дұрыс болмауынан сыртқы сауда операцияларына қатысушылар санының көбеюіне әкелді, ол экспорттық-импорттық операциялар бойынша ереже мен нормаларды сақтауына теріс әсер етті. Осының нәтижесі ретінде шетелге капиталдың кетуінің тұрақты тенденциясы байқалды және экспорттық түсімді жасыру, импортгық контракт есебінен аванс төлемдерін келесіде товарлармен қамтамасыз етпей ақшаны аудару сияқты жағдайлар орын алды. Осындай жағдайларда мемлекет кейбір жерінде аталмыш жеңілдіктерді толық жойып, валюталық реттеуте белсене кірісе бастады. Көкейтесті мөселелердің бірі ретінде валюталық бақылау болды.
Валюталық бақылау капиталдың ағуын сақтап қалуға багытталған, сонымен қатар ол республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дамуына кедергі жасайды. Сондықтан қойылатын сауал экономикалық дамудың қай кезеңінде оны қолдану керек екендігінде. Өнеркәсібі дамыған елдер ДВҚ (дүниежүзілік валюталық қор) қағидаларына қарама-қайшы келетін әкімшілік әдістерін тіптен қолданбайтынына қарамастан, осы әдістерді қолдану тәжірибесі Қазақстан үшін, экономиканың дамуының әр кезеңінде, еңгізуден толық жоюға дейін, үлгі ретінде бола алады.
Валюталық реттеу органдарының биылғы жылғы алдына қойған стратегиялық міндеттерінің бірі – мемлекетте экспорттық-импорттық валюталық бақылауының нығайту.
Валюта бақылауының мақсаты валюта операцияларын жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместердің заңдарды сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

1.3. Валюта нарығын бақылаудың негізгі бағыттары

Валюта бақылауының негізгі бағыттары:
 Жүргізілген валюта операцияларының қолданылып жүрген заңдарға сәйкестігін және оларды жүзеге асыру үшін қажетгі лицензиялар мен куәліктердің болуын анықтау;
 шетел валютасындағы төлемдердің контракт шарттарына сәйкес келуі тұрғысынан негізділігін тексеру;
 валюта операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудің толықтығын және дұрыстығын тексеру;
 валюта бақылауы органдары мен агенттері өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының резидентгері мен резидент еместері жүргізетін валюта операцияларының қолданылып жүрген заңға лицензиялардың немесе тіркеу куәліктерінің шарттарына сәйкестігі тұрғысынан бақылау жасауды жүзеге асыруға міндетті;
 валюта бақылауы органдары өз құзыры шегінде нормативтік актілер шығарады, анықталған тәртіп бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде талаптар қояды және Қазақстан Республикасының барлық резиденттері мен резидент еместері орындауға міндеггі болып табылатын заңдарда козделген басқа шараларды қолданады.
 валюта бақылауы агенттері құқық қорғау органдары мен Қазақстан Ұлттық Банкіне олардың клиенттері валюта операцияларын жүргізген кезде жіберген валюта заңдарын бұзудың өздеріне мәлім болған барлық фактілері туралы хабарлауға міндетті;
 валюта бақылауы агенттері өз қызметін жүзеге асыру үшін алда берілген көзделген жағдайлардан басқа кезде өз клиенттерінен тек олар арқылы жүргізілетін валюта операциялары бойынша ақпарат сұрап алуға құқығы бар;
 валюта бақылауы органдары өз қызметін жүзеге асыру үшін валюта бақылауы агентгерін тартуға және олардың міндетті түрде орындауы үшін жекелеген тапсырмалар беруге құқы бар. Валюта бақылауы агентгері валюта бақылауы органдарының мұндай тапсырмаларын орындауға және олардың орындалғаны туралы белгіленген мерзімде есеп беріп отыруға міндетті.

ІІ ТАРАУ. КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ

КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР «КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ТІРКЕУ ЕРЕЖЕСІ» арқылы реттеледі «Валюталық реттеу туралы», «Мемлекетгік және мемлекет кепілдік берген карыз алу мен борыш туралы», «Қақақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және елдің төлем балансы мен сыртқы борышының жай-күйіне шынайы және уақтылы статистикалық есепке алу мен талдауды жүзеге асыру үшін капитал қозғалысымен байланысты операцияларды тіркеу тәртібін белгілейді.
Капитал қозғалысына байланысты операциялар 6-бетте көрсетіліп кеткен.
2.1. Негізгі ұғымдар мен жалпы ережелері

1. «КАПИТАЛ ҚОЗҒАЛЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ТІРКЕУ ЕРЕЖЕСІНІҢ» мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:
 Шарт – кредиттік немесе инвсстициялық келісім, келісім-шарт, құрылтай шарты және капитал қозғалысымен байланысты валюталық операциялар жүзеге асырылатын басқа да құжаттар;
 Шетелдік еншілес немесе қауымдасқан ұйым – дауыс береті……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!