Вишневская әлем чемпионатында 68-ші орын алды

0

Эстерсундта (Швеция) биатлоннан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

8 ақпанда әйелде арасында 7,5 шақырымға спринт жарысы болды.

Бұл жарыста словакиялық Анастасия Кузьмина топ жарды. Екінші орынды норвегиялық Ингрид Ландмарк еншіледі. Ал үздік үштікті неміс Лаура Дальмайер түйіндеді.

Қазақстандықтар сапынан үздік нәтижені Галина Вишневская көрсетті – 68-ші. Биатлоншымыз спорттан шеттетіліп, қайта оралғаннан кейін алғашқы жарысына қатысты.

Биатлон. Әлем чемпионаты. Эстерсунд (Швеция)

Әйелдер. Спринт. 7.5 шақырым

1. Анастасия Кузьмина (Словакия) — 22:17.5 (1+0)
2. Ингрид Ландмарк Тандреволд (Норвегия) — +9.7 (0+0)
3. Лаура Дальмайер (Германия) — +12.6 (0+0)

68. Галина Вишневская (Қазақстан) — +2:54.2 (1+2)
80. Людмила Ахатова (Қазақстан) — +3:49.1 (1+1)
92. Анастасия Кондратьева (Қазақстан) — +6:53.0 (3+2). 



Дереккөз: prosports.kz/kz