атаулы күндер, тарихи оқиғалар, танымал есімдер
Бұл Григориан күнтізбесінде 68-ші күн. Жыл соңына дейін 297 күн бар.
9 наурызда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз.
9 наурызда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін – Халықаралық ди-джей күні. Бұл мейрамның басты мақсаты – қоғам назарын қайырымдылық қызметіне аудару, тек содан кейін ғана DJ-шеберлерінің еңбегінің маңыздылығын көрсету. ЮНЕСКО балаларға қайырымдылық көмек аптасын қорытындылайтын күн ретінде 2002 жылы бұл мейрамды атап өтуге рұқсат берді. Концерттерден, түрлі іс-шаралардан түскен барлық ақша, әдетте, ірі халықаралық қайырымдылық ұйымдардың есепшотына аударылады. Мейрамның пайда болуына бүкіләлемдік DJ қоры мұрындық болған. БАҚ, шоу-бизнес жұлдыздары, музыка арналары мен ди-джейлер бұл күнді атап өтуге өз үлесін қосады.
Тағы оқыңыз: Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 8 наурыз
Сондай-ақ, бүгін барша кішкентай қыздың арманы әрі сүйікті ойыншығы – Барби қуыршағының туған күні. Барби қуыршағы алғаш рет 1959 жылы 9 наурызда Нью-Йорктегі көрмеде таныстырылып, 3 долларға сатыла бастады. Ойыншық көптің көңілінен шыққаны соншалық қыздарға арналған ең үздік сыйлыққа айналды. Кейін дәл осы күн оның туған күні болып белгіленді.
Тағы оқыңыз: «7-20-25» бағдарламасы арқылы баспана алуға бес қадам
Барби қуыршағын Рут Хэндлер ойлап тапқан. Рут Швейцарияға демалуға барған кезде, жұрттың бәрі Лилли деп атайтын «ересек» қуыршақты көріп, оның түрі, дене бітімі мен киіміне тамсанып қайтады. Кейін өзі де осыған ұқсас қуыршақ жасап шығаруға бел буып, оны қызының есімімен атайды. Алғашқы Барби ұзын әрі қара шашты, бетіне опа-далап жағылған, ақ-қара «купальник» киген ересек әйел сияқты еді. Лиллиден аса қатты айырмашылығы болмайтын. Араға біраз уақыт салып Барби неше түрлі киім киіп, шашының түсі де өзгере бастады. Барбидің көйлектері Ив Сен-Лоран, Жан Поль Готье сән үйлерінде тігілсе, әшекей бұйымдарын белгілі зергерлер жасаған.
Тағы оқыңыз: Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 7 наурыз
Бүгін тағы – ерекше ойлайтын адамдар күні. Түптеп келгенде, бір адамның ойы екінші бір адамның ойына мүлде ұқсамайды. Әрбірінің ой-пікірі басқаша, көзқарасы мен дүниетанымы бөлек.
9 наурызда әлемде болған тарихи оқиғалар
1796 жылы Наполеон Бонапарт пен Жозефина Богарне некелесті;
1804 жылы Франция Луизиананы ресми түрде АҚШ-қа берді;
1822 жылы Нью-Йорктен шыққан Чарльз Грэм жасанды тіске патент алды;
1908 жылы «Интернационале» (Милан) футбол клубының негізі қаланды.
9 наурызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
2001 жылы Қазақстан мен Ресей шекараны межелеуге кірісті;
2006 жылы Өскеменнің оңтүстік жағынан жаңа автовокзал салынды;
2010 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы «Полихим өнімдері» ЖШС полиэтилен құбырларын шығарды;
9 наурызда әлемде туған танымал тұлғалар
1814 жылы украин халқының белгілі ақыны және суретшісі Тарас Шевченко дүниеге келді;
1908 жылы кеңестік театр және кино әртісі Леонид Кмит өмірге келді. РКФСР еңбек сіңірген әртісі (1935). РКФСР халық әртісі (1968). «Чапаев» фильмінде Петька рөлін сомдаған;
1934 жылы кеңестік ұшқыш-ғарышкер, Кеңес Одағының батыры Юрий Гагарин туды;
1955 жылы италиялық киноактриса Орнелла Мути дүниеге келді.
9 наурызда Қазақстанда кімдер туды
1900 жылы қазақ жазушысы және тарихшысы, профессор Сұлтан Жантуаров дүниеге келді;
1936 жылы театр және кино әртісі Нүкетай Мышбаева өмірге келді;
1939 жылы жазушы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мамытбек Қалдыбай туды;
1953 жылы суретші-монументалист Әлібай Бапанов дүниеге келді.
Ай күнтізбесі
Ай Тоқты белгісінде орналасады. Жасампаздыққа бағытталған қызметіңіз сізге табыс әкеледі. Бәрі өз-өзінен шешілуі мүмкін. Қарызы бар адамдар бүгін берешегінен құтылғаны абзал, сонда болашақта біреуден қарызға ақша сұрамайсыз. Отбасыңызбен көп уақыт өткізіңіз.
sputniknews.kz