Аз өмірі қалған ана қызының әр туған күніне тілек жазып, 40 ашық хат қалдырып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Англияның Ноттингемшир графтығында тұратын 42 жастағы Лена Пирс бір жыл ғана өмірі қалғанын естігенде қатты қайғыға батты. Ол бес жасар қызын тастап кеткісі келмеді және бүлдіршін өзін жалғыз сезінетін болады деп қорықты. Бірақ, қатерлі ауруға шалдыққан әйел қызына өзінің жалғыз емес екенін еске салып тұрудың шешім тапты, деп жазады Stan.kz.

Аз өмірі қалған ана қызының әр туған күніне тілек жазып, 40 ашық хат қалдырып кетті

Дәрігерлерден моторлы нейрон ауруына шалдыққаны туралы жаман диагнозды естігенде Лена алғашында оған сене алмады. Тек кейіннен ғана оған өзінің барлық жағдайы түсінікті болды. Ол қызы Лексиді алғашқы ауыр айырылысудан кейін жұбата алмайтынын, бітіру кешіне көйлек таңдауға көмектеспейтінін, қызының тойында тілек айтпайтынын түсінді. Сондықтан Лена жоқ дегенде қызына өзі туралы естелік қалдырып, өзін еске салып тұруды шешті.

Ол Лексиге әр туған күні мен Рождество мерекесімен құттықтап жазған көптеген ашықхаттарды дайындап қойды. Қызын уайымдаған ана Лексидің 40 жасқа дейін әр мерекеде анасынан қандай да бір жаңалық алып отырғанын қалайды. Ауру Ленаның сөйлеуі мен жазу қабілетіне айтарлықтай әсер етті. Сондықтан Лена қызына арналған мәтіндерді өзі құрастырып, тек хатты ғана өзіне көмектесуге келіскен мейірбике жаздырып отырды. Сондай-ақ, ашықхаттарға да қолды анасы өзі қойды.

Аз өмірі қалған ана қызының әр туған күніне тілек жазып, 40 ашық хат қалдырып кетті

«Менің сұп-сұлу 11 жасар ботама. Бұл сенің бастауыш мектептегі соңғы жылың, сондықтан уақытың барда осы кезеңді жақсы өткізуге тырыс! Келесі жылы ауыр сабақтар басталады, біраз еңбектенуіңе тура келеді. Менің ойым мен махаббатым үнемі сенімен бірге екенін ұмытпа. Құшақтап, бетіңнен сүйдім! Сәлемнен анаң»,- деп жазды Лена.

Аз өмірі қалған ана қызының әр туған күніне тілек жазып, 40 ашық хат қалдырып кетті

«Менің 17 жасар сұлу қызыма. Ұл балалар сені ренжітпей жүр деп үміттенемін. Және қазір саған маңызды оқиғаларға әлі ерте екенін есіңнен шығарма. Тезірек көлік жүргізу сабақтарына жазылғаның дұрыс, ол болашақта керек болады. Сондай-ақ, туған күніңді жақсы өткіз! Ізгі тілекпен анаң»,-деген тілек жазған.

Бірақ, қазір де Лена уақытты бос өткізіп жүрген жоқ. Ол Лексимен бірге Парижге Диснейлендке барып, Лапландияға да Рождестволық саяхатқа аттанып, Санта-Клаусты кездестірді. Енді, Лена АҚШ-та сіңілісіне баруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, кезінде өзінің тамаша жылдары өткен Гамильтон аралына қызын апарғысы келеді.

 

stan.kz