Курстық жұмыс: Экономика | Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өнім сапасын басқару

0

1.1.Стандарттаудың маңызы мен міндеті.
Стандарттау жалпы (көлемде) практикалық әрекеттер, басқару жүй-кесін және ғылым салаларын қамтиды. Мамандардың өнім өндіру, ғылым-дар, экономика жүйелерінде үнемі қайталанатын (құблыстарға) әрекеттерге арналған стандарттау жұмыстары практикалық жұмыстарға жатады.
Мысалы: өнім шығару үшін жасалған техникалық құжаттар, технологиялық процесс барысында шикізаттың не енімнің көрсеткіштерін өлшеу, дайын енімнің сапасын тексеру тәсілдері және тағы да басқа.
Стандарттаудың мақсаты — орындалатын жұмыстың дұрыс, тиімді, қауіпсіз шешімін табу. Бұл шешім мысалы белгілі — бір типті өнімдер шығаруда жаппай пайдалану ұсынылады. Бекітілгеннен кейін бұл шешім заңды күшіне еніп, стандарт ретінде міндетті түрде орындалады.
Сонымен халықаралық стандарттау үйымының (ХС¥) анықтамасы бойынша стандарттау дегеніміз өндірісте, ғылымда, техникада, экономикада орындалатын әреккеттердің пайдалы, тиімді қауіпсіз шешімдерін табу.
Ғылымдар стандарттаудың 20 — дан астам анықтамаларын келтіреді. Қазақстан републикасының «Стандарттау туралы» заңында стандарттау дегеніміз:
Өнім қауіпсіздігі қоршаған орта үшін істелетін жұмыста мен қызметтерге, өмірге, денсаулыққа, мүлікке, техникалық және ақпараттық сэйкестікке өнімнің өзара алмасымдылығына, өнім жұмысы және қызмет саласына, өлшем бірлігіне, барлық ресуртарды үнемдеуге, шаруашылық нұсандарының қауіпсіздігіне, табиғи және техникалық апаттарға қойылатын мелшерлерді, ережелерді, талаптарды тағайындау.
Басқару жүйесі ретінде стандарттау мемлекеттік стандарт жүйесіндегі құжаттарына сүйене отырып стандарттаудың практикалық жұмыстарын үйымдастыру — әдістемелік бағытында ережелер талаптар және мелшерлер тағайындайды.
Стандарттау ғылым ретінде стандарттаудың тәсілдері мен қүралдары анықталады. Стандарттау гылымының негізгі бағты стандарттау нысандарының теориясынреттеу, олардың көрсеткіштерін тиімді мөлшерін (оптимизация) анықтау теориясы және стандарттау нысандарының талаптарын, мөлшерш тағайындау теориясы.
Стандарттау жұмыстары барысында ғылым мен техниканың тек қазіргі жетістіктерін ғана емес, келешекте өнім сапасына қойылатын талаптыр деңгейін өсетіні ескеріледі. Сонымен стандарттаудың мақсатттары:
• Қажетті өнім түрлері мен олардың сапасы турасында тұтынушылар мен мемлекеттің мүддесін қорғау;
• Ғылым мен техниканың өркендеуіне және халық мүддесіне (сүранысына) байланысты өнім сапасын көтеру;
• Өнімнің өзара алмасымдылығын және сиымдылығын қамтамасыз ету;
• Материалдық, энергетикалық жұмыс қолы ресурстарын унемдеу;
• өндірісте техникалық кедергілерді реттеу, саудада өнімнің бәсекелесуін қамтамасыз ету.
Аталған мақсаттарды орындау үшін қажетті негізгі міндеттері:
• шығарылатын енімдердің түрлерінің қажетті мөлшерін тағайындау;
• өнім сапасына, бақылау, сынау аспаптарына және әдістеріне, бүйымның өмірге қауіпсіздігіне, адам денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаға біркелкі (единый) талаптар тағайындау;
• өнім сапасына қойылатын талаптарды, шикізат, жартылай фабрикаттар және қосымша элементтер сапасына қойылатын талаптармен үйлестіру;
• енім сапасын бақылауға, сертификаттауға және сапа деңгейін бағалауға қажетті міндеттеуші Ісұжаттармен қамтамасыз ету;
• технологиялық әрекеттерге (процестерге) талаптар тағайындау;
• жіктеу және техника — экономикалық ақпараттарды белгілеуді (кодирования) бір жүйелеу;

1.2. Стандарт категориялары.
Ғылыми — зерттеу институттарының, тэжірибе — конструкторлық, технологиялық және жобалау жұмыстарының нәтижесіне, үлттық және шетелдік ғылым мен техникалық алғы жетістіктеріне сүйеніп, халықаралық, аумақтық, жетілген ұлттық стандартталаптарын ескеріп, мемлекеттің экономикалық, элеуметтік тиімді өркендеуін ескеріп стандарт категориялары мен түрлері анықталады.
Стандарт категорияларына Қазақстан Республикасы ұлттық стандартты (Мемстандарт, ҚР СТ), сала стандарттары (С.СТ — ОСТ) кәсіпорын стандарттары (КоСТ — СТП), техникалық шарттар (ТШ-ТУ), ғылыми-техникалық, инженерлік қоғам, бірлестіктер және қоғамдық үйымдар стандарттары (ҚСт-СТО), мемлекетаралық стандарт (Мар. СТ — ГОСТ), халықаралық стандарт (Хал.ар.СТ -ИСО) және үлттық стандарттар жатады.
Стандарттар түбегейлі стандарттар өнім стандарттары, әрекеттер (процессы) стандарттары және бақылау, сынау, өлшеу, сараптау тәмілдерінің стандарттары болып бөлінеді.
Стандарт категориялары олардың эсер ететін сфераларымен немесе сол орындалатын жергілікті аймақтармен анықталады. Стандарттар категориялары келесідей түрлерге бөлінеді.
• Мемлекеттік стандарт.
• Салалық стандарт.
• Республикалық стандарт.
• Өндіріс стандарты.

1.3. Халықаралық стандарттар.
Халықаралық стандарттар (ИСО) халықаралық стандарттау ұйымы әзірлеп шығарады. Ұлттық стандарттар халықаралық стандарттар негізіне сүйенеді. Сонымен қатар ИСО халықаралық экономикалық қатынастарда қолданылады.
ЖО-ның негізгі мақсаты әлем көлемі бойынша стандарттауды тиімді бағытта жүргізу нәтижесінде елдер аралық қатнастар жақсарады. Тавар, ғылыми-техникалық, экономикалық және интеллектуалдық салаларында халықаралық аламасу тереңдейді.
Сонымен, ИСО-ның басты міндеттері:
• әлемдік елдерінің стандартын сәйкестендіру үшін шаралар қабылдау;
• халықаралық стандарттарды әзірлеу және жариялау;
• басқа стандарттау ұйымдармен ақпарат алмасуды ұйымдастыру және олармен өзара қызметтесу.
Халықаралық стандарттар ұйымның негізгі құрылымдық бөлімі техникалық комитеттер (ТК).
Техникалық комитеттер стандарттаудың негізгі, басым жұмыстарын, атқарады. Мысалы: азық-түлік товарларын халықаралық стандарттаудың «Ауыл шаруашылық тағам өнімдері» техникалық комитеті (ТК) айналысады. ТК 8 подкомиттен тұрады, атай кетсек, «Майлы өсімдік тұқымдары және өсімдік майлары», «Ет және ет өнімдері», «нан өнімдері» т.б.
Әрбір подкомитетте белгілі бір тағамға халықаралық стандарттар әзірлейтін бірнеше жұмысшы топтар болады.
ИСО құрамына кейбір ел толық мүшесіне бақылаушы болып кіре алады.
ИСО-ның толық мүшелері ТК-тің мәжілістеріне халықаралық стандарттар жобасын әзірлеуге қатысады, дауыс бере алады. Бақылаушы ретінде кез-келген ел өкілдері қонақ ретінде қабылданады. Олардың барлық жұмыс құжаттарының бір данасын алуға құқы бар.
ИСО стандарттарының ерекшеліктері:
• барлық бұйымдарға емес, тек белгілі өнімдер тобына әзірленеді;
• стандарт әзірлеу қажеттілігін техникалық комитеттер негіздейді.
• Стандарттау белгілі көрсеткіштер тобына ғана әзірленеді, өнімнің адам өмірне және денсаулығына қауіпсіздік көрсеткіштері, қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштері; өзара ауысымдылық және техникалық сиымдылық көрсеткіштері; өнімді біріңғай сынау әдістері;
• әрбір елдер пайдалануға ерікті, түгел не бөлшектерін пайдалануына болады.
ИСО стандарттары ретінде оны ТК-тері әзірлеген стандарттар халықаралық мәртебесінде қабылданған алдыңғы қатарлы ұлттық стандарттар және уақытша стандарттар.
Қайсібір ел халықаралық стандартты қабылдаған жағдайда оған индекстен, рет санынан тұратын белгі беріледі. Мысалы: Қр қабылдаған жағдайда:
ИСО/ҚР 0478-98
ҚР Халықаралық стнадартты өзгеріссіз қабылдауы, не ұлттық ерекшеліктері ескеретін қосымша толықтыруымен қабылдануы мүмкі
1.4. Стандарттаудың әдістері мен принциптері.
Принциптер – стандарттаудың дайындау заңдылықтарын оның халықшаруашылығын басқару қажеттілігін пайдалану және оны жетілдіру бағыттарын көрсетеді.
Стандарттаудың негізгі принциптері:
1. Стандарттау өнімдерінің эр түрлігі, сапасы, үнемділігі, үйлесулігі және өзара алмасушылығы, қауіпсіздік талаптарын және өзара мүдделі басқа мэселелер бойынша, басқару жөніндегі эр жақтардың пікірін ескеріп келісімге жетуге, өнімдерді эзірлеушілер барлық мүдделі жақтардың өзара талаптарына негізделуі тиіс.
2. Стандарттарды эзірлеудің орындылығын элеуметтік, техникалық, экономикалық қажеттілігі және қолданудағы қолайлығы көзқарасымен бағалауға тиіс бірінші кезекте өнімнің сиымдылығын және өзара алмасушылығын қамтамасыз ететін, қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуге мүмкіндік стандарттар эзірленуі тиіс. Стандарттарды саудада кедергі жасамайтын етіп әзірлеу тиіс. Нормативті құжаттарды эзірлеу кезде аята сатысындағы жобаларға назар аудару, қабылдаған халықаралық және аймақтық стандарттарды, БҮҮ ЕЭК құжаттары мен басқа да халықаралық мекемелердің және де қажет болса, басқа елдердің стандарттарын ескеру тиіс.
3. Стандарт эзірленген кезде:
— стандартар талаптары белгіленген тэртіп ҚР-да қолданылатын күші бар заңдарға және техникалық реттемелерге сэйкестігі;
— стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың іске қосылу мерзімінің үйлесуі және осы объектілерге талаптарды келісу жолымен, метрологиялық қамтамасыз етуді қоса, өзара байланысқан стандарттау кешендігін;
— стандартқа қосылатын талаптардың оңтайлығын қамтамасыз ету қажет.
4. Стандарттаудың бағалау ережелерімен бақылау әдістерін және де қауіпсіздік, сиымдылық және өзара алмасушылық талаптарын қамтамасыз ететін.
Стандарттаудың әдістері.
Жоғарыда стандарттауды іс-әрекет ретінде оның қасиеттерін қарадық. Қайталанатын процестерді шешу үшін стандарттау дегеніміз белгілі- бір заңды ережелер, нақты мөлшерлер болғандықтан, оларды тиімді шешу үшін жан- жақты тәсілдер қажет болады.
Стандарттау мақсатын орындау үшін қолданылатын эртүрлі жолдарын стандарттау әдістері деп аталады.

Стандарт нысандарын реттеу.
Бұл әдіс өнімді жұмыс технологиясын, қызметтерді, құжаттарды, ақпараттарды стандарттауға жататын түрлердің (нысандардың) санын кысқарту. Мысалы эртүрлі өнімдердің түрлерін, дайын бұйымға қажетті толықтырушы заттардың санын, типтік қү_жат түрлерін тағы да басқаларды азайту. Жалпы әдіс болғандықтан реттеудің өзі эртүрлі тәсілдерге бөлінеді: жүйелеу (систематическая), таңдау (селекциялау), қысқарту (симипикация), типтеу және тиімділеу (оптимизация).
Нақты стандарттау нысандарының (не тобының) ғылыми негізінде жіктелуін стандарт нысандарын жүйелеу — деп атайды. Жүйелеу нэтижесінде өнімдерге, құжаттарға, ақпараттарга, қызметтерге, технологиялық процестерге және тағы да басқа мемлекеттік жіктеулер тобы жасалынады. Өнімге мемлекеттік жіктеу (ӨМЖ) дегеніміз шығарылатын өнімге арналған цифлы кодтар жинағы. ӨМЖ екі бөлімнен тұрады. Жіктеулер және ассортиментеу. Жіктеулер (классифиация) бөлімінде өнімдер белгілі қасиеттері арқылы жүйеленеді, бірқатар кодтардан тұрады. Ассортимент бөлімі өнімнің түрлерін, маркаларын және тағы да басқаларды көрсетеді. Мысалы 54 жіктеу (класс) өнімнің код бойынша белгіленуін қарайық. 54- (жік) целлюлоза- қағаз өндірісінің өнімі 546- жікше (подкласс)- мектеп дэптерлері, ақ қағаз өнімдері. 5463-топ-ақ қағаз өнімдері. 54631-топша-мектеп дэптерлері, күнделігі 546314-түрі- қаламмен жазатын дэптер 546314001- (түрленулер) — қаламмен жазатын дэптер, мұқада тұтас қағаздар, типография блоктар көлемі 48 парақ және жогары ауданы 144×203.

Агрегаттау.
Әртүрлі стандартталынған гемометриялық, қүзырлық біріңғайлан-дырылған құрылымдардан, торабтардан, бөлшектерден қүрастырылған өнімдерді (машиналарды) жасау тәсілін агрегаттау — деп атайды немесе II. Стандартталынған біріңғайландырылған. торабтардан құрастырылған, қүрамында әртүрлі мөлшерде, эрқилы орналастыру арқылы машина, прибор және тағы да басқа өнімдер жасауды агрегаттау деп атайды.
Бұл агрегаттар қасиеттері сипатталады, машинага бекіту өлшемдері бойынша толык өзара ауысымды болуы қажет. Мысалы, жиьаз жасау өндірісінде стандартталынған 15 өлшемді щиттер, 3 өлшемді жәйшіктерді эртүрлі орналастырып қүрастыру арқылы 52 түрлі жиьаз жасауға болады.
Өндірістің барлық салаларында агрегаттау тәсілігіің қолданылуы едәуір экономикалық тиімділік әкеледі.
Машина приборын жасау электроника өнеркәсібінде үнемі жетілдіру қажсттілігіне байланысты, онімдер қүрылысы күрделінеді, жаңа бөлшектер жобалауға, аустыруға тура келеді. Нәтйжесінде көптеген қосымша шығын қажет етеді. Сондықтан машина құрылысын өзінше дербес жұмыс істей алатын агрегаттардан жинаган тиімді болады.
Бұл агрегаттар жалпы машинаның атқаратын жұмысына тэуелсіз өз қүзырын атқарады. Сонымен қатар бұл агрегаттарды эртүрлі, әртиптес машиналарды қолдануға болады және агрегаттаудың тағы бір пайдалы жері, оларды (агрегаттарды) ариайы мамандырылган багыттагы өндірісте дайындауға мүмкіндік береді.
Әртүрлі машиналардың конструкциясын сараптай келсек, олрадың белгілі бір қүзырды атқаратын агрегаттарының,торабтарының, бөлшектерінің құрылыстары эртүрлі екенін аңғарамыз. Агрегаттау тәсілін қолдану бір құзыр атқаратын агрегаттардың, торабтардың, бөлшектердің қүрылысын бірдей етіге мүмкіншілік тудырды.
Келешекте біркелкі ірі агрегаттар — модульдер арқылы эртүрлі қүзырлы машиналар жасауға болады. Қазіргі заманда радио, электроника, прибор өқцірісін де модульдер арқылы өнім шығару кеңінен қолданылады.
Комплексті стандарттау.
Керекті мэселені тиімді шешу үшін, стандарт нысанына оның негізгі элементтерімен қоса өзара байланыстырылған стандарт талаптарын эзірлеуді қамтулы (комплексті) стандарттау деп аталады. Яғни, дайын өнім саласына қойылатын талаптармен қатар оны шығару үшін қажетті шикізаттарға, материалдарға, толықтырушы жабдықтарға, сонымен қатар оның сақталуына, пайдалануына өзара байланысты бір деңгейлі стандарт талаптары эзірленеді.
Мысалы: трансформаторғажаңа қамтулы стандарт эзірлеу үшін қосымша 36 стандарт эзірлеуге тура келеді (электротехн. болат, кабель, форфор, картон, текстолит,сынау тәсілі т.б.).
Озық стандарттау.
Ғылым мен техниканың үнемі өсуіне байланысты қазіргі деңгейдегі стандарт талаптары ескеріледі де, эрі қарай техникапық прогреске тежеуболады. Сондықтан озық стандарт эзірлеу қажет болады. Келешек ғылыми-техникалық өркендеу болжамдарын ескеріп, өнімге қазіргі талап деңгейлерінен жоғары стандарт талаптарын әзірлеуді озық стандарттау деп атайды.

2.2. Асбестцемент құбыр өндірісінің технологялық сипаттамасы.
Құбыр өндірісінің шикізаты – асбест.
Асбест Оралдан, Жетіғасырдан, Қиялбан және Тува кен орнынан темір-жол вагондарымен, жеткізіледі. Цемент – цемент зауыттан, құбырларымен айдалынады. Вагоннан түсірілген асбест маркасына байланысты темір төсеніш қалыптарға жиналынады. Автожүктасымалдағыш, оны технология беріп отырады. Цемент компрессор аймағынан – силостардан церра насостар арқылы қысыммен цех бункеріне айдалынады, одан соң 500-550кг көлемінде турбоараластырғышқа беріледі. Асбест маркасына байланысты лабороторияда есептелінетін қажетті қоспа жасалынады, таразы өлшемдегіштер арқылы, реверс конвейеріне түседі, ол содан жүгірмек айналғыштарға жеткізіледі. Ал жүгірмектерге асбест талшықтары жаншылып тарқатылады, содан ылғалданып (30-35%) түтіледі (40%) дәрежесіне дейін 17-18 минут дайындалады.
Түтілген асбест гидротүтікше келін түседі, онда сумен айдау арқылы түтілуі 90-95% -ке жетеді. Гидротүткіштен бұл масса турбоараластырғышқанасос арқылы айдалынады. Онда цементпен 5 минут араластырылады. Концентрациясы (қоюлығы) 21-26% болатын, ожаулы, араластырғышқа насоспен айдалынады. Ожаулы араластырғыш, массаны құбырқалыптағыш машиналарға бірқалыпты беріп тұруға жағдай жасайды. Құбыр және муфта диаметірі 100д-150д 200 мм-ді құрайды.
Ожау араластырғышты көп толтыруға болмайды, себебі онда масса көп тұрып қалса ескіреді, цемент түйіршіктері қата бастайды. Бұл әрине шығарылатын өнімге кері әсерін тигізеді.
Асбестцемент массасы – ваннаға келіп түсіп, ондағы цилиндр қалыптағыш бетіне сүзіліп отырады.
Цилиндр бетінен қысымдаушы гауч-біліктер арқылы техникалық сукноға өтеді, ол техникалық сухно оны тасмалдап, вакум қораптардан, сорғызып, престегіш біліктерге жеткізеді. Мұнда масса қабаты біліктерге қысым экипаы арқылы (6-27гс/см2) орала басталуы, құбыр қалыңдығы қалыпқа жеткізілгенде, машина тоқтайды да, қалыпталған форма біліктен шығарылады. Құбыр қалыпталған соң, біліктер қатары арқылы домалап, қатаю конвейеріне жөнеледі. Мұндағы бу температурасы 50-600С болу уақтысы 18-24 сағат. Құбыр крнвейерден жеткілікті беріктік алып ығады, әр құбырға таңба маркасы қойылады. Келесі кезеңде, құбырлар субассейініне түсіріледі, онда 24 сағат сақталынады. Соңынан бассейіннен кран арқылы тасымалданып, қоймаға жөнелтіледі.
Қоймада 7 тәулік сақталынған соң, құбыр мен муфталар класына сәйкес 3,5 метр биіктікке дейін жинақталып тұрады……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!