Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпкерлік нарықтық экономика дамуындағы негізі ретінде
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………………………………….6 бет.
I тарау. Нарықты экономикадағы кәсіпкерлік теориясы және
кәсіпорынның ұйымдық нысандары…………………………………………8 бет.
1.1. Кәсіпорын типтері және кәсіпорындардың түрлері……………………13 бет.
1.2. Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның қызметі мен
мінез-құлқы…………………………………………………………………………….21 бет.
1.3. Шаруашылық және коммерциялық есептер. Кәсіпорын табыстары
және оларды бөлу………………………………………………………………….23 бет.
II тарау. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің
дамуы…………………………………………………………………………………….26 бет.
2.1 Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің экономикалық ролі……..31 бет.
2.2 Шағын кәсіпкерлікті дамытудың перспективалары……………….33 бет.
Қорытынды……………………………………………………………………………..35 бет…..
I тарау. Нарықты экономикадағы кәсіпкерлік теориясы
және кәсіпорынның ұйымдық нысандары.
1.1 Кәсіпорын типтері және кәсіпорындардың түрлері.
Нарықтық экономиканың субьектілері болып жекеленген меншік иелері саналады. Меншік иесінің өз мүліктерін пайдалануға, йеленуге құқығы бар. Меншіктің көптүрлі формалы болуы кәсіпорынның әртүрлі ұйымдық — құқылық формасын құруға негіз болып табылады.
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай – ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызмет.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді ізденумен байланысты шаруашылық қызмет — кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және нысанын (объект) бөліп қарайды.
Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациалар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтер) және мемлекет бола алады.
Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциалық делдалдық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциалар, сату, сатып алу жұмыстары бола алады.
Кәсіпкерлік — адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бүған кезінде атақты неміс экономисті Гарворд университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950жж.) мән берген. Оның айтқан мынадай сөзін эпиграф етіп алуға болады: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу, кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар» . Ол жайлы француз экономисті Жан Батист Сэй (1767-1832 жж) былай деген: «Кәсіпкер –адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». «Кәсіпкерлік» терминін алғаш рет ағылшын экономисті Ричард Кантильон (1650-1734жж.) ендірді. Бұл ұғымға нарықтық тәуекелдік жағдайында табыс табу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған.
Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Кәсіпкерлік – бұл адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бел буады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтанда экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара — пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Кәсіпорын /фирма/ кәсіпкерлік қызмет өндірістің звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір — бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған.
Кәсіпкерлік қызметінің орны ең алдымен – кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан немесе заңды құқықтары бар дара шаруашылық субъектісі өзіне бекітіліп берілген мүліктерді пайдалана отырып өнім өндіреді, түрлі жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет көрсетеді.
Кәсіпорын (фирма) қоғамдық өндірістің бастапқы, басты буыны болып саналады. Тікелей кәсіпорындарда өнім шығарылып, жұмыстар атқарылады, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және таза табыс алу мақсатындағы игі қызметтер көрсетіледі. Кәсіпорын өз алдына шаруашылық етуші субьекті болып табылады.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынас жағдайында әрбір кәсіпорын:
1. Нарықтық коньюнктураға сүйене отырып, өз алдына өз жұмысын жоспарлайды және даму перспективаларын белгілейді. Жоспарларының негізін тауар /жұмыс, қызмет/ тұтынушылармен жасалған келісімдері құрайды.
2. Өз өнімдерін /жұмыстары, қызметтерін/ және өндірістің қалдықтарын өз бетінше немесе келісім негізінде белгіленген бағалар мен тарифтер бойынша таратады, ал кейбір жағдайда заңнама бойынша бағаны реттеу немесе белгілеуді мемлекет атқарады.
Кәсіпорын – қоғамдық өндірістің негізгі буыны. Кәсіпорындарда тауарлар мен игі қызметтер өндіріледі, тасымалданады және нақтылы тұтынушыларға сатылады. Әрбір өндіруші өз кәсіпорнында жасалған өнімдерді сатуға ғана ұмтылып қоймайды, сонымен бірге таза табыс алуға да тырысады.
Кәсіпкерлік мәртебесі мемлекеттік тіркеу және реестрге кіргізілуі арқылы беріледі. Реестр – фирмалардың атаулары, олардың жұмыс бағыттары, жеке жауапкершіліктері бар серіктестіктер мүшелерінің фамилиялары, фирманың жеке капиталы туралы мәлімет және басқадай деректер жазылған есеп жүргізу кітабы.
Кәсіпорынды басқарушы субьекті мен меншік иесі арасындағы қатынас жақтардың өзара міндеттемелерін, мүлікті пайдалану және қызметтің кейбір түрлерін жүзеге асыру құқығын шектеуді, жақтардың қаржылық өзара қатынастары мен материалдық жауапкершілігінің тәртібі мен жағдайларын, шартты бұзудың негіздері мен жағдайларын белгілейтін шартпен /келісіммен/ реттеледі; кәсіпорын мүлік иесінің басқарушымен шарт жасасқаннан кейін, шартта, кәсіпорын жарғысында және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайлардан өзге реттерде, кәсіпорын қызметіне араласуға құқығы жоқ.
Кәсіпорынның банкіде есеп айырысатын өз есепшоты, мөрі болуы мүмкін, сондай — ақ ол әр текті операциялар жасап, мәмлелер жүргізе алады. Бұл жағдайда ол басқа кәсіпорын немесе мемлекет қаражаттары есебінен де немесе өз бетінше де өмір сүре алады. Осыған байланысты кәсіпорын әртүрлі дербестік алады. Бірінші жағдайда біз жедел шаруашылық жүргізудегі дербестік туралы, ал екінші жағдайда кәсіпорынға тұрақты қаржылық жағдай жасайтын оның экономикалық дербестігі, тиімді қызметі туралы айтып тұрмыз.
Экономикалық дербестігінің қалыптасу басы болып кәсіпорынның өз алдына шаруашылықты — оперативті единица немесе заңды тұлға түріндегі бөлінуі саналады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Заңды тұлға болып тіркелу үшін кәсіпорынның төмендегідей белгілері болуы керек:
1. Ұйымдық тұтастығы. Бұл, нақтылап айтқанда, құрылтай құжаттарында өзінің ішкі құрылым және басқару тәртібі бекітілген ұйымдасқан ұжым.
2. Жекеленген мүлік. Кәсіпорынның негізгі және айналым қаражаттардан тұратын меншік мүліктері болады, ол өз алдына мүлік иеленіп, оны есепке алады, пайдаланады, сатады, жарамсыз деп табады, мүлікке салық төлейді.
3. Мүліктік жауапкершілік. Заңда көрсетілгендей кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады.
4. Азаматтық айналымда өз атынан сөйлеу. Кәсіпорын, кәдімгі адам секілді танитындай, басқа кәсіпорындардан айыра алатындай болуы керек. Сол мақсаттар үшін кәсіпорынға ат /атау/ береді, сол атпен ол мүліктік және жеке мүліктік емес құқыққа ие болады және одан айырады, міндет алады, сотта, төрелік сотта және аралық сотта талапкердің және жауапкердің рөлін атқарады.
Кәсіпкерлік қызметінің негізгі факторлары:
1. Жер. Бұл белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық
2. Жұмыс күші – ой және дене еңбегі, еңбекке қатысушылардың тәжірибелік және интеллектуальды құрамы.
3. Еңбек заты және еңбек құралдары. Еңбек заты және еңбек құралдары арқылы өнім өндіріледі, тиісті қызмет көрсетіледі.
4. Кәсіпкерлік – меншікке негізделген, шаруашылық және басқа да қызмет.
5. Капитал – тұтыну заттарының көлеміне қарай шектелген ақша қаражаты.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.
Өндірістік кәсіпкерлік — тауарлар , қызыметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады. Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер: өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару; ақпараттарды өңдеу және жинау; рухани құндылықтарды игеру; тұтынуға жататын басқада өткізілімдер.
Бұлардың негізгі қолдану өрістері:
— өндірістік кәсіпорын және мекемелер;
— коммерциялық сауда мекемелері;
— тауар — қор биржалары;
— банктер мен халықтар.
Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді. Атқаратын жұмыстары:
— тауарларды көтере сатып алу және сату бағалары бойынша есеп айырысулар:
— жарнама;
— коммерциялық құжаттарды дайындау;
— сатып алу және сату мәселелерін жүргізу.
Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары, сауда мекемелері. Тауар биржаларында тауармен, жабдықтаушылармен сауда жасаумен бірге, келісім шарттар, яғни фьючерлік айырбас келісімдер жасалады.
Тауар биржасының айналымының көп бөлігі нақты тауарлар сату емес, тауарды келісім шарт бойынша сату, болашақта тауарлармен тұтынушыларды жабдықтау туралы шарттар жасаудан тұрады.
Нарықтық экономикада мемлекеттің ролі аса зор. Нарықтық экономиканы реттеу сферасындағы мемлекеттің негізгі міндеті – оның тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар тудыру және дамыту, кәсіпкерлік еркіндігі мен адал бәсекелестік ұйымдастыру болып табылады. Бұл мәселені шешудегі ең алғашқы адым көптүрлі экономикалық процестерді реттейтін заңнама — құқықтық және нормативті база жасау болуы қажет.
Бәрінен бұрын мемлекет экономикалық әрекеттердің ережесін бекітеді және оны экономикалық барша субьектілердің орындауын қамтамасыз етеді.
Қаржылық кәсіпкерлік — коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату – сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады. Оларға қатысушылар:
— коммерциялық банктер;
— қор биржалары;
— кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар;
— кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.
Коммерциялық банкілер – бұл финанс — кредит мекемелері, негізінен акционерлік типте болады. Олар кәсіпорындарға несие береді, ол үшін пайыз ставкасымен берген несиесін қарайды.
Қор биржалары – бағалы қағаздар нарығы. Ол капиталдың қозғалысын жеделдетеді және активтердің реалды құнын анықтайды.
Делдалдық кәсіпкерлік — бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі — кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Консультативтік кәсіпкерлік — бұл ой нарығының бір бөлігі. Онда мынадай жұмыстар істеледі; финанстық, инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді маркетинг, тәуелсіз кеңестер. Нарыққа бағытталу туралы финанстық, шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер т.б. көрсетіледі. Консультация /кеңес беру/ әдістері:
1. Экспорттық консультация — мұнда маман өз бетімен диагноз қояды, шешімдер жасақтайды және енгізуге ұсыныстар береді;
2. Процестік консультация – фирманың маманы клиентпен белсенді түрде қарым — қатынаста болады, оның өз ойын айтуына ынталандырады, клиентпен бірге талдау жасайды, сонан кейін ұсыныстар белгілейді.
3. Оқулық консультация — лекция оқу, семинар өткізу, оқу құралдарын жасақтау т.б. Бұл кәсіпкерлік істердің қандай түріне болмасын, істі қалай табысты жүргізуге кеңес береді. Казақстан Республикасында кәсіпкерліктің бұл түрі үлкен өріс алып дамыған жоқ, бірақ оның болашағы зор.
Көріп отырғандай кәсіпкерліктің барлық түрі табыс табуға бағытталған.
А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік ретінде сипаттайды.
Кәсіпкер өз ісіне шын берілген адам және одан қанағат алуы парыз. Ол әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс: денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерін қадағалау т.б.
Кәсіпкерлікті жасақтау және оны дамыту үшін кадрларды оқыту, білім дәрежесін, мамандығын көтеруге көңіл бөлу, кәсіпкерлер даярлауды тұрақты қадағалау.
Кәсіпорын ең алдымен кейбір жеке меншік түрінің басымдылығына қарай – қоғамдық немесе жеке меншік болып екі типке бөлінеді.
Бірінші тип. Мемлекеттік кәсіпорын — мұнда негізгі құралдар мемлекеттің меншігінде болады. Мемлекеттік органдардың қарамағында болатын кәсіпорындарды қазыналық деп атайды. Олардың жиынтығы экономикалық қоғамдық секторы болып саналады.
Мемлекеттік кәсіпкерлік — тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, себебі: үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында болады.
Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар: біріншісі – шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына негізделген. Мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады. Таза мемлекеттік — толық шаруашылық есеп, қазыналық — толық емес шаруашылық есеп. Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады.
Екінші тип. Серіктестіктерді, акционерлік қоғамдарды, аралас кәсіпорындарды, кооперативтерді жеке йелену. Олар экономикалық жеке меншік секторын құрайды.
Экономиканың жеке меншік секторындағы кәсіпорындар кәсіпорын йелері біреу немесе бірнеше адам болып келулеріне, кәсіпорын жұмысы үшін жауапкершіліктеріне, кәсіпорынның жалпы капиталына жеке капиталдарды қосу тәсіліне байланысты бөлінеді.
Серіктестік – бұл пайда табу мақсатында екі не одан да көп қатынасушылардың арасындағы кәсіпорын құру келісімі, сонымен қатар қатысушы ретінде тек жекелеген тұлғалар ғана емес, ұйымдар да бола алады. Серіктестік – жауапкершілігі шектеулі, сондай — ақ жауапкершілігі шектелмеген болып құрылуы мүмкін.
Жауапкершілік шектеулі және шектеусіз болып келеді.
Шектеулі жауапкершілік – кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзі қосқан қаражат мөлшерінде ғана жауапкершілік көтереді дегенді білдіреді.
Жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктерде, (оларды генералды серіктестіктер деп те атайды), немесе бірнеше генералды серіктестіктер (ГС) кәсіпорынның міндеттемелері бойынша шектелмеген жауапкершіліктеріне ие болады және кәсіпорынды басқаруды жүзеге асырады. Қалған шектеулі серіктестердің (ШС) жауапкершіліктері салған капитал мөлшерімен шектеледі және олар кәсіпорынды басқаруға қатыспайды. Кейде серіктестіктің қатысушыларының құрамында жұмыстан тыс уақытта кәсіпорын жұмысына кеңес беруші ретінде қатысатын заңды емес мүшелер де болуы мүмкін. Әдетте олардың есімдері қоғам алдында кең жарияланбайды. Дегенмен де, арнайы құжаттарда бұл мүшелердің жауапкершіліктері мен олардың алатын пайда мөлшері көрсетіледі.
Бизнесті ұйымдастырудың бұл түрі толық және коммандиттік серіктестік пен акционерлік қоғам арасындағы орынға ие. Артықшылықтары ретінде капитал тарту мүмкіндігін, қатысушылардың жауапкершіліктері шектеулі болуының есебінен тәуекелді азайту мүмкіндіктерін, жұрт алдында есеп беру талабының және жарғылық қорға салымды көп кешіктіріп салу құқығының жоқтығын, ал серітестіктің тіркелуі кезінде тиісті соманың тек 25% ғана жеткілікті болатындығын айтуға болады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – алдын — ала белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелерінің /жеке және заңды йегерлері/ қоғамның міндеттемелерін орындауда жауапкершіліктері жоқ, олар тек өз үлестерінің мөлшерінде ғана тәуекелділік жасай алады.
Шетелдік фирмаларда /қазір біздің елімізде жиі кездесетін/ «Лимитед» /қысқаша Ltd/ «шектеулі серіктестік» деген ұғымды білдіреді. Көпшілік жағдайда жауапкершілігі шектеулі қоғамда кампаньондар арасында өзара берік байланыс қалыптасады. Бұл отбасылық кәсіпорындар ұйымдастыруға өте қолайлы. Егер қоғамдастықтың бар мүлкі бір адамның билігінде болса, онда «бір адамның қоғамы» болғаны.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шарты жасалады, онда:
— кәсіпорынның аты;
— мекен — жайы;
— негізгі қызмет бағыттары;
— қызмет түрлері;
— капитал мөлшері;
— қоғам мүшелерінің үлестері көрсетіледі.
Айта кететін бір жайт – серіктестіктерді ұйымдастырушылардың ақша қаражаттарынан басқа құнды материалдық заттар түрінде заттық үлестері, мәселен, автокөлік, жылжымайтын мүліктер болуы да мүмкін.
Қоғамдастық мүшелерінің құқығы жылына бір немесе екі рет өткізілетін жалпы жиналысында анықталады да, ал одан әрі ол тереңдетіліп, дамып отырады.
Жалпы жиналыстың маңызды шешімдер қабылдауға құқығы бар, атап айтқанда:
— жылдық балансты бекітеді;
— кірісті белгілі бір мақсатты көздеп, орынды пайдаланады;
— шығындарды неғұрлым аз жұмсау жолдарын айқындайды;
— қоғамның төрағасын сайлауды немесе қайта сайлауды көздейді, оған әр түрлі мәселелер бойынша міндеттер жүктейді.
Қоғамдық жұмысын бақылауды бақылау комиссиясы, экономикасы дамыған елдерде бақылау кеңесі іске асырады, оның мүшелерін жалпы жиналыста тағайындайды.
Шектеусіз жауапкершілік — кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүліктерімен ортақ жауапкершілікте болады дегенді білдіреді.
Айталық, екі адам ортақ кәсіпорынға 100 млн. теңгеден салды делік. Сонда кәсіпорынның жалпы капиталы 200 млн. теңге құрайды. Егер кәсіпорын несие берушілер алдындағы 300 млн. теңге көлеміндегі міндеттемелері бойынша банкрот болса, онда жауапкершілігі шектеулі әрбір қос йегерлер қарыз міндеттемелерін 100 млн. теңгеден, яғни өздері қосқан мөлшерде ғана жабады. Ал шектеусіз жауапкершілік жағдайында екі ортақтас 300 млн. теңгелерімен қоштасып қала береді. Егер біреуі 100 млн. теңге ғана …..