Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасындағы ақша реформасы

0

Мазмұны

Кіріспе

I АҚША РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІГІНІҢ ТУЫНДАУЫ
1.1 Ақша реформасының экономикалық мәні мен сипаты
1.2 Қазақстан Республикасында 1993 жылғы ақша реформасын жүргізудің алғышарттары

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
2.1 Теңгені енгізуімізге байланысты 1993 жылғы ақша реформасының жүргізілу барысы
2.2 Қазақстан Республикасындағы ақша реформасының экономика үшін маңызы мен жаңа теңгені айналымға шығарудың қажеттігі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

I АҚША РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІГІНІҢ ТУЫНДАУЫ
1.1 Ақша реформасының экономикалық мәні мен сипаты

Ақша реформасы деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгерістер енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді.
Ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады. Алғашқы ақша жүйесі XVI-XVII ғасырларда капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элекенттері одан да бұрын айналыста жүре бастаған, капиталистік өндірістің және тауар ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.
Ақшаның өмiр сүруiндегi объективтiк қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделедi. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр – бiрiнен бөлiнбейдi. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Ақша — жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi.
Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша айналысының объективтiк негiзiнде де тауар өндiрiсi жатады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегiмен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелiк және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады. Қайта құру кезеiне дейiн “ақша айналымы” мен “ақша айналасы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма – қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол қолма – қол және қолма – қолсыз айналым мағынасын сипаттайды.
Ақша айналысы шаруашылықтағы тауарларды өткiзуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Ал осы ақша қозғалысын заңдылықтармен реттеу шаралары ақша жүйесін қалыптастырады.
Ақша белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма-қол ақша тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе, қолма- қолсыз ақшалар – бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi. Ақша айналысы мен ақша айналымы арасында шек жойылды. Тауар айналысы процесiндегi қолма – қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысының объективтi негiзi – тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгерiп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды.
Ақша айналысың реттеудiң маңызды элементi – қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келедi. Бұл мәселе бiздiң елiмiзде кәсiпорындар арасындағы есеп айырысулардан қолма-қол ақшамен есеп айырысуын шектеу, есеп айырысуда қолма-қолсыз түрлерін чектердi, вексельдерді және төлем тапсырмаларын ендiру және дамыту болып табылады.
Сөйтiп айналысқа қажеттi ақша мөлшерi өндiрiстiң даму жағдайларына әсер ететiн көптеген факторларға: айналыстағы тауар мөлшерiне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейiне және т.б. байланысты өзгередi. Айналысқа қажеттi ақша мөлшерi ақша айналысының жылдамдығына керi пропорционалды өзгередi. Ал ақша айналысына әсер ететiн факторлар мыналар:
1. Несиенiң даму деңгейi, егер тауардың көп бөлiгi несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
2. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
3. Ақша айналысы санының өсуi.
Ақша жүйесінде айналысқа ақша екi түрде шығарылады немесе эмиссияланады: қолма-қол ақша және банктiк айналымдағы ақша түрi, яғни банктегi шоттарға жазылған сома. Екi деңгейлi банк жүйесiнде ақшаның бiрiншi түрiн, яғни қолма-қол ақшаны монополиялы құқықпен Орталық банк эмиссиялайды да, қолма-қол емес ақша белгiлерiн коммрциялық банктер жүйесi шығарады.
Ақша жүйесін реттеудегі ақша айналысының негiзгi сандық көрсеткiштерiнiң бiрiне ақша массасы мен ақша базасы жатады.
Ақша айналымының екi жағының бiрлiгi, олардың бiр түрiнiң екiншiсiне ауысуы жалпы ақша жиыны құрамын анықтауды қажет етедi. Себебi ақша жиыны ақша айналымының сандық көрсеткiшi. Белгiлi бiр мерзiм аралығында сандық өзгерiстердi талдау үшiн, сол сияқты ақша жиынының көлемiн және оның өсу қарқынын реттейтiн iс-шаралар жүргiзу үшiн әр түрлi көрсеткiштер (ақша агрегаттары) қолданылады.
Өнеркәсiбi өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшiн негiзгi ақша агрегаттарының төмендегi жиынтығын пайдаланады:
М1 – айналыстағы қолма-қол ақша ( банкноттар, тиындар ) және банктiк ағымдағы шоттардағы қаражат ( депозиттер ) жатады;
М2 – оған М1 агрегаты және мерзiмдi 4 жылға дейiнгi коммерциялық банктердегi мерзiмдi және жинақ салымдары кiредi;
М3 – бұған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелерiндегi жинақ салымдары кiредi;
L – оған М3 агрегаты және iрi коммерциялық банктердiң депозиттiк сертификаттары қосылады.
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгередi.
Ақша жиыны ақша жүйесінде бiрнеше жолмен өсуi мүмкiн:
1. Банкноттар мен тиындарды эмиссиялау есебiнен;
2. Орталық банктен коммерциялық банктердiң несие алуымен;
3. Мемлекеттiк бюджеттiң кемшiлiгiн жабу үшiн Орталық банктiң үкiметке несие беруiмен;
4. Орталық банктiң асыл металдарды, шетел валютасын және мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алуымен;
Ақша айналысының екi облысының бiрлiгi, яғни ақшаның қолма-қолсыз формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған керiсiнше болуы ақша массасының өзiне қандай компоненттердi қамтитынын анықтауды талап етедi.
Ақша массасының көбеюi бiрнеше каналдар бойынша жүредi:
• Банкноттар мен монеталар эмиссиясы есебiнен;
• Орталық банктен коммерциялық банктердiң несие алу жолдарымен;
• Орталық банктiң ел үкiметiне мемлекеттiк бюджет тапшылығын жабу үшiн несие беру арқылы;
• Орталық банктiң бағалы металдарды, шетел валюталарын және мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алу жолымен;
• Коммерциялық банктердiң салымдарын жұмылдыру негiзiнде чектер эмиссиясын шығару немесе займдар беру жолымен.
Осыдан барып ақша массасының көлемi Ұлттық банк жүгiзетiн ақша – несие саясатымен тығыз байланысты, мұндағы ең басты мақсат ақша массасының өсуiн сақтау екенiн көремiз. Мақсатты белгiлеуде Орталық банк келесi көрсеткiштердi ескертедi:
• Нақты бейнелеудегi ЖҰӨ-нiң болжанатын өсiмi;
• Жоспарлы кезеңдегi ақша айналысының есептелетiн жылдамдығы;
• Жоспарланған кезеңдегi инфляцияның максималды рұқсат етiлген денгейi;
Ақша массасы өсуiнiң бақылау көрсеткiштерi елдiң экономикалық потенциялының болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану дәрежесiн ескере отырып есептеледi. Бұл көрсеткiштiң тәжiрибе үшiн де маңызы зор.
Ақша массасының құрамы сол елдiң несие-ақша жүйесiмен анықталады.
Ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.
Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Әрбiр мемлекеттiң өзiнiң ұлттық ақша жүйесi бар. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1993 жылы 15 қарашада ұлттық валютамыз теңгенің қолданысқа енуімен басталады.
1.2 Қазақстан Республикасында ақша реформасын жүргізудің алғышарттары

Қазақстан Республикасының егемендiгiн алғаннан кейiнгi жүргiзген ақша реформалары қайта құру жағдайында өндiрiстiң құлдырауымен бiрге айналыстағы ақша массасының өсуi қатар жүрдi. Тауарлар мен азық-түлiктер көбiне шетелден сатып алынды. Бұл үшiн қжеттi валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын алтынды сатудан түсiрдi: 1989 ж. – 300 т., 1990 ж. – 234 т. алтын сатылып кеттi.
КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы – рубль бiрiншi кезеңде, ТМД-ға кiрмейтiн елдердi қоса алғанда, тәуелсiз мемлекеттер аумағында айналыста жүре бердi. Әр түрлi себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердiң саяси тәуелсiздiкке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен экономиканың социалистiк директивтi үлгiсiнен нарыққа өтуi мүмкiн еместiгiне байланысты бiртұтас валютаны сақтау аумағы сәтсiз үзiлдi.
КСРО ыдыраған соң ақшаны дезинтеграциялау процесi өте күрделi жүргiзiлiп және бұрынғы кеңес мемлекеттерiнiң меншiктi ұлттық валюталарын енгiзiлуiмен аяқталды. КСРО республикаларының егемендiгi жариялағаннан кейiн барлық 15 ұлттық банктер бiр-бiрiне тәуелсiз түрде орталық банктер ролiн атқара бастады.
1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейiн Қазақстан ТМД-ның басқа мемлекеттерiмен бiрге “рубль аумағында” қала бердi. Бiрақ бұрынғы орталықтан басқарылып келген экономикалық жүйе ыдырап, рыноктық қатынастар орын ала бастауына байланысты экономика айналыста жүрген ақша массасы күннен-күнге өсiп, инфляция кең етек ала бастады. Осының салдарынан 1992 жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдiк купюралар шыға бастады. 1992 жылы маусым айында алғаш рет ресейлiк 5000 рубль, кейiннен 10000 және 50000 купюралары шығарылды.
1992 жылы бiрiншi жартысынан-ақ Қазақстан Республикасының жетекшiлерi ендiгi жерде рубльден күдер үзiп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған болатын.
Қазақстанда Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргізудің негізгі себебі – ақша белгісін тұрақтандыру, орын алған инфляциялық толқуды бәсендету және ұлттық жеке ақша бірлігін енгізу болып табылды.
Инфляция ақша жүйесiнiң дағдарыстық кезеңi болып табылады, яғни ол қоғамның дамуының тепе-теңдiгiнiң бұзылуына себепшi болады. Инфляция экономикалық құбылыс ретiнде Қазақстан Республикасының дамуында басты мәселелердiң бiрi болып келдi. Өйткенi елiмiздiң 1991 жылы өз егемендiгiн алуымен байланысты ұлттық экономикамыз бiрден дағдарысқа ұшырай бастады. Оның бiрден-бiр себебi бұрынғы орталықтан басқарылып келген экономикалық жүйе бұзылып, қатаң түрде реттелiп келген елдiң ақша айналысы жүйесiнiң тиiмсiздiгi дереу көрiнiп қалды. Сол кездегi айналыста жүрген Ресейлiк рубльдердiң құнсыздануы шапшаң болды. Олай болатын себебi, экономикада өндiрiлген өнiмдер мен қызмет көрсетулерден ақша массасы тым артық болып кеттi.
1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейiн Қазақстан ТМД-ның басқа мемлекеттерiмен бiрге “рубль аумағында” қала бердi. Бiрақ бұрынғы орталықтан басқарылып келген экономикалық жүйе ыдырап, рыноктық қатынастар орын ала бастауына байланысты экономика айналыста жүрген ақша массасы күннен-күнге өсiп, инфляция кең етек ала бастады. Осының салдарынан 1992 жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдiк купюралар шыға бастады. 1992 жылы маусым айында алғаш рет ресейлiк 5000 рубль, кейiннен 10000 және 50000 купюралары шығарылды. Алайда өндiрiстiң одан сайын құлдырауы, мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығының өсуi, жалпы экономиканың дағдарысқа үшырауы инфлицияны одан сайын үдеттi. Тiптi сол кездегi инфляция гиперинфляцияға айналды, нақтырақ айтсақ инфляция деңгейi 2000%-дан асып кеттi. Осыған байланысты бұрынғы 15 елдiң рыноктық қатынастарға өтуге бетбұрыс жасауы ортақ валютаны ұстап тұрудың тиiмсiз екендiгiн мойындады.
Елiмiзде инфляциялық дағдарыстың орны ерекше деп те атасақ болады. Өйткенi 1990 жылдан бастап өндiрiстiң құлдырауы, бұрынғы орталықтнған экономиканың ақшаны құнсыздануға жiбермей ұстап тұрған саясаты жойылып, экономика нарықтық қатынастарға бет алғанда қаржы саласы дереу дағдарысқа ұшырады. Өндiрiс пен инфлияцияның дағдарысқа ұшырауы әлеуметтiк саланың күрт құлдырауына алып келдi. Халықтың ……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!