Егіз сәбиді өмірге әкелген соң қайтыс болған жас ана өлімі: сараптама нәтижесі екі түрлі болып шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Атырау облысында егіз сәбиді өмірге әкелген соң қайтыс болған 25 жастағы Анаргүл Майлыбаеваның өліміне байланысты іс қайтадан сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Перинаталды орталықтағы ана өлімінің себебін енді Алматыдағы сот-сараптама институты анықтайтын болады. Айыпталушы тарап қорғаушыларының бұл ұсынысын судья да қолдады. 

Егіз сәбиді өмірге әкелген соң қайтыс болған жас ана өлімі: сараптама нәтижесі екі түрлі болып шықтыБұл туралы 31-арна хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Айта кетейік, осы қылмыстық істе бұған дейін де екі сараптама жасалған. Оның бірі ананың тромбоэмболиядан қайтыс болғанын анықтаса, мүрдені қайта тексергеннен кейінгі сараптама Анаргүл Майлыбаева сепсистен көз жұмды деген қорытынды шығарған. 

Бұл қайғылы жағдай Атырау облыстық перинаталдық  орталығында 2017 жылдың 5-шілдесінде болған. Жас ана өзінің туған күнінде егіз сәбиін кесір тілігі арқылы өмірге әкелген соң көз жұмған еді. 25 жастағы келіншектің артында 5 баласы қалды. Осы оқиғаға байланысты орталықтың төрт дәрігеріне қатысты қылмыстық кодекстің 317 бабының «медицина қызметкерлерінің өзінің қызметтік міндеттеріне адал қарамауы, тиісінше орындамауы салдарынан адамның өліміне абайсызда әкеп соғу» бөлімі бойынша айып тағылуда. 

«Сот осы қылмыстық іс бойынша бір-біріне қарама қайшы сот сараптамасы қорытындылары болуына байланысты қорғаушылардың қайталама кешенді сот-медициналық сараптамасын тағайындау туралы уәждерін незізді деп таниды»,- деген  үкім оқыды №2 қалалық сотының судьясы Гүлжиян Мутиева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.


 

stan.kz