Курстық жұмыс: Экономика | Қаржының функциялары
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. Қаржының экономикалық негіздері
1.1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
1.2 Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
2. Қаржының функциялары және рөлі
2.1 Қаржының бөлгіштік концепцияға сәйкес қызыметтері
2.2 Қаржының ұдайы өндірістік концепцияға сәйкес қызыметтері
2.3Қаржылардың нарықтық экономикадағы алатын орны
Қорытынды
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың financiе сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар-ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы «Республика туралы алты кітап» деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың («Афин республикасының кірістері туралы») алғашқы авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның «Афиннің мемлекеттік құрылысы» атты жұмысында баяндалған.
1. Қаржының экономикалық негіздері
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады.
Экономикалық заңдармен анықталатын қоғамдағы өндірістік қатынастар категориялар арқылы көрінеді. Экономикалық категориялар — бұл біркелкі экономикалық қатынастардың көрінісі, бұл қатынастар экономикалық өмірдің бір жағын сипаттайды және абстрактты, қорытынды түрде көрінеді; оларға баға, қаржы, сақтандыру, кредит, табыс (пайда) және т.б. жатады.
Қаржы, экономикалық категория ретінде, экономикалық заңдардың (құн заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарлау заңының, өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді.
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақша нысаны болатыңдығыңда. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты — қаржының маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін (жататынын) баса көрсетеді.
Экономикалық категориялардың өзара іс-қимылы туралы қаралған негізгі қағидалары оларды ұдайы өндірісті басқарудың практикасында, оны жүзеге асырудың барысын бақылауда және оның тиімділігін ынталандыруда пайдалануға келісілген, өзара үйлесілген тәсілдемені қажет етеді.
1.1. Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:
— әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
— кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
— өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады. Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта болды. Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
— егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа экономикалық категориялардан — кредиттен, жалақыдан және бағадан айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізі тауар өндірушілердің экономикалық оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады. Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы, олардың әр түрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әр түрлі шығындарымен өндіріледі. Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қажырлы еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере алатын айрықша механизмнің объективті қажеттігі туады.
Қаржы — ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі — оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен аңғартып отырады.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы — жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші стадияларында — бөлуде және айырбастауда болады. Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың қозғалысынан оқшауланады және оның шеттелуімен (бір иеленушілерден басқа иеленушілерге өтуімен) немесе құнның әр бөлігінің мақсатты оқшаулануымен (бір иеленушінің шеңберінде) сипатталады. Үшінші стадияда бөлінген құн (ақша нысанындағы) тауар нысанына айырбасталады. Бұл жерде құнның өзінің шеттетілуі болмайды. Сөйтіп, ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнның ақша нысанының бір жақты қозғалысының орны болады, ал үшінші стадияда құндардың екі жақты қозғалысы болады, оның бірі ақша нысанында, ал басқасы тауар нысанында болады.
Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін дәлелдейді. Бөлінген құн (ақша нысанында) тауар нысанымен айырбасталатын, яғни сатып алу — сату актілері жасалатын айырбастауда да қаржыға орын жоқ. Ұдайы өндіріс процесінің құн стадиясында тек баға құралын қажет ететін өнбойы жасалатын айырбас операциялары болып жататындықтан, мұнда басқа экономикалық категорияның механизмі — баға жұмыс істейді.
Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымға түседі, ал бір бөлігі тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар мен субъектілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын, олардың басқа экономикалық қатынастармен өзара іс-әрекетін шарттастырады және олардың экономиканың тиімділігіне, оның үдемелі дамуына, қоғамдық-әлеуметтік процестерге әсерін зерделеуге ғылыми көзқарасты талап етеді.
Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі — өндірістік қатынастарға кіреді (1.2 сызбаны қараңыз). Бұдан қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі, яғни олар базистік әрі негізгі қатынастар болып табылады деуге болады.
1.2 сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)
Қатынастардың иерархиялық субординациясын ескере отырып, «жалпыдан — жекеге» қағидаты бойынша олардың мынадай дәйекті қатарын жасауға болады: жалпы қоғамдық қатынастар, өндірістік қатынастар, ақша қатынастары және қаржы қатынастары (салық, бюджет, мемлекеттік кредит, сыртқы экономикалық қатынастар және т.б.)
Әр түрлі қоғамдық-саяси құрылымы бар осы заманғы мемлекеттерде қаржымен қатар басқа экономикалық категориялар да — ақша, табыс (пайда*), өзіндік құн және басқалары пайдаланылады. Олардың әрқайсысы өзінің функцияларын (тауардың құнын немесе бағасын білдіру, айналыс құралы, еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемін анықтау, өндірісті ынталандыру, кәсіпорындар қызметінің нәтижелерін бағалау) орындайды, оларда қоғам дамуындағы бұл категориялардың мәні мен маңызы көрінеді. Қаржының олардың барлығынан өзінің айрықшалықты белгілері бойынша айырмашылығы бар.
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені бұл белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.
Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.
Ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалады. Әдістер, қаржы қатынастарындағы іс-қимылдың амалдары ретінде директивалық, яғни қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарына ақша ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттігімен байланысты болады.
Ақша экономикалық өмірде, әдеттегідей, баламалы, яғни тауар және ақша нысандарындағы құнның тең (бірдей) қозғалысы негізінде пайдаланылады. Баламалылық белгісі басқа экономикалық категориялардың — бағаның, еңбекақының, кредиттің іс-әрекетіне тән. Ақша қорларының бүкіл ақша қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшелігі сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының негізіңде жасалады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшелікпен (салықтар, табыстан (пайдадан) аударылатын аударымдар, шығыстарды қаржыландыру, субвенциялар және т.б.), яғни баламасыздықпен сипатталады. Салалық қаржыларда қорлардағы ақшаның ішкішаруашылықтық мақсатты оқшаулануының ұқсас қағидаты қолданылады.
Қаржының жұмыс істеуінің шарты — ақшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қызметін қамтамасыз ететін олардың ресурстарға қажеттілігі болып табылады.
Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды. Мұндай қозғалыстың шарты тауар-ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады.
Қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмі арқылы барлық жағдайға ықпал етудің кең мүмкіндіктерін пайдалана алмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі функцияларын қамтамасыз ете алмайды.
Мемлекет, дәстүрлі функциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің қарамағына қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары — мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы (Қазақстан бойынша) бөлінеді. Мемлекет қаржысының көмегімен салалық және аумақтық аспектілерде қоғамдық өндірістің ауқымы реттелінеді, басқа қоғамдық қажеттіліктер қанағаттандырылады.
1.2 Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың әрқайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше, тек өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды. Бұл ақша категориялары ұдайы өндіріс цикліның басқа стадияларындағыдай сонымен бірге бөлгіштік процеске де қатысады. Алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында қатысу дәрежесі әр түрлі. Аталған категориялардың әрқайсысы тек оған тән әдістермен және тәсілдермен қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлудің біркелкі процесіне қатыса отырып, бөлгіштік және басқа ұдайыөндірістік қатынастардың жүйесінде өзінің ерекше орнын алады.
Баға — жұртқа мәлім, тауар құнының ақшалай тұлғалануы. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттай нысанынан ақша нысанына көшуін және сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде керінеді. Ұлттық табыс бөлінгенге дейін және қайта бөлінгенге дейін тауар сатылуы тиіс. Баға өнім иесіне оны өткізуден түсетін ақшаның мөлшерін алдын ала анықтайды және одан әрі бөлінетін процестің алғашқы негізі болып саналады. Бөлініс процесінде еңбектің қоғамдық қажетті шығындарымен анықталатын құннан бағаның ауытқуы пайда болуы мүмкін, мұның нәтижесінде бірқатар өндірушілерде кеп құн, басқаларында аз құн өткізіледі. Мұндай жағдайда қайта бөлгіштік процеске өзінің әдістерімен қаржы араласады: ол құнның бір бөлігін (мысалы, акциздердің, экспортқа немесе импортқа салынатын салықтардың, кеден баждарының көмегімен) алады немесе құнның кем алынған бөлігін субвенциялар, бюджеттік немесе салалық қаржыландыру жолымен алып береді. Бағаның құннан ауытқуын мемлекет бағалардың саясатын жүргізгенде реттелетін бағалар, әлеуметтік тұрғыдағы төмен бағалар, жоғары сұраныммен анықталатын баға — монополиялық бағаларды әдейі белгілей алатынын есте ұстаған жөн. Нарық жағдайында тауарлардың, қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы қалыптастыратын еркін бағалар басым болады.
Қаржы бағамен негізі қаланған үйлесімдерді нақтылайды. Қаржылық бөлудің бағамен бөлуден айырмашылығы сол, бағамен бөлудің объектісі жалпы қоғамдық өнімнің тек бір бөлігінің болатындығы (бағаның құнан ауытқу бөлігі). Бағамен бөлуге қатысты қаржылық бөлу қайталама болып табылады. Бағамен бөлу үлестірім бетінде байқалынбайды, ол түсім-ақшаның жалпы массасында жасырылған, ал қаржылық бөлу анық көрініп тұрады. Бағамен бөлу тек бөлініспен, ал қаржылық бөлу бөлініспен және қайта бөлініспен сипатталады.
Баға амортизациялық аударымдардың көлемін анықтауда ерекше рөл атқарады. Өндіріс құралдарының бастапқы және қолданыстағы бағаларының арасындағы алшақтық амортизациялық қордағы елеулі ауытқуларға себепші болады. Өндіріске кепілдікке салынған (баламасыз сатып алуға қарай), құнның бағалық бұрмалануы баламасыз сату кезінде күшейеді және бөлу мен тұтыну стадияларындағы қайта бөлгіштік қатынастардың көбеюін тудырады.
Ұлттық табысты бөлудің нәтижесі болып табылатын еңбекке ақы төлеумен өзара әрекеттесе отырып, қаржы оны салықтар, қарыздар және ақша ресурстарын жалпымемлекеттік қорға қаражаттарды жұмылдырудың басқа әдістері, зейнетақы, сақтандыру қорына төленетін жарналар арқылы ішінара қайта бөлуді қамтамасыз етеді.
Барлық жағдайда экономикалық категория ретіндегі еңбекке ақы төлеу жасалған өнімдегі әрбір қызметкердің үлесінің сәйкестігін, яғни қызметкердің бөлудегі қатысу шегін анықтайды, ал қаржы жалақы қорын немесе еңбекке ақы төлеу жөніндегі қорды қалыптастырады.
Жалақы мен қаржының іс-әрекет етуінің айырмашылығы:
1. қаржылық бөлудің шекарасы анағұрлым кең; жалақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысты;
2. қаржы құнның біржақты қозғалысына қатысады, ал жалақы оның ыңғайласпа қозғалысына — еңбек құнына және оның ақшалай өтемақысына қатысты.
Жалақы көмегімен v толық және m ішінара бөлінеді, қаржының көмегімен қорлардың жиынтығы, ал жалақының көмегімен жалақы қоры мен сыйлықақы қоры қалыптасады. Олар еңбекке ақы төлеу қорын құрайды. Жалақы — салық төлеудің негізі. Жалақының көзі қаржы ресурстары болып табылады, ал жалақы қоры оны үнемдеу кезінде өзі қаржы ресурстарының көзі бола бастайды. Сонымен бірге қарастырылып отырған категориялардың іс-қимыл сфералары мен іс-қимыл уәждері айтарлықтай ажыратылады. Қаржының іс-қимылы еңбекке ақы төлеуге қарағанда кеңірек, өйткені қаржы бүкіл қоғамдық өнімді, ал еңбекке ақы төлеу тек қажетті өнімді және қосымша өнімнің бір бөлігін бөледі. Еңбекке ақы төлеу өндірістің аса маңызды факторларының бірі — жұмыс кушінің іс-қимылымен байланысты, жұмсалынған еңбектің өтем-ақысының құралы қызметін атқарады, ал қаржы, бұдан басқа, өндіріс құралдарымен олардың тікелей қалыптасуы арқылы байланысты. Еңбекке ақы төлеу оның өнімділігін ынталандырады, ал қаржы қаржы механизмі арқылы оның дамуын жандандыра отырып, бүкіл қоғамдық өнімге ықпал етеді.
Банктердің ресурстары қайта бөлу стадиясында қалыптасатыны белгілі, яғни кредит бұрын бөлінген құнды бөледі. Кредит қаржы ресурстарын толықтырады және ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесіне мүмкіндік туғызады. Кредиттің көмегімен қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың (үй шаруашылығының) арасында қайта бөлінеді. Қаржы мен кредиттің арасында көптеген ортақ белгілер бар, бірақ негізгі белгі өндірістік қорлардың (капиталдардың) толық айналымында екі категорияны кеңінен пайдалану болып табылады. Екі категория да қоғамдық шаруашылықта қаражаттардың қалыпты, үздіксіз ауыспалы айналымы үшін жағдайлар жасауға бейімделген. Бұл категориялардың материалдық сферадағы кешенді ықпал жасауының объектілері өндірістік капитал болып келеді. Қаржы және кердит күрделі жұмсалымдар мен айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздері болып табылады. Бірге үйлесе отырып, олар кәсіпорындардың ақша қорларының айналымын ұлғаймалы негізде қамтамасыз етеді. Қаржылық әдіспен әдетте шаруашылық органдардың ақшаға деген тұрақты қажеттіліктері, несиелік әдіспен олардың уақытша мұқтаждары қанағаттандырылады. Келешекте күрделі жұмсалымдардың көзі ретінде кредит ресурстарының рөлі артатын болады.
Қаржы және сақтандырудың өзара байланысы мен өзара іс-қимылы да өте шектеулі; бұл мәселелер 18 тарауда толық қаралған.
Қаржы есеп-қисаптармен және есеп айырысу жүйесімен өте тығыз байланысты, өйткені олардың іс-әрекет етуі жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуға негізделген. Есеп-қисаптар экономикалық категориялар емес, олар — аталған категорияларды іске асырудың құралы. Бұл жерде ақшаның айналыс құралы және төлем құралы ретіндегі функциясы пайдаланылады. Қаржылық операциялардың уақтылы жасалуы, мақсатты қорлардың қалыптасуы, қаржы ресурстарының қажетті бағыттар бойынша кедергісіз қозғалуы есеп-қисаптардың айқындығына, жолға қойылғандығына байланысты болып келеді. Ақшалай есеп-қисаптар коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыруды жүзеге асырудың маңызды буыны болып табылады. Олардың қалыпты жұмыс істеуі ұдайы өндіріс пен құндық экономикалық категориялардың — бағаның, қаржының, кредиттің, еңбекке ақы төлеудің іс-қимылының өте қажетті шарты болып табылады.
2. Қаржының функциялары және рөлі
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен….