Пневматикалық көлік | Скачать Курстық жұмыс
Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … .4
… … … … … … … … .. … … … …
Негізгі 5
бөлім … … … … … … … . … … … … … … … … … .
… … … … … … … … .. …
Технологиялық 5
бөлім … … … … … … … . … … … … … … … … … .
… … … … ..
1.1 Көлік құралдарының 5
жіктелуі … … … … … … .. … … … … … … … … … .
… ..
Конструкторлық 7
бөлім … … … … … … … . … … … … … … … … … .
… … … …
Пневматикалық көлік қондырғыларының 7
құрылысы … … … … … … .. … … .
2.1 Пневмоконтейнерлiк көлiк және пневматикалық көлiк
құрылғылары … … … … … … … … … … … … … … … .7
… … … … … … … … .. … … ..
2.2 Пневматикалық көлік қондырғыларын автоматтандыру және
пневматикалық почта 9
қызметі … … … … … … … … … … … … … … … … .
… … …
Есептеу 12
бөлімі … … … … … … … … … … … … … … … … .
… … … … … … … .
3.1 Жүктің жеке бөліктерінің массасының 12
катынасы … … … … … … .. … … ..
Еңбек қорғау және қауіпсіздік ережелері 15
бөлімі … … … … … … … … … 15
4.1. Қазақстан Республикасының Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау туралы
заңы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … …
Қорытынды … … … … … … . … … … … … … … … … .19
… … … … … … … … .. … … …
Пайдаланылған әдебиеттер 20
тізімі … … … … … … … … … … … … … … … … .
… .
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Пневматикалық көлік – бұл сеппелі және
жекеленген жүктерді ауа немесе газ арқылы тасымалдауға арналған
орналастырылымдар және жүйелердің жинақтылығы, өндірістік көліктің бір
түрі. Пневматикалық көлікті орналастыру құбыр арқылы тасымалданатын
материалдармен бірге немесе құбырдығы қысымға байланысты соратын,
нагнетательный, қиыстырылған болып келеді.
Басқа көлік түрлерімен салыстырғанда пневматикалық көліктің мынадай
артықшылықтары бар:
— көлік жүйесінің герметикалық, оларды әртүрлі өндірістік шарттарды
орындауға үйрету және пневматикалық орналастырулардың жұмысын
автоматтандыру;
— материалдарды тасымалдау кезінде пневматикалық орналастыруларды
оларды кептіруге, жылытуға және салқындатуда қолдану;
— өндірістік конфигурацияда құбырларды монтаждау.
Пневматикалық көліктің кемшілігі: жоғарғы салыстырмалы энергия
шығындары және үлкен металл сыйымдылығы.
Көлiк өнеркәсiптiк кәсiпорындардағы өндiрiстiк процесстiң бас және ең
маңызды буындарының бiрi болып табылады.
Сырттан өнеркәсiптiк кәсiпорындарда iшiнде де өнеркәсiп көлігімен
жүктер тасиды және олар келесідей жіктеледі:
— сыртқы көлiк;
— iшкi көлiк.
Өнеркәсіптік көлiктiң арнайы түрлеріне төмендегілер жатады:
— конвейер көлiгi;
— арқан жолдар;
— монорельстi жолдар;
— пневмоконтейнерлiк көлiк;
— пневматикалық көлiк;
— гидравликалық көлiк.
Курс жұмысының мақсаты мен міндеттері. Басқаруды орталықтандырудың
маңыздылығын атап өту. Басқару жүйесінің негізгі теориялық жағдайларын атап
өту. Осы жұмыстың конструкторлық бөлімінде электрлік орталықтандыру
жүйелерінің тағайындалуына және диспетчерлік орталықтандыруды басқару
аппаратурасы жүйесіне ерекше тоқталатын болмамыз.
Қурс жұмысының құрылымы – курс жұмысы кіріспе бөлімінен, негізгі
бөлімнен, оның ішінде технологиялық, конструкторлық, есептеу және еңбекті
қорғау, сонымен қатар қауіпсіздік ережелері бөлімінен тұрады. Содан соң
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі – 25
бетті құрайды.
I. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Көлік құралдарының жіктелуі
Тасымалдау машиналары мен жабдықтарына қойылатын талаптар мен
пайдаланудың ерекше шарттарының алуан түрлілігіне байланысты шахталарда
көптеген алуан түрлі көлік құралдарын қолдану қажеттілігі туындайды. Олар
әсер ету принципі, тасымалдау тәсілі, тартқыштық және жүк алып жүруші
элементі, тұтынатын энергия түрі, конструкциясы және басқа белгілері
бойынша бір-бірінен өзгешеленеді.
Тасымалдау құралдары әсер ету принципі бойынша үзіліссіз және үзілісті
әсер етуші қондырғыларға бөлінеді. Үзіліссіз әсер етуші қондырғылар бір
трассада жүріп келе жатып тиеліп және жүгін түсіріп жүкті үздіксіз ағыммен
тасымалдап отырады. Оларға конвейерлер, пневмо және гидрокөлік
қондырғылары, тұйық тартқыш сым арқаны бар қондырғылар, гравитациялық
көліктер және басқалары жатады. Үзілісті әсер етуші қондырғылар жүкті жеке
партиямен немесе мөлшермен, тиелу және түсіру кезінде тоқтап немесе жүрісін
баяулатып белгілі бір интервалмен тасымалдап отырады. Оларға локомотивті
көліктер, ысырмалар, ұшты сым арқанды қондырғылар және басқалары жатады.
Тасымалдау тәсілі бойынша былай бөлінеді: жүкті сүйретіп
тасымалдайтын қондырғылар (ысырмалы конвейерлер, ысырмалар және
басқалары); сырғанатып тасымалдайтын (гравитациялық қондырғылар);
ырғытып тасымалдайтын (дірілді конвейерлер); жүкті алып жүруші
элементтермен тасымалдайтын (таспалы конвейерлер, вагоншалар және т.б.);
ауалық (пневмокөлік) және сулық (гидрокөлік) ортамен тасымалдайтын
қондырғылар.
Тартқыш элементтерінің түрі бойынша көлік құралдары тартқыш шынжырлары
бар (ысырмалы конвейерлер, элеваторлар, итергіштер және басқалары),
таспалары бар (таспалы конвейерлер, элеваторлар және басқалары), сым
арқандары бар (ұшсыз сым арқанды және ұшты сым арқанды, сым арқанмен
тартылатын моно рельсті жолдар, сым арқанды – аспалыжолдар және басқалары),
доңғалақтары бар (локомотивтер, өздігінен жүретін вагондар,
тиептасымалдаушы машиналар және басқалары), сол сияқты тартқыш элементтері
жоқ (тербелісті және дірілді конвейерлер, түсіргіштер, гидро — және
пневмокөлік қондырғылары, гравитациялық көлік қондырғылары) қондырғыларға
бөлінеді.
Жүк алып жүруші элементтерінің типі бойынша жылжымалы жүк алып жүруші
элементтері бар қондырғыларға (вагоншалар, таспалы және тақташалы
конвейерлер, шөмішті элеваторлар және басқалары), тербелмелі қондырғыларға
(тербелісті және дірілді конвейерлер және басқалары), қозғалмайтын
науа, құбыр, төсеніштер түріндегі қондырғыларға (ысырмалы және бұрандалы
конвейерлер, гравитациялық, гидро және пневмокөліктер және басқалары)
бөлінеді.
Тұтынатын энергия түрі мен жетек түрі бойынша электрлі, пневматикалық
гидравликалық, дизельді және гравитациялық тасымалдау қондырғыларына
бөлінеді. Бір орында қозғалмай жұмыс істеу ұзақтығы бойынша көлік
қондырғылары былай бөлінеді: стационарлы -1,5 жылдан көп (таспалы
конвейерлер, гидрокөліктер, сым арқанды қондырғылар, тиеуші орындағы
жабдықтар, күрделі қазбаларда жұмыс істейтін басқа тасымалдау жабдықтары);
жартылай стационарлы – 1,5 жылға дейін (забой маңындағы қазбаларда жұмыс
істейтін телескоптық және басқа конвейерлер, сол сияқты забойдың жылжу
шамасына байланысты қысқартылып немесе ұзартылып отыратын моно рельсті
жолдар және басқалары); көшпелі – 15 тәулікке дейін (қайта тиегіштер,
забойлық конвейерлер және басқалары); өзі жүретін – жүкпен бірге қозғалып
отыратын (локомотивтер, өздігінен жүретін вагондар және басқалары)
қондырғылар.
Қосалқы тасымалдау жабдықтарына түсіргіштер, қақпақтар, тиегіштер,
қайта тиегіштер, түсіруші жабдықтар, биіктікті теңгермелеушілер, жолдық
тоқтатқыштар, тежеуіштер және басқалары жатады.
Тасымалдаушы машиналарға тиеуші, тиеп-тасымалдаушы және толтырмалаушы
машиналар жатады.
Көлік құралдары мен қосалқы жабдық түрлерінің әрқайсысының әртүрлі
пайдалану жағдайларына байланысты алуан түрлі конструкциялық түрлері мен
типтік өлшемдері болады.
Әсер ету принципі бойынша жіктелу көлік құралдарының өнімділігін
есептеу кезінде, тартқыштық және жүк алып жүруші элементтерінің түрі
бойынша жіктелу – олардың әсер ету теориясын оқып үйрену кезінде, жүкті
жылжыту тәсілі бойынша жіктелу – тасымалдау процесстерін оқып үйрену
кезінде, конструкциялық белгілері бойынша жіктелу – тасымалдау машиналары
мен қондырғыларының конструкциясын оқып үйрену кезінде, бір орында жұмыс
істеу ұзақтығы бойынша жіктелу – берілген пайдалану жағдайларында
қолданылатын көлік құралдарын таңдау кезінде пайдаланылады.
II. КОНСТРУКТОРЛЫҚ БӨЛІМ
Пневматикалық көлік қондырғыларының құрылысы
2.1 Пневмоконтейнерлiк көлiк және пневматикалық көлiк құрылғылары
Жүктерді құбыр арқылы пневмоконтейнерлік тасымалдау жүйелері (1-
сурет) өнеркәсіптік тасымалдаудың жаңа түрі болып табылады.
Негізіне құбыр бойынша жүктелген цилиндр контейнерлердің пневмо-
поршеньдік қозғалысы салынған. Құбырға ауаны айдау олардың қозғалысын
қамтамасыз етеді. Контейнерлерді немесе олардан қалыптасқан құрамаларды
кедергіні азайту үшін жүрісті доңғалақтармен және ауа кемуін төмендететін
көлденең шеңберлі тығыздағыштармен жабдықтайды.
1- сурет. Пневмоконтейнерлiк көлiк
ТПТ жүйелерінде диаметрі 200-1200мм болат құбырларды пайдаланады.
Жылдық жүк тасымалы 0,1-5 млн т жүк ағындары және тиеу және түсіру
пункттерінің басым түрде стационарлық орналасуы жағдайында 30-50км
қашықтыққа дейінгі жүктерді тасымалдау үшін ТПТ-ң қолданылуын болжайды.
Көліктің осы түрінің қолданылуы жөніндегі шешім келешек қолданыстың
айрықша шарттарын ескере отырып, техникалық-экономикалық салыстыру
нәтижесінде қолданылуы тиіс.
Кішігірім жүк ағындары және тасымалдаудың қысқа қашықтығы
жағдайларында бір құбырлы ТПК-ны пайдаланған қолайлы. Себебі, диаметрі 1200
мм жол құбыры үшін бір құбырлы желі жылдық көлем 1 млн тоннаға дейін және
10 км-ге дейінгі қашықтықта пайдаланылады.
Көлік жұмысының үлкен көлемі кезінде екі құбырлы ТПК-ды пайдалану
қажет.
Пневмоконтейнерлік жүйелердің кеңінен қолданылауы оның келесідей
негізгі артықшылықтарымен қарастырылған:
− тасымалданатын материалдың максималды сақталуы;
− қысқа технологиялық маршрут бойынша материалды тасымалдау;
− сызықтық көліктік құбырды салу қарапайымдылығы;
− инженерлік коммуникациялардың үлкен шоғырлануы жағдайларында
құбырларды салу мүмкіндігі;
− тиеу-түсіру жұмыстарының және көліктің оталардың толық
автоматтандырылуы.
Пневматикалық көлік (2-сурет) өнеркәсіптің әр түрлі салаларында:
құрылыста, жүкті түсіру жұмыстарында ауыл шаруашылығында кеңінен
қолданылады. Пневматикалық қондырғыларда жүк ауа ағынында құбыр бойынша
қозғалады, бұл айдаушы қондырғылардың көмегімен вакуумды айдау немесе
құруының арқасында оның басында және соңында қысымдарының салдарында
болады.
Пневматикалық көлікті қондырғыларды жұмыс істеу принципі бойынша
сорғыш, айдаушы және аралас деп бөледі.
Пневматикалық көлікті шаң тәріздес, дәнді және ұсақ бөлшекті
жүктердің алыс қашықтыққа тасымалында пайдаланған қолайлы (көмір шаңы,
цемент, топырақ, күл, жоңқа және т.б.).
2-сурет. Пневматикалық көлік
Айдаушы жүйелердегі ауа үрлеуші қондырғы ретінде компрессорларды, ауа
үрлегіштерді және желдеткіштерді, ал вакумдықтарда (сорғыштарда) — вакуум
сорғылар мен желдеткіштерді пайдаланады. Пневматикалық қондырғылардың
өнімділігі — бірнеше ондыққа тең, жиі ол 100тсағ және одан да көп, ал
тасымалдау қашықтығы — ондаған метр, кейде бірнеше жүздеген метр, ал жеке
жағдайларда — 2км-ге дейін және одан да артық.
Сорғыш қондырғы бойынша (3, а — сурет) жүк сорғыш қондырма 1арқылы
жұмыс құбырына 2 кіріп, бөліп тұрушы қабылдау қоймасына 3 дейін орын
ауыстырады. Осы жерден жүк бірден жылдамдықты жоғалтудың себебінен ауа
ағынынан түседі. Құрамында ұсақ шаңы бар ауа, құбыр 4 арқылы сүзгіге
(шаңаулағышқа) 8 түседі, бұл жерден таза ауа құбыр 5 арқылы вакуум-сорғыға
6 түсіп, және ауа шығарушы құбыр 7 арқылы атмосфераға шығады, ал жүк
шлюздік бекітпелер 9,10 арқылы (ұяшықты айналатын барабандар түрінде)
жекеленіп шаңаулағыштан көлік құралдарына 11 түсіріледі.
3-сурет. Пневматикалық көліктің сызбасы
Орта қысымды айдау қондырғыларында (3, б-сурет) жүк шнектің көмегімен
мәжбүрлі түрде камералық қоректендірушіге 1 түседі, осы жерден қысылған
ауамен араласып, құбыр 2 арқылы бөліп тұрушыға 3 түседі, бұл жерде жүк
бастықтырылады, ал ауа сүзгі 4 арқылы атмосфреаға шығады.
Жоғарғы қысымды айдау қондырғыларында (3, в-сурет) компрессордан
қысылған ауа ресивер, май бөлуші және су бөлуші арқылы камералық
қоректендірушіге 2 түседі, осы жерден жүк ауа ағынына түсіп, құбыр 5
бойымен және ауыстырып-қосқыштардың 4 көмегімен қабылдау қондырғыларының 6
біреуіне түседі, ал ауа сүзгі 7 арқылы атмосфераға шығады. Жүкті ауамен
жақсы араластыру үшін қоректендірушінің түбінде плиталар 1 салынады, сол
арқылы ауа еніп, жүкті аэрациялайды. Қоректендірушідегі ауа деңгейі
толықтыру датчик-сигнал бергішімен 3 анықталады.
Жүкті бірнеше нүктеден алып, айтарлықтай қашықтыққа орналастыру қажет
болған жағдайда, аралас пневматикалық қондырғыларды қолданады. Мұндай
қондырғыларда жүк (3, г-сурет) шүмек арқылы құбырға 1 өтеді, аралық
бөлімінде бөлгіштен 4 және шаңаулағыштан 5 өте отырып, шлюздік бекітпе 3
арқылы, айдау құбырына 6 беріледі. Аралық бөлімде орналасқан ауа үрлеуіші 2
бірмезгілде ауаны құбырдан сорып, құбырға қарай айдайды. Айдау тармағынан
жүгі бар ауа қоспасы тура жабық қоймаға лақтырылады немесе өзінің
түсіргішіне 7 жіберіледі. Бұл сызба тасымалдау құбырын қондырғының екі
жағынан да тармақтауға мүмкіндік береді.
Пневматикалық көліктің негізгі артықшылықтарына келесілер жатады:
− жүйенің герметикалығы;
− орын ауыстырушы жүктің кемуінің болмауы;
− жүктің қоршаған ортаның әсерінен сақталуы;
− жүкті күрделі трасса бойымен тасымалдау мүмкіндігі;
− қисық сызықты аймақтарды үйлестіру ыңғайлығы;
− қызмет көрсету оңайлылығы және қызметкерлерге қызмет көрсетуге
қауіпсіз жағдайлар ұйымдастыру мүмкіндігі;
− кейбір технологиялық үрдістермен тасымалдауды үйлестіру мүмкіндігі.
2.2 Пневматикалық көлік қондырғыларын автоматтандыру және пневматикалық
почта қызметі.
Автоматтандыру — техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны,
материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу (тасымалдау), пайдалану
процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық-
материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. Онда:
− технологиялық, энергетикалық, көліктік, өндірістік процестер;
− күрделі агрегаттарды, кемелерді, өндірістік құрылыстармен
кешендерді жобалау;
− цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді
ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
− ғылыми зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау,
статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау,
инженерлік есептеу т.б. автоматтандырылады.
Автоматтандырудың мақсаты — еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру,
жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстан
адамды босату. Автоматтандыру ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты
саналады.
Автоматтандыру— адамды материалдар, энергия және ақпарат қабылдау,
жеткізу, сақтау, өңдеу және пайдалану процестеріне тікелей араласудан толық
немесе жартылай босату үшін техникалық, программалық және баска құралдар
мен әдістер кешенін пайдалану процесі.
Автоматтандыру — энергияны, материал мен ақпарат түрлерін өндіру,
тасымалдау және пайдалану үрдісінде адамның тікелей қатысуын толығынан
немесе жартылай босатып, оның орнына басқару жүйесін, экономика-
математикалық әдістер мен техникалық құралдарды қолдану.
Пневматикалық почта (грек сөзі, pneumatikós – әуе ) әртүрлі құжаттар
мен ұсақ заттарды су ағынымен тасымалдауды жүзеге асыратын пневматикалық
көлік түрі. Пневматикалық почта құжаттарды кәсіпорындарға, библиотекаларға,
банктерге және т.б. мекемелерге, ауру тарихын және дәрілерді ауруханаларға,
өндірістік кәсіпорындарға экспресс-лабороториялар үшін бөлшектерді,
құралдарды, т.б. тасымалдауда қолданылады. 100м ұзындықтағы құбыр ең
алғашқы пневматикалық почта 1853ж. Лондон телеграфында салынды.
Пневматикалық почтаның негізгі орналастыру элементтері: құбырлар,
көліктік контейнерлер, қабылдау-жіберу құрылғысы және суүрлегіш.
Ішкі пневматикалық почта ғимарат сыртында функцияланады, ал сыртқысы
кәсіпорынды қала мекемелерімен байланыстырады. Ішкі пневматикалық
почтанының құбырлары 50-120мм диаметрлі болады. Олардың жалпы ұзындығы
бірнеше жүздеген метрге жетеді. Құбыр кривизнасының кіші радиусы 1м. Құбыр
материалы – латунь, дюраллюминий, темір. Сыртқы пневматикалық почта
орналастыруларында, ереже бойынша, темір, плассмасса және асбестті-цементті
диаметрі 65-1000мм құбырлар қолданылады. Олардың станциялар арасындағы
ұзындығы бірнеше км-ға жетсе, жалпы ұзындықтары бірнеше жұздеген км-ге
жетеді (мысалы, Парижде – 600км).
Пневматикалық почта станцияларын өзара байланыстыру үшін сызықты,
радиандық және сақиналақ сызба қолданылынады. Аз жүкті тасымалдауда бірнеше
станциялар бір құбырмен байланысады – екі жақты сызықты. Бұл қозғалыс
сызығында тек 1 патрон болады (1-сурет):
4– сурет. Құбырдың иілуіндегі патрон:
1 — құбыр; 2 — гильза; 3 — уплотнительное сақина.
5 – сурет. Қарапайым жіберу құрылғысы:
1 — құбыр; 2 — тірек; 3 — құбырдағы бойлай ойық; 4 — қозғалмалы гильза.
6 – сурет. Пневматикалық почта станцияларын байланыстыру схемасы:
а — бір құбырлы реверсиік сызық; б — екіқұбырлы сызықты; в — тарамдалған; г
— айналма; 1 — ауа үрлейтін; 2 — станция.
7 – сурет. Қабылдау құрылғысының тілі:
1 — бағыт; 2 — қабылдау құрылғысы.
3 – сурет. Пневматикалық почтаның реверсивті бір құбырлы құрылғысы қабылдап
– жідеру станциясы
1 — патрон; 2 — герметикалы корпус; 3 — құбыр; 4 — сына(клин); 5 —
электромагнит орамасы.
Екіқұбырлы сызық бірнеше патрондардың екі бағытта тәуелсіз қозғалуына
мүмкіндік береді. Ал сақиналық сызбада патрондар келген станцияда қайта
жүктелмей-ақ тасымалданады.
III. Есептеу бөлімі
3.1 Жүктің жеке бөліктерінің массасының катынасы
Көлiк машиналарын бiр бiрімен топқа бөлуге немесе бiрнеше белгiлеріне
қарай топтастыруға болады. Есептеу әдiсiнiң ортақтық және бiртектiлiгі ең
маңызды жіктеу белгiлерінің конструкциялары және көлiк машиналары есептеу
әдiстерiнiң зерттеуiнде болады.
Жобалау және көлiктiң арнайы түрлерiн пайдалану негізінде талаптар
кешенiн төмендегідей … жалғасы