Асқар Мамин «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесін басқаратын болды
Директорлар құрамынан Бақытжан Сағынтаев, Тимур Сүлейменов шығарылды.
ҚР Үкіметінің қаулысымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.
«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин басқарды. Сонымен қатар, Қордың Директорлар кеңесінің құрамына ҚР ұлттық экономика министрі Р.Дәленов кірді.
Директорлар кеңесінің құрамынан Б.Сағынтаев, Т.Сүлейменов шығарылды.
2019 жылдың 25 ақпанында Асқар Мамин ҚР премьер-министрі болып тағайындалды.
5 наурызда ол «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz